User's Guide
Фотосуреттерді басып шығару
Фотосуреттерді басып шығармас бұрын кіріс науасына фотосурет қағазы салынғанын және шығыс науасы
ашық екенін тексеріңіз. Қағаз салу туралы қосымша ақпарат алу үшін Медиа құралын салу (25-бет) бөлімін
қараңыз.
Фотосуретті фотосурет қағазына басып шығару (Windows)
1. Бағдарламалық құралдың File (Файл) мәзірінде Print (Басып шығару) параметрін таңдаңыз.
2. Принтер таңдалғанын тексеріңіз.
3. Свойства (Сипаттар) диалогтық терезесін ашатын түймешікті басыңыз.
Бағдарламалық жасақтама қосымшасына байланысты бұл түймешік Свойства (Сипаттар), Опции
(Опциялар), Установка принтера (Принтерді орнату), Свойства принтера (Принтердің сипаттары),
Принтер немесе Предпочтения (Таңдаулы параметрлер) деп аталуы мүмкін.
4. Printing Shortcuts (Басып шығару таңбашалары) немесе Printing Shortcut (Басып шығару
таңбашалары) қойындысында сәйкес параметрлерді таңдаңыз.
Басқа басып шығару параметрлерін өзгерту үшін басқа қойындыларды басыңыз.
Принтер драйверіндегі опциялар туралы қосымша мәліметтер алу үшін сөзкөмектерді көру үшін
әрбір опцияның үстіне тінтуірді апарыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер қағаз өлшемін өзгертсеңіз, кіріс науасына тиісті қағазды жүктегеніңізді тексеріңіз.
5. Properties (Сипаттар) диалогтық терезесін жабу үшін OK түймесін басыңыз.
6. Басып шығаруды бастау үшін Print (Басып шығару) немесе OK түймесін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Басып шығару аяқталғаннан кейін пайдаланылмаған фотосурет қағазын кіріс науасынан
жойыңыз. Фотосурет қағазын шиыршықталмайтындай етіп орнатыңыз, дұрыс орналастырмау басып
шығару сапасының төмендеуіне әкеп соғуы мүмкін.
30 2-тарау Басып шығару KKWW