Equipment reference manual

Тұғырын орнату
ЕСКЕРТУ: Жұқа клиент HP Quick Release құралымен орнатылмайынша, жұқа клиенттің
айналасында дұрыс ауа айналымы болмайынша, оны бекітілген тұғырмен пайдалану керек.
Тұғырды реттеу
Тұғырды екі конфигурацияға реттеуге болады: шаршы көлденең бағытқа, ал тіктөртбұрыш тік
бағытқа арналған.
Екі жақты жалғайтын екі қысқа бөлікті алу арқылы тұғырды бөлек алыңыз. Шаршы етіп реттеу
үшін бүйірлерін қысқа
бөліктердегі сыртқы байланыс нүктелеріне қыстырыңыз, ал
тіктөртбұрыш етіп реттеу үшін ішкі байланыс нүктелеріне қыстырыңыз.
Тұғырды орнату
Жұқа клиентпен бірге жабдықталған тұғырды тігінен немесе көлденеңінен орнатып қолдануға
болады.
1. Жұқа клиентті ашуға тиым салатын барлық қауіпсіздік құралдарын алып тастаңыз/істен
шығарыңыз.
2. Жұқа клиенттен USB сияқты барлық алынатын құралдарды алып тастаңыз.
3. Жұқа клиентті жұмыс жүйесі арқылы дұрыстап өшіріңіз, одан кейін барлық сыртқы
құралдарды өшіріңіз.
4. Қуат сымын розеткадан ажыратыңыз жəне барлық сыртқы құралдарды ажыратыңыз.
5. Қажет болса, тұғырды реттеңіз.
Нұсқауларды
Тұғырды реттеу (7-бет) бөлімінен көріңіз.
6. Тұғырды жұқа клиентке бекітіңіз.
Жұқа клиентті мұнара бағытында қолдану үшін, тұғырды жұқа клиенттің төменгі
жағына орнатыңыз.
Тұғырын орнату
7