Equipment reference manual
Алынбалы тақтаны алу жəне орнына салу
Алынбалы тақтаны алу
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток соғу, ыстық бөлшектеріне денеңіз тию немесе өрт қаупін азайту үшін
немесе құралдың бүлінуін болдырмау үшін ƏРҚАШАН жұқа клиентті панелін жауып
қолданыңыз. Қауіпсіздікті жақсартуға қосымша панелінде маңызды нұсқаулар жəне
анықтамалы
қ ақпарат болуы мүмкін, егер панель қолданылмаса олар жоғалуы мүмкін. HP
компаниясы осы жұқа клиентке арнап шығарған панельден басқа панельді ҚОЛДАНБАҢЫЗ.
Алынбалы тақтасын шешпес бұрын, жұқа клиентті өшіріп, қуат сымын электр розеткасынан
ажыратыңыз.
Қатынас тақтасын алу:
1. Жұқа клиентті ашуға тиым салатын барлық қауіпсіздік құралдарын алып тастаңыз/істен
шығарыңыз.
2. Жұқа клиенттен USB сияқты барлық алынатын құралдарды алып тастаңыз.
3. Жұқа клиентті жұмыс жүйесі арқылы дұрыстап өшірің
із, одан кейін барлық сыртқы
құралдарды өшіріңіз.
4. Қуат сымын розеткадан ажыратыңыз жəне барлық сыртқы құралдарды ажыратыңыз.
ЕСКЕРТУ: Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан, жүйе қосылып тұрған AТ көзіне жалғанып
тұрса, жүйе тақтасында əрқашан тоқ болады. Жұқа клиенттің ішкі бөлшектерінің бүлінуінің
алдын алу үшін қуат сымын ажыратып қою керек.
5. Жұқа клиентті тұғыр негізінен алыңыз.
6. Оң жағын жоғары, құрылғыны жазық жерге жатқызыңыз.
7. Артқы I/O панелінен (1) екі бұранданы шешіңіз.
8. Алынбалы тақтасын шассидің артына қарай шамамен 6 см (.24 дюйм) сырғытып, қатынас
тақтасын
жұқа клиенттен (2) көтеріп алыңыз.
10
2-тарау Жабдық өзгерістері