User's Guide
Басқару тақтасының мүмкіндіктері
Түймелерге және шамдарға жалпы шолу
Мүмкіндік Сипаттама
1 Болдырмау түймесі: Ағымдағы әрекетті тоқтатады.
2 Жалғастыру түймесі: Ақаудан кейін жұмысты қайта жалғастырады (мысалы, қағазды салған соң немесе
қағаз кептелісін тазартқан соң).
Жалғастыру шамы: Принтер ескерту не қате күйінде екендігін көрсетеді.
3 Түрлі түсті көшіру түймесі: Түрлі-түспен көшіру жұмысын бастайды. Санағышты арттыру үшін түймені
басып тұрыңыз. Көшіру соңғы түймені басқаннан кейін екі секундтан соң басталады.
4 Қара түсті көшіру түймесі: Ақ қарамен көшіру жұмысын бастайды. Санағышты арттыру үшін түймені
басып тұрыңыз. Көшіру соңғы түймені басқаннан кейін екі секундтан соң басталады.
5 Сия/Басып шығару механизмі шамы: Сия ыдысы немесе басып шығару механизмінің ақауларын
көрсетеді.
6 Түрлі түсті басып шығару механизмі белгішесі және Қара түсті басып шығару механизмі белгішесі.
7 Басқару тақтасының дисплейі: Санағышты, қағазға қатысты ақаулықтарды, басып шығару
механизміндегі мәселелерді, Wi-Fi Direct күйін, сымсыз байланыс күйін және сигнал қуатын білдіреді.
8 Сымсыз байланыс түймесі: Сымсыз байланыс мүмкіндіктерін қосады немесе өшіреді.
Сымсыз байланыс шамы: Принтердің сымсыз желіге қосылғандығын не қосылмағандығын көрсетеді.
Сымсыз байланыс шамы жыпылықтап тұрса, принтердің желіге қосылмағанын немесе қосылуға әрекет
жасап жатқанын көрсетеді. Орнату кезінде, ол принтердің орнату режимінде екенін көрсетеді.
ЕСКЕРТПЕ: Принтерді алғаш қосқаныңызға екі сағаттан көп уақыт өткенмен, принтердің сымсыз
байланыс параметрлерін әлі орнатпаған болсаңыз, принтердің желілік параметрлерін қалпына келтіру
арқылы желілік параметрлерді орнату режиміне қоюыңызға болады. Параметрлерді орнату режимі екі
сағатқа созылады. Принтердің желілік параметрлерін қалай қалпына келтіру керектігі жөнінде толық
ақпаратты Түпнұсқа зауыттық әдепкі мәндер мен параметрлерді қалпына келтіру (119-бет) бөлімінен
көре аласыз.
9 Ақпарат түймесі: Ақпарат бетін басып шығару үшін осы түймені басыңыз. Бұл бетті принтер туралы
ақпарат, принтердің электрондық мекенжайы, Wi-Fi Direct, желілік байланыс және мобильдік басып
шығару туралы ақпарат беріледі.
10 Қуат түймесі: Принтерді қосады немесе өшіреді.
KKWW Басқару тақтасының мүмкіндіктері 5