User's Guide
HP Smart қолданбасынан көмек алу
HP Smart қолданбасы принтер мәселелері (қағаз кептелістері және басқа мәселелер) туралы ескертулерді,
анықтама мазмұнына сілтемелер және қосымша көмек алу үшін хабарласу опцияларын береді. Қолданба
туралы толық ақпарат алу үшін Басып шығару, сканерлеу және ақауларды жою үшін HP Smart
қолданбасын пайдаланыңыз (20-бет) бөлімін қараңыз.
1. Құрылғыңыздағы HP Smart қолданбасын ашыңыз.
2. HP Smart негізгі экранында принтеріңіздің таңдалғанына көз жеткізіңіз.
КЕҢЕС: Принтердің параметрлері орнатылып қойған болса, солға немесе оңға сырғыту арқылы оны
HP Smart негізгі экранынан таңдауыңызға болады.
Басқа принтерді қолдану үшін Негізгі экрандағы (Плюс белгішесі) түртіңіз немесе басыңыз, содан
кейін басқа принтерді таңдаңыз немесе жаңа принтер қосыңыз.
3. Принтер күйін көру үшін принтерді басыңыз немесе түртіңіз.
KKWW HP Smart қолданбасынан көмек алу 95