Жабдықтың анықтамалық нұсқаулығы HP жұқа клиенттер
© Copyright 2014 Hewlett-Packard Development Company, L.P. Осы жердегі мəліметтер ескертусіз өзгертілуі мүмкін. HP өнімдері мен қызметтеріне арналған жалғыз кепілдік – осындай өнімдермен жəне қызметтермен бірге берілетін тікелей кепілдіктер. Осы құжаттағы басқа еш нəрсе кепілдік деп қаралмайды. HP компаниясы осы жерде кездескен техникалық немесе өңдеу қателері не жетіспеушіліктері үшін жауапты болмайды. Бұл құжат авторлық құқықпен қорғалған меншіктік ақпаратты қамтиды.
Осы кітап туралы АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Осылай жіберілген мəтін нұсқауларды орындамаудың дене жарақатына немесе өлімге себеп болатынын көрсетеді. ЕСКЕРТУ: Осылай жіберілген мəтін нұсқауларды орындамаудың құрылғы зақымдануына немесе ақпараттың жоғалуына себеп болатынын көрсетеді. ЕСКЕРТПЕ: Осылай жіберілген мəтін маңызды қосымша ақпарат береді.
iv Осы кітап туралы
Maзмұны 1 Өнім мүмкіндіктері ........................................................................................................................................ 1 Стандартты мүмкіндіктер ................................................................................................................... 1 Алдыңғы тақта құрамдас бөлшектері ................................................................................................ 2 Артқы тақта құрамдас бөлшектері ....................................
Қолдау көрсетілетін бағыттар .......................................................................................................... 24 Қолдау көрсетілмейтін операциялар .............................................................................................. 25 қосымшасы в Электр статикалық разряд ................................................................................................... 26 Электр статикалық разрядты болдырмау ................................................................
1 Өнім мүмкіндіктері Стандартты мүмкіндіктер HP жұқа клиентін сатып алғаныңыз үшін рақмет. Жұқа клиенттің пайдасын бірнеше жыл көресіз деп үміттенеміз. Біздің мақсатымыз − күтілетін қуат пен сенімділікпен қолдану мен басқару оңай жүлделі клиенттерді ұсыну. Келесі бөлімде жұқа клиенттің мүмкіндіктері сипатталады. Үлгілерде орнатылған құрылғылар мен компьютерлік бағдарламалардың толық тізімін жəне өзіңізге қажетті жұқа клиент үлгісін http://www.hp.com сайтынан қараңыз.
Түрлі параметрлер жұқа клиент үшін қол жетімді. Басқа опциялар туралы ақпаратты жəне өзіңізге қажетті жұқа клиент үлгісін HP вебсайтынан http://www.hp.com қараңыз. ЕСКЕРТПЕ: Жұқа клиентіңіздің моделі мына суреттердегі модельден басқа болуы мүмкін. Алдыңғы тақта құрамдас бөлшектері Қосымша ақпарат үшін жəне бір үлгіге тəн QuickSpecs табу үшін, http://www.hp.com ашып, қажетті жұқа клиент үлгісін іздеңіз. 2 (1) Қуат түймесі (4) USB 3.
Артқы тақта құрамдас бөлшектері Қосымша ақпарат үшін жəне бір үлгіге тəн QuickSpecs табу үшін, http://www.hp.com ашып, қажетті жұқа клиент үлгісін іздеңіз. (1) Ethernet RJ-45 порты (5) Сыртқы қуат адаптерінің кірісі (2) Қос режимді DisplayPort 1.2 порттары (2) (6) Кабельді бекіту ұясы (3) VGA порты (7) HP USB ескі модулінің ұстау ұяшығы (4) USB 2.
● Егер VGA құрылғысы жүктелген кезде қосылса, тек бір DisplayPort портын пайдалануға болады. Егер VGA құрылғысы кейін ажыратылса, екі DisplayPort порты қосылады. ● Егер VGA құрылғысы жəне бір DisplayPort құрылғысы жүктелген кезде қосылса, екінші DisplayPort порты ажыратылады. Егер VGA құрылғысы кейін ажыратылса, сол DisplayPort порты қосылады. ● Егер екі DisplayPort құрылғысы жүктелген кезде қосылса, VGA порты ажыратылады. Егер бір немесе екі DisplayPort құрылғысы кейін ажыратылса, VGA порты қосылады.
