Equipment reference manual
2
Жабдық өзгерістері
Ескертулер мен сақтандырулар
Жаңартуларды орындау үшін алдымен осы нұсқаулықта берілген барлық қолданыс
нұсқауларын, сақтандыруларды жəне ескертулерді оқып шығыңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Электр тоқ соғуы, құралдың қызып кетуі немесе өрт нəтижесінде болатын
жеке жарақаттар немесе құралдың бүлінуін болдырмау үшін:
Қуат сымын розеткадан айырып, ішкі бөлшектерін ұстамас бұрын олардың сууына мүмкіндік
беріңіз.
Телекоммуникациялар мен телефон жалғағыштарын
желі интерфейсінің бақылау (NIC)
розеткаларына қоспаңыз.
Тоқ айырын істен шығармаңыз. Тоқ айыры - өте маңызды қауіпсіздік бөлшегі
Қуат сымын əрқашан қол оңтайлы жететін жерде орналасқан, жерге тұйықталған тоқ көзіне
қосыңыз.
Адамға қатты
жарақат келтіру қатерін азайту үшін Қауіпсіз жəне қолайлы жұмыс жасау
нұсқаулығын оқыңыз. Мұнда компьютер пайдаланушылары үшін компьютерді қосу жəне жұмыс
орнын дұрыс реттеу жолдары, денсаулық сақтау шаралары жəне компьютермен жұмыс істеу
ережелері сипатталады
жəне механикалық жабдықтармен жұмыс істегенде қадағаланатын
қауіпсіздік ережелері беріледі.
Safety & Comfort Guide
(Қауіпсіздік жəне жұмыс ыңғайлығы
нұсқаулығы) HP веб-сайтында орналасқан:
http://www.hp.com/ergo.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ішінде қуаттанатын бөлшектер бар.
Корпусты ашу алдында жабдық қуатын ажыратыңыз.
Жабдыққа қайта ток беру алдында корпусты қайта қойып, бекітіңіз.
ЕСКЕРТУ: Статикалық электр қуаты жұқа клиенттің немесе қосымша жабдықтың электр
құрамдас бөлшектерін зақымдауы мүмкін. Келесі қадамдарды бастамас бұрын, жерге
тұйықталған темір затты ұстап көріп, статикалық электр зарядыңыздың жоқ екенін тексеріңіз.
Қосымша ақпарат алу
үшін Электр статикалық разряд (26-бет) бөлімін қараңыз.
Жұқа клиент АТ қуат көзіне қосылған кезде, кернеу жүйелік тақтаға үнемі беріледі. Ішкі
бөлшектерін зақымдамас үшін жұқа клиентті ашарда қуат сымын қуат көзінен ажыратыңыз.
Ескертулер мен сақтандырулар
5