User's Guide

Веб-сканерлеу көмегімен сканерлеу
Интернетте сканерлеу веб-браузер арқылы компьютерге принтерден фотосуреттерді және құжаттарды
сканерлеуге мүмкіндік беретін енгізілген веб-сервердің мүмкіндігі болып табылады.
Бұл мүмкіндік компьютерде принтер бағдарламалық құралын орнатпағанда да қол жетімді болады.
ЕСКЕРТПЕ: Әдепкіше интернетте сканерлеу мүмкіндігі өшірулі болады. Осы мүмкіндікті енгізілген веб-
серверден қосуға болады.
EWS серверіндегі Интернетте сканерлеуді ашу мүмкін болмаса, желі әкімшісі оны ажыратқан болуы мүмкін.
Қосымша ақпарат алу үшін желі әкімшісімен немесе желі орнатқан маманмен байланысыңыз.
Веб-сканерлеуді қосу
1. Енгізілген веб-серверді (EWS) ашыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін Енгізілген веб-серверді ашу
(88-бет) бөлімін қараңыз.
2. Параметрлер қойындысын басыңыз.
3. Қауіпсіздік бөлімінде Әкімші параметрлері түймесін басыңыз.
4. Интернетте сканерлеу мүмкіндігін қосу үшін Интернетте сканерлеу параметрін таңдаңыз.
5. Применить (Қолдану) түймесін басыңыз.
Интернетте сканерлеуді пайдаланып сканерлеу
Интернетте сканерлеу мүмкіндігі арқылы сканерлеу негізгі сканерлеу опцияларын ұсынады. Қосымша
сканерлеу опцияларын немесе функционалдылығын алу үшін HP принтерінің бағдарламалық құралынан
сканерлеңіз.
1. Түпнұсқаны сканер әйнегінің алдыңғы оң жақ бұрышына төмен қаратып жүктеңіз.
Қосымша ақпарат алу үшін Түпнұсқаларды салу (52-бет) бөлімін қараңыз.
2. Енгізілген веб-серверді (EWS) ашыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін Енгізілген веб-серверді ашу
(88-бет) бөлімін қараңыз.
3. Сканерлеу қойындысын басыңыз.
4. Сол жақ тақтадағы Веб-сканерлеу түймесін басып, параметрлерді өзгертіңіз де, Сканерлеуді бастау
түймесін басыңыз.
KKWW Веб-сканерлеу көмегімен сканерлеу 59