2 Жабдық өзгерістері Ескертулер мен сақтандырулар Жаңартуларды орындау үшін алдымен осы нұсқаулықта берілген барлық қолданыс нұсқауларын, сақтандыруларды жəне ескертулерді оқып шығыңыз. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Электр тоқ соғуы, құралдың қызып кетуі немесе өрт нəтижесінде болатын жеке жарақаттар немесе құралдың бүлінуін болдырмау үшін: Қуат сымын розеткадан айырып, ішкі бөлшектерін ұстамас бұрын олардың сууына мүмкіндік беріңіз.
Қуат сымын қосу 1. Қуат сымының аналық ұшын қуат блогындағы орнына енгізіңіз (1). 2. Қуат сымының басқа ұшын розеткаға қосыңыз (2). 3. Қуат сымының домалақ ұшын жұқа клиент артындағы қуат көзінің қосқышына (3) жалғаңыз. 4. Қуат сымын ілмекке басып салып (4), артық сымды жинап қойыңыз. ЕСКЕРТУ: Қуат сымын ілмекке бекітіп қоймасаңыз, қуат сымы ажырап, ақпараттың жоғалуына себеп болуы мүмкін.
Тұғырын орнату ЕСКЕРТУ: Жұқа клиент HP Quick Release құралымен орнатылмайынша, жұқа клиенттің айналасында дұрыс ауа айналымы болмайынша, оны бекітілген тұғырмен пайдалану керек. Тұғырды реттеу Тұғырды екі конфигурацияға реттеуге болады: шаршы көлденең бағытқа, ал тіктөртбұрыш тік бағытқа арналған. Екі жақты жалғайтын екі қысқа бөлікті алу арқылы тұғырды бөлек алыңыз.
● 8 а. Жұқа клиентті төңкеріп, жұқа клиенттің астындағы немесе торындағы бұрандаға арналған екі тесікті тауып алыңыз. ə. Тұғырды (1) жұқа клиенттің астына қойып, тұғырдың бұрандаларын жұқа клиенттің арнаулы саңылауларына дəлдеңіз. б. Бұрандаларын жақсылап қатайтыңыз (2). Жұқа клиентті көлденең бағытта қолдану үшін, тұғырды компьютердің оң жағына орнатыңыз. а. Жұқа клиентті оң жақ бүйірін жоғары қаратып жатқызып, оң жақ бүйіріндегі бұрандаға арналған екі тесікті тауып алыңыз. ə.
7. Сыртқы жабдықты қайта қосыңыз, розеткаға қуат сымын жалғаңыз да, жұқа клиентті қосыңыз. ЕСКЕРТПЕ: Жұқа клиенттің əр жағынан кем дегенде 10,2 сантиметр (4 дюйм) кедергісіз бос орын қалуын қадағалаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Қосымша бекіту кронштейнді жылдам босатуы HP бағдарламасындағы жұқа клиентті қабырғаға, үстел үстіне, немесе бұрмалы кронштейнге орнатуға болады. Орнату кронштейні пайдаланылған кезде, жұқа клиентті I/O порттарын жерге қарай қаратып орнатпаңыз.
Алынбалы тақтаны алу жəне орнына салу Алынбалы тақтаны алу АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток соғу, ыстық бөлшектеріне денеңіз тию немесе өрт қаупін азайту үшін немесе құралдың бүлінуін болдырмау үшін ƏРҚАШАН жұқа клиентті панелін жауып қолданыңыз. Қауіпсіздікті жақсартуға қосымша панелінде маңызды нұсқаулар жəне анықтамалық ақпарат болуы мүмкін, егер панель қолданылмаса олар жоғалуы мүмкін. HP компаниясы осы жұқа клиентке арнап шығарған панельден басқа панельді ҚОЛДАНБАҢЫЗ.
