User's Guide
Басу түймесінің конфигурациялау (PBC) әдісін пайдалану
1. WPS басу режимін қосу үшін (Сымсыз) түймесін үш секундтан ұзақ уақыт бойы басып тұрыңыз.
Сымсыз шамы жыпылықтай бастайды.
2. Маршрутизатордағы WPS түймесін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Құрылғы сымсыз байланыс орнатылғанша шамамен екі минуттай таймерді көрсетеді.
PIN әдісін пайдалану
1. Ақпараттық бетті басып шығару арқылы WPS PIN кодын анықтаңыз.
Бұл бетті басып шығару үшін (Сымсыз түймесі) және (Ақпарат түймесі) түймелерін бір уақытта
басып, бес секунд ұстап тұрыңыз.
WPS PIN коды ақпараттық беттің жоғарғы жағына басып шығарылады.
2. Сымсыз қосылым маршрутизаторы немесе сымсыз қатынас нүктесіне арналған конфигурациялық
қызмет бағдарламасын немесе бағдарламалық жасақтаманы ашыңыз және WPS PIN кодын енгізіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Реттеу бағдарламасын пайдалану туралы қосымша ақпаратты алу үшін
маршрутизатормен немесе сымсыз қатынас нүктесімен бірге берілген құжатты қараңыз.
Екі минуттай күте тұрыңыз. Принтер сәтті қосылса, Сымсыз шамы жыпылықтауды тоқтатып, тек жанып
тұрады.
KKWW Принтерді маршрутизатор арқылы сымсыз байланыс желісіне қосу 79