User's Guide
HP HP Smart қолданбасы арқылы сканерлеу
Бұл бөлімде iOS, Android, Windows және Mac құрылғыларынан сканерлеу үшін HP Smart қолданбасын
қалай қолдану керектігі жөнінде жалпы нұсқау беріледі. Қолданба туралы толық ақпарат алу үшін Басып
шығару, сканерлеу және ақауларды жою үшін HP Smart қолданбасын пайдаланыңыз (20-бет) бөлімін
қараңыз.
HP Smart қолданбасын құжаттарды не суреттерді принтер сканерінен сканерлеу үшін пайдалана аласыз,
сондай-ақ құрылғы камерасымен де сканерлеуге болады. HP Smart құрамында сканерленген кескінді
сақтау не бөлісу алдында оны реттеуге мүмкіндік беретін өңдеу құралдары қамтылады. Сканерленген
құжаттарды басып шығаруға
, жергілікті түрде немесе бұлт қоймасында сақтауға, электрондық пошта, SMS,
Facebook, Instagram, т.б. арқылы бөлісуге болады. HP Smart арқылы сканерлеу үшін пайдаланылатын
құрылғы түріне байланысты төмендегі сәйкес бөлімдегі нұсқауларды орындаңыз.
●
iOS немесе Android құрылғысынан сканерлеу
●
Принтерден Mac құрылғыңызға сканерлеу
●
Windows 10 құрылғысынан сканерлеу
iOS немесе Android құрылғысынан сканерлеу
1. Құрылғыңыздағы HP Smart қолданбасын ашыңыз.
2. HP Smart негізгі экранында принтеріңіздің таңдалғанына көз жеткізіңіз.
КЕҢЕС: Принтердің параметрлері орнатылып қойған болса, солға немесе оңға сырғыту арқылы оны
HP Smart негізгі экранынан таңдауыңызға болады.
Басқа принтерді қолдану үшін Негізгі экрандағы (Плюс белгішесі) түртіңіз немесе басыңыз, содан
кейін басқа принтерді таңдаңыз немесе жаңа принтер қосыңыз.
3. Пайдалану қажет сканерлеу опциясын түртіңіз.
● Құрылғы камерасын пайдаланып жатсаңыз, бөлмеңіз жарық болуы керек және фотосурет
немесе құжат жатқан жермен тұтасып кетпеуі қадағалаңыз.
● Принтер сканерін пайдаланып жатсаңыз, Settings (Параметрлер) белгішесін түртіп, кіріс көзін
таңдаңыз және сканерлеу параметрлерін өзгертіңіз, сосын Scan (Сканерлеу) белгішесін түртіңіз.
● Файлдар мен фотосуреттерге арналған опцияны таңдасаңыз, қажетті файлды таңдау үшін
экрандағы нұсқауларды орындаңыз, қажетті өзгерістерді жасаңыз және сақтаңыз.
4. Сканерленген құжатты немесе фотосуретті реттеуді аяқтаған кезде, оны сақтаңыз, бөлісіңіз немесе
басып шығарыңыз.
Принтерден Mac құрылғыңызға сканерлеу
1. Түпнұсқаны принтердегі сканер әйнегінің алдыңғы оң жақ бұрышына төмен қаратып салыңыз.
2. Құрылғыңыздағы HP Smart қолданбасын ашыңыз.
3. HP Smart қолданбасының негізгі экранында принтеріңіздің таңдалғанына көз жеткізіңіз.
4. Scan (Сканерлеу) плиткасын басыңыз.
5. Сканерлеу терезесінде қажетті өзгерістерді енгізіп, Scan (Сканерлеу) түймесін басыңыз.
KKWW HP HP Smart қолданбасы арқылы сканерлеу 53