Компьютердің алынбалы тақтасын орнына салу Қатынас тақтасын орнына салу: 1. Алынбалы тақтаның əрбір шетіндегі үш тілшені корпустағы ұяшықтарға туралаңыз. Алынбалы тақтаны шассидің ішіне қарай шамамен 6 cм (.24 in) орналастырып, тақтаны шассидің (1) алдына қарай орнына түскенше сырғытыңыз. 2. Алынбалы тақтаны (2) бекіту үшін екі бұранданы артқы I/O панелінің шеттеріне қатайтыңыз.
SODIMM ұяшығын толтыру Жүйе тақтасында бір SODIMM ұяшығы бар. Ұяшықта DIMM1 белгісі болады. SODIMM орнату ЕСКЕРТУ: Қуат сымын ажыратып, жад модулін қосқанға немесе алғанға дейін шамамен 30 секундтай кернеудің басылғанын күту керек. Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан, жұқа клиент қосылып тұрған AТ көзіне жалғанып тұрса, тоқ жад модульдарына əрқашан жабдықталып тұрады. Кернеу бар кезде жад модулін қосу немесе алу нəтижесінде жад модуліне немесе жүйе тақтасына жөнделмейтін зақым келуі мүмкін.
7. Жүйе тақтасындағы жад ұясын табыңыз. 8. SODIMM құралын алу үшін, SODIMM құралының екі жағындағы екі ілгекті (1) сыртқа қарай басыңыз. 9. SODIMM құралын жоғарыға қарай бұраңыз да, SODIMM құралын ұяшығынан (2) шығарыңыз.
10. Жаңа SODIMM құралын шамамен 30° бұрышқа бұрыңыз (1), одан кейін, SODIMM құралын ұяға қарай басып (2), сырғытпаларын орындарына түсіріңіз. ЕСКЕРТПЕ: Жад модулін тек бір жолмен орнатуға болады. Модульдің кертпелерін жад ұяшығының ілгегіне дəлдеңіз. 11. Алынбалы тақтаны орнына салып, бекітіп қойыңыз. Алынбалы тақтаны алу жəне орнына салу (10-бет) бөлімін қараңыз. 12. Жұқа клиент тұғырын орнына салыңыз. 13. Қуат сымын қайта жалғап, жұқа клиентті іске қосыңыз. 14.
Қауіпсіздік Бұл жұқа клиенттер сақтандыру кабель құлпын қабылдауға бейімделіп жасалған. Кабельді бекіткіш жұқа клиенттің рұқсатсыз алынуына жол бермейді. Артқы порттарды қауіпсіздендіруге көмек болу үшін порт қақпағын да сатып алуға болады. Екі опцияның біреуіне тапсырыс беру үшін, өзіңізге қажетті жұқа клиент үлгісін HP http://www.hp.com вебсайтынан қараңыз. Кабель құлпы 1. Артқы тақтадағы кабель бекітпесі саңылауын табыңыз. 2.
Жұқа клиентті орнату HP жұқа клиентті тігінен (мұнара бағытында) қолдануға кеңес береді, яғни HP логотипі оң жағында болуы тиіс. Басқа бағытта қолдану кейбір жағдайларда жұмысын баяулатады; қызып кетуден сақтау үшін жұқа клиентті шектелген қуат күшімен қолдану сол жағдайлардың бірі болып табылады. Бұл жұқа клиенттің оң жағында төрт бекіту тесігі болады.
3. Орнату құрылғысының жинағына қосылған төрт бұранданы пайдаланыңыз, HP Quick Release бір жағын жұқа клиент орнатылатын құрылғыға тіркеңіз. Тетік нүктелерін жоғары қарай босату керек. 4. Жұқа клиентке тіркелген орнату құрылғысының бір жағын (1) жұқа клиент орнатылатын құрылғыда (2) орнату құрылғысының екінші жағының үстімен сырғытыңыз. «Шерту» дыбысы қауіпсіз қосылымды білдіреді. Тіркелген кезде HP Quick Release автоматты түрде күйіне құлыпталады.
Қолдау көрсетілетін орнату параметрлері Мына суреттерде орнату кронштейні үшін қолдау көрсетілетін кейбір орнату параметрлері көрсетілген.
а Техникалық сипаттамалар Жұқа клиенттің соңғы немесе қосымша техникалық сипаттамаларын көру үшін http://www.hp.com/go/quickspecs/ веб-сайтына кіріп, жұқа клиенттің тиісті үлгісінің қысқаша сипаттамаларын іздеңіз.
