Equipment reference manual

Қатты дискі түрін (флэш жад құралы) алу жəне салу
Қатты дискі түрін (флэш жад) алу
Қатты диск түрін жұқа клиентті HP қызмет орталығына жөндеуге немесе ауыстырып алуға
бермес бұрын шығарып алу керек.
Қатты денелі дискіні (SSD) алу үшін, келесі қадамдарды орындаңыз:
1. Жұқа клиентті ашуға тиым салатын барлық қауіпсіздік құралдарын алып тастаңыз/
істен
шығарыңыз.
2. Жұқа клиенттен USB сияқты барлық алынатын құралдарды алып тастаңыз.
3. Жұқа клиентті жұмыс жүйесі арқылы дұрыстап өшіріңіз, одан кейін барлық сыртқы
құралдарды өшіріңіз.
4. Қуат сымын розеткадан ажыратыңыз жəне барлық
сыртқы құралдарды ажыратыңыз.
ЕСКЕРТУ: Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан, жүйе қосылып тұрған AТ көзіне жалғанып
тұрса, жүйе тақтасында əрқашан тоқ болады. Жұқа клиенттің ішкі бөлшектерінің бүлінуінің
алдын алу үшін қуат сымын ажыратып қою керек.
5. Жұқа клиентті тұғырынан алып, оң жағын жоғары қаратып жатқызыңыз.
6. Жұқа клиенттің алынбалы тақтасын алыңыз.
Алынбалы тақтаны алу жəне орнына
салу (10-бет) бөлімін қараңыз.
7. Жүйе тақтасындағы қатты диск түрін (SSD) табыңыз.
28
г қосымшасы Жеткізіп беру туралы ақпарат