User's Guide

Кесте 2-7 Арнайы пернелер және олардың сипаттамалары (жалғасы)
Бөлік Сипаттама
Компьютер ұйқы күйінде болғанда, ұйқы күйінен (тек
таңдаулы өнімдерде) шығу үшін түймені тез басып
қалыңыз.
Компьютер күту күйінде болған кезде, күту күйінен
шығу үшін түймені тез басып қалыңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Қуат түймесін басып тұрғанда,
сақталмаған ақпарат жойылады.
Компьютер жауап беруді тоқтатып, өшіру процедуралары
көмектеспесе, компьютерді өшіру үшін қуат түймесін кем
дегенде 10 секунд басып ұстап тұрыңыз.
Қуат параметрлері туралы ақпаратты қуат опцияларынан
қараңыз:
Питание (Қуат) белгішесін тінтуірдің оң жақ
түймешігімен басып, Электропитание (Қуат
параметрлері) тармағын таңдаңыз.
(8) num lock пернесі Кірістірілген сандық пернетақтада жылжу функциясын және
сандар функциясын атқарады.
(9) Кірістірілген сандық пернетақта Әріптік пернетақтаның оң жағында орналасқан бөлек
пернетақта. num lock пернесі басылған кезде, пернетақтаны
сыртқы сандар пернетақтасы ретінде қолдануға болады.
ЕСКЕРТПЕ: Өшірілген компьютерде белсенді болып тұрған
пернетақта функциясы компьютер қайта қосылғанда
қалпына келеді.
Әрекет пернелері
Әрекет пернелері жиі қолданылатын жүйе функцияларын f1 мен f12 арасындағы функциялық
пернелердің үстіндегі белгіше белгілері көрсеткендей орындайды. Функциялық пернелер
компьютерге байланысты өзгеше болады.
Әрекет пернесін пайдалану үшін оны басып ұстап тұрыңыз.
Кесте
2-8 Әрекет пернелері және олардың сипаттамалары
Белгіше Сипаттама
«Windows 10 жүйесінде анықтама алу әдісі» веб-бетін ашады.
Бұл пернені басып тұрғанда, экран жарықтығы қадам бойынша төмендетіледі.
Бұл пернені басып тұрғанда, экран жарықтығы біртіндеп артады.
Пернетақтаның артқы жарықтандыру функциясын өшіреді немесе қосады. Таңдаулы өнімдерде
пернетақтаны жарықтандыру жарықтығын реттеуге болады. Пернені қайта басу арқылы жарықтық
деңгейі жоғары (компьютерді бірінші рет бастаған кезде жанады), төмен, өшірулі болып реттеледі.
Пернетақтаның артқы жарық параметрі реттелгеннен кейін, компьютерді іске қосқан сайын, артқы
жарық опциясы алдыңғы параметрге қайтарылады. Компьютер 30 секунд әрекетсіз тұрса,
14 2-тарау Компьютермен танысу