Ең жоғарғы биіктігі (қысымда емес) Жұмыс істегенде 3 048 м 10 000 ф 9 144 м 30 000 ф (ең жоғарғы рұқсат етілген өзгерту ауқымы – минутына 457 м немесе минутына 1500 ф) Жұмыс істемегенде (ең жоғарғы рұқсат етілген өзгерту ауқымы – минутына 457 м немесе минутына 1500 ф) Қуат көзі Жұмыс кернеуінің аумағы 100 В АТ 240 В АТ 50 - 60 Гц Негізгі желі жиілігі 20 Қуат шығысы (ең көп) 65 Вт Негізгі шығыс тогы (ең көп) 3,33 A Шығыс кернеуі +19,5 В тұрақты ток а қосымшасы Техникалық сипаттамалар
ə Батареяны шығару жəне орнына салу АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Алынбалы тақтасын шешпес бұрын, жұқа клиентті өшіріп, қуат сымын электр розеткасынан ажыратыңыз. Батареяны шығару немесе орнына салу: 1. Жұқа клиентті ашуға тиым салатын барлық қауіпсіздік құралдарын алып тастаңыз/істен шығарыңыз. 2. Жұқа клиенттен USB сияқты барлық алынатын құралдарды алып тастаңыз. 3. Жұқа клиентті жұмыс жүйесі арқылы дұрыстап өшіріңіз, одан кейін барлық сыртқы құралдарды өшіріңіз. 4.
9. Жаңа батарея салу үшін ауыстыратын батареяның бір жақ шетін жағымды жағын жоғары қаратып, ұяшықтың шетінен сырғытып салыңыз. Екінші жағынан төмен қарай, қысқыш батареяның шетінен ұстап қалғанша итеріңіз (2). 10. Алынбалы тақтаны орнына салып, бекітіп қойыңыз. Алынбалы тақтаны алу жəне орнына салу (10-бет) бөлімін қараңыз. 11. Жұқа клиент тұғырын орнына салыңыз. 12. Қуат сымын қайта жалғап, жұқа клиентті іске қосыңыз. 13.
б Жұқа клиент жұмысы Қалыпты жұқа клиент күтімі Жұқа клиентке дұрыс күтім жасау үшін мына ақпаратты пайдаланыңыз: ● Сыртқы тақтасы шешілген жұқа клиентті мүлдем пайдаланбаңыз. ● Жұқа клиентті өте ылғалды, күннің көзі тікелей түсетін жəне өте ыстық пен салқын жерден аулақ ұстаңыз. Жұқа клиент үшін кеңес етілген температура жəне ылғалдылық ауқымдары туралы ақпаратты Техникалық сипаттамалар (19-бет) бөлімінде қараңыз. ● Жұқа клиенттен жəне пернетақтадан сұйықтықтарды алшақ ұстаңыз.
Қолдау көрсетілетін бағыттар HP компаниясы жұқа клиент үшін төмендегі бағыттарды қолдайды.
Қолдау көрсетілмейтін операциялар HP компаниясы жұқа клиент үшін төмендегі бағыттарды қолдамайды. ЕСКЕРТУ: Жұқа клиенттерді қолдау көрсетілмейтін орынға қою нəтижесінде жұмыс ақаулығы орын алуы жəне/немесе құрылғылардың зақымдануы мүмкін. ЕСКЕРТУ: Жұқа клиенттер жұмыс температурасын сақтау үшін дұрыс желдетілуді талап етеді. Тесіктерді бітемеңіз. Жұқа клиенттерді тартпаларға немесе басқа нығыздалған қуыстарға орналастырмаңыз. Жұқа клиенттің үстіне мониторды немесе басқа затты қоймаңыз.
в Электр статикалық разряд Саусақтан немесе басқа өткізгіштен келген статикалық тоқ жүйе тақтасына немесе басқа статикалық тоққа сезімтал құралдарға зақым келтіруі мүмкін. Мұндай зақым құралдың қызметін азайтуы мүмкін. Электр статикалық разрядты болдырмау Электростатикалық тоқ зақымының алдын алу үшін, мына сақтандыруларды орындаңыз: ● Өнімдерді статиктен ада жерде сақтау жəне тасымалдау арқылы қол тигізудің алдын алыңыз.
