User's Guide
● Дыбыстық құрылғылар (гарнитура, үндеткіштер)
● Тінтуір
● Сыртқы пернетақта
Bluetooth құрылғыларын қосу
Bluetooth құрылғысын пайдаланбас бұрын Bluetooth қосылысын орнату қажет.
1. Тапсырмалар тақтасының іздеу терезесінде bluetooth сөзін теріп, Bluetooth и другие
параметры устройства
(Bluetooth және құрылғының басқа параметрлері) тармағын таңдаңыз.
2. Егер Bluetooth әлі қосылмаған болса, оны қосыңыз.
3. Добавление Bluetooth или другого устройства (Bluetooth немесе басқа құрылғыны қосу)
тармағын таңдаңыз, одан кейін Добавить устройство (Құрылғыны қосу) тілқатысу терезесінде
Bluetooth опциясын таңдаңыз.
4. Құрылғыңызды тізімнен таңдаңыз, одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Құптау қажет болса, жұптастыру коды көрсетіледі. Жұптастыру коды мен
құрылғыңыздың кодының сәйкес болуын тексеру үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Қосымша
ақпарат алу үшін, құрылғымен бірге берілген құжаттарды қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Құрылғыңыз опциялар тізімінде болмаса, сол құрылғыдағы Bluetooth мүмкіндігінің
қосулы екенін тексеріңіз. Кейбір құрылғылардың қосымша талаптары болуы мүмкін. Мәліметтерді
құрылғымен бірге берілген құжаттардан қараңыз.
Сымсыз желіге қосылу 21










