User's Guide
HP принтерінің бағдарламалық құралын ашыңыз (Windows)
HP принтер бағдарламалық құралын принтер параметрлерін конфигурациялау, шамамен көрсетілген сия
деңгейлерін тексеру, басып шығару жабдықтарына тапсырыс беру, принтерге техникалық қызмет көрсету,
басып шығару мәселелерін шешу және т.б. үшін пайдалана аласыз. Қолжетімді принтер бағдарламалық
құралы параметрлері туралы қосымша ақпарат осы нұсқаулықта берілген.
HP принтердің бағдарламалық құралы орнатылғаннан кейін операциялық жүйеңізге байланысты келесі
әрекеттердің бірін орындаңыз:
ЕСКЕРТПЕ: Егер принтер бағдарламалық құралының орнына HP Smart қолданбасын пайдаланып
жатсаңыз, Басып шығару, сканерлеу және ақауларды жою үшін HP Smart қолданбасын пайдаланыңыз
(20-бет) бөлімін қараңыз.
● Windows 10: Компьютердің жұмыс үстелінен Бастау түймесін басып, қолданбалар тізімінен НР
тармағын таңдаңыз, содан соң принтер атауы бар белгішені таңдаңыз.
● Windows 8.1: Бастау терезесінің сол жақ төменгі бұрышындағы төмен көрсеткіні басып, принтер
атауын таңдаңыз.
● Windows 8: Бастау терезесіндегі бос орынды тінтуірдің оң жағымен басып, бардарламалар
жолағындағы Барлық бағдарламалар түймесін басып, принтер атауын таңдаңыз.
● Windows 7: Компьютердің жұмыс үстелінен Start (Бастау) түймесін басып, All Programs (Барлық
бағдарламалар) тармағын таңдап, НР түймесін басыңыз, содан соң принтерге арналған қалтаны
басып, принтер атауы бар белгішені таңдаңыз.
KKWW HP принтерінің бағдарламалық құралын ашыңыз (Windows) 19