Equipment reference manual

вЭлектр статикалық разряд
Саусақтан немесе басқа өткізгіштен келген статикалық тоқ жүйе тақтасына немесе басқа
статикалық тоққа сезімтал құралдарға зақым келтіруі мүмкін. Мұндай зақым құралдың қызметін
азайтуы мүмкін.
Электр статикалық разрядты болдырмау
Электростатикалық тоқ зақымының алдын алу үшін, мына сақтандыруларды орындаңыз:
Өнімдерді статиктен ада жерде сақтау жəне тасымалдау арқылы қол тигізудің алдын
алыңыз.
Статикалық тоққа сезімтал бөліктерін статиктен аулақ жерге жеткенше қораптарында
сақтаңыз.
Бөліктерін қораптан
шығаруға дейін тұрақты жерге қойыңыз.
Айырларын, сымдарын жəне жабдықтарын ұстамаңыз.
Статикаға сезімтал бөлшектерін немесе жинақтарын ұстағанда жерге қосуды дұрыс
жасаңыз.
Жерге қосу əдістері
Жерге қосудың бірнеше əдісі бар Электрстатикалық разрядқа сезімтал бөлшектерді
қолданғанда немесе орнатқанда, төмендегі бір немесе бірнеше əдісті пайдаланыңыз.
Жерге қосылған жұқа клиент корпусына жерге қосу сымы арқылы жалғанған қол бауын
пайдаланыңыз. Қол баулары жерге
қосу сымдарында кемінде 1 мегаом +/- 10 пайыз
төзімділік бар иілмелі баулар болып табылады. Жерге дұрыстап қосу үшін, бауды теріге
тағу керек.
Тұрған жұмыс орнында өкшебаулары, саусақбаулары, немесе етікбаулар қолданыңыз.
Өткізгіш еденде немесе матыда тұрғанда екі аяғыңызға
да бау тағыңыз.
Өткізгіш өріс қызметіне арналған аспаптарды қолданыңыз.
Өріс қызметін жинағында статиканы тарататын жұмыс матысын алып жүріңіз.
Жерге қосуға қажетті дұрыс жабдықтар болмаса HP рұқсаты бар сатушымен немесе қызмет
көрсету орталығына
хабарласыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Статикалық электр қуаты туралы қосымша ақпарат алу үшін, НР мақұлдаған
делдалға, сатушыға немесе қызмет жеткізушісіне хабарласыңыз.
26
в қосымшасы Электр статикалық разряд