Equipment reference manual

ə Батареяны шығару жəне орнына салу
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Алынбалы тақтасын шешпес бұрын, жұқа клиентті өшіріп, қуат сымын
электр розеткасынан ажыратыңыз.
Батареяны шығару немесе орнына салу:
1. Жұқа клиентті ашуға тиым салатын барлық қауіпсіздік құралдарын алып тастаңыз/істен
шығарыңыз.
2. Жұқа клиенттен USB сияқты барлық алынатын құралдарды алып тастаңыз.
3. Жұқа клиентті жұмыс жүйесі арқылы дұрыстап
өшіріңіз, одан кейін барлық сыртқы
құралдарды өшіріңіз.
4. Қуат сымын розеткадан ажыратыңыз жəне барлық сыртқы құралдарды ажыратыңыз.
ЕСКЕРТУ: Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан, жүйе қосылып тұрған AТ көзіне жалғанып
тұрса, жүйе тақтасында əрқашан тоқ болады. Жұқа клиенттің ішкі бөлшектерінің бүлінуінің
алдын алу үшін қуат сымын ажыратып қою керек.
5. Жұқа клиентті тұғырынан алып, оң жағын жоғары қаратып жатқызыңыз.
6. Жұқа клиенттің алынбалы тақтасын алыңыз.
Алынбалы тақтаны алу жəне орнына
салу (10-бет) бөлімін қараңыз.
7. Батарея мен батарея ұяшығын жүйе тақтасына орналастырыңыз.
8. Батареяны ұяшығынан босату үшін батареяның шетінің үстінде тұрған қысқышты қысыңыз.
Батарея шыққанда, көтеріп алып шығыңыз (1).
21