Equipment reference manual
SODIMM ұяшығын толтыру
Жүйе тақтасында бір SODIMM ұяшығы бар. Ұяшықта DIMM1 белгісі болады.
SODIMM орнату
ЕСКЕРТУ: Қуат сымын ажыратып, жад модулін қосқанға немесе алғанға дейін шамамен 30
секундтай кернеудің басылғанын күту керек. Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан, жұқа клиент
қосылып тұрған AТ көзіне жалғанып тұрса, тоқ жад модульдарына əрқашан жабдықталып
тұрады. Кернеу бар кезде жад модулін қосу немесе алу нəтижесінде жад модуліне немесе
жүйе тақтасына жөнделмейтін зақым келуі мүмкін.
Жад модульдарының ұяшықтарының алтындалған метал контактілері болады. Жадты
жаңартқанда үйлеспейтін металдардың бір-бірімен қатынасы н
əтижесінде пайда болатын
тотығу жəне/немесе қышқылданудың алдын алу үшін алтындалған метал контактісі бар жад
модульдарын қолдану маңызды.
Статикалық қуат монитордың электрлік бөлшектерін бүлдіруі мүмкін. Келесі қадамдарды
бастамас бұрын, жерге тұйықталған темір затты ұстап кө
ріп, статикалық электр зарядыңыздың
жоқ екенін тексеріңіз. Толығырақ ақпарат үшін,
Электр статикалық разряд (26-бет) бөлімін
қараңыз.
Жад модулін қолданғанда контактілеріне қол тигізбеңіз. Солай болған жағдайда модульге
зақым келуі мүмкін.
1. Жұқа клиентті ашуға тиым салатын барлық қауіпсіздік құралдарын алып тастаңыз/істен
шығарыңыз.
2. Жұқа клиенттен USB сияқты барлық алынатын құралдарды алып тастаңыз.
3. Жұқа клиентті жұмыс жүйесі арқылы дұрыстап өшіріңіз, одан кейін барлық
сыртқы
құралдарды өшіріңіз.
4. Қуат сымын розеткадан ажыратыңыз жəне барлық сыртқы құралдарды ажыратыңыз.
ЕСКЕРТУ: Қуат сымын ажыратып, жад модульдарын қосқанға немесе алғанға дейін
шамамен 30 секундтай кернеудің басылғанын күту керек. Қуат қосу/өшіру күйіне
қарамастан, компьютер қосылып тұрған AТ көзіне жалғанып тұрса, тоқ жад модульдеріне
əрқашан жабдық
талып тұрады. Кернеу бар кезде жад модульдарын қосу немесе алу
нəтижесінде жад модульдарына немесе жүйе тақтасына жөнделмейтін зақым келуі
мүмкін.
5. Жұқа клиентті тұғырынан алып, оң жағын жоғары қаратып жатқызыңыз.
6. Жұқа клиенттің алынбалы тақтасын алыңыз.
Алынбалы тақтаны алу жəне орнына
салу (10-бет) бөлімін қараңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жеке жарақаттың қаупін азайту үшін, қол тигізбес бұрын ішкі
бөлшектерінің салқындауына уақыт беріңіз.
12
2-тарау Жабдық өзгерістері