г Жеткізіп беру туралы ақпарат Жеткізуге дайындау Жұқа клиентті жеткізіп беруге дайындау барысында мына ұсыныстарды орындаңыз: 1. Жұқа клиентті жəне сыртқы құрылғыларды өшіріңіз. 2. Қуат сымын алдымен розеткадан, кейін жұқа клиенттен ажыратыңыз. 3. Жүйе құрамдас бөлшектерін жəне сыртқы құрылғыларды қуат көзінен, одан кейін жұқа клиенттен ажыратыңыз. 4. Жүйе компоненттері мен сыртқы құрылғыларды қорғау үшін, оларды өз қораптарына немесе оларға ұқсас орам материалдары жеткілікті қораптарға салыңыз.
Қатты дискі түрін (флэш жад құралы) алу жəне салу Қатты дискі түрін (флэш жад) алу Қатты диск түрін жұқа клиентті HP қызмет орталығына жөндеуге немесе ауыстырып алуға бермес бұрын шығарып алу керек. Қатты денелі дискіні (SSD) алу үшін, келесі қадамдарды орындаңыз: 1. Жұқа клиентті ашуға тиым салатын барлық қауіпсіздік құралдарын алып тастаңыз/істен шығарыңыз. 2. Жұқа клиенттен USB сияқты барлық алынатын құралдарды алып тастаңыз. 3.
8. Қатты диск түрін (SSD) жүйелік тақтаға бекітіп тұрған қаданы шешу үшін 8 өлшемді ұшы жұлдызша тəріздес бұрауышты пайдаланыңыз. 9. SSD дискін абайлап ұясынан алыңыз. SSD дискін жұқа клиентке қайта салғанға дейін қауіпсіз бер жерге сақтап қойыңыз. 10. Алынбалы тақтаны орнына салып, бекітіп қойыңыз. Алынбалы тақтаны алу жəне орнына салу (10-бет) бөлімін қараңыз.
Қатты диск түрін (флэш жад) орнату Қатты диск түрін (SSD) орнату үшін, келесі қадамдарды орындаңыз: 30 1. Қаданы SSD құралындағы ойыққа бағыттаңыз. 2. Қаданы орнында ұстап тұрып, SSD құралын ойығына сырғытып салыңыз.
3. Бұранданы қатайту жəне қатты диск түрін (SSD) жүйелік тақтаға бекіту үшін, 8 өлшемді ұшы жұлдызша тəріздес бұрауышты пайдаланыңыз.
Индекс А алдыңғы тақта құрамдас бөлшектері 2 алу алынбалы тақта 10 батарея 21 алынбалы панель алу 10 алынбалы тақта орнына салу 11 артқы тақта құрамдас бөлшектері 3 жад (SODIMM) орнату 11 сипаттамалары 11 ұяшығын толтыру 12 жадты (SODIMM) орнату 11 жерге қосу əдістері 26 жұқа клиентті орнату 16 жіберу дайындығы 27 К Кабельді бекіту ұясы кабель құлпы 15 көлденең бағыт 24 Б батарея, орнына салу 21 биіктігінің техникалық сипаттары 20 бөлшектер алдыңғы панелі 2 артқы панелі 3 В веб-тораптар HP 1 параметрлер
Ө өлшемдер 19 П параметрлер 2, 15 С салыстырмалы ылғалдылықтың техникалық сипаттары 19 сериялық нөмір орны 4 сипаттамалары, жад 11 Т тартпадағы қолдау көрсетілмейтін операциялар 25 температураның техникалық сипаттары 19 техникалық сипаттамалары биіктігі 20 жабдық 19 жұқа клиент 19 қуат көзі 20 қуат шығысы 20 негізгі шығыс тогы 20 өлшемдер 19 салыстырмалы ылғалдылық 19 температура 19 ылғалдылық 19 тұғыр, орнату 7 тік бағыты 24 тік тұғыр 7 Ұ ұстау ілгегі Э электр статикалық зақымды болдырмау 26 электр стат