User's Guide

Принтерге сымсыз байланыс арқылы маршрутизаторсыз қосылу
(Wi-Fi Direct)
Бұрыннан бар сымсыз желіге қосылмай-ақ, Wi-Fi Direct арқылы компьютерден, смартфоннан, планшеттен
немесе сымсыз жұмыс істейтін құрылғыдан сымсыз түрде басып шығара аласыз.
Wi-Fi Direct құрылғысын пайдалану нұсқаулықтары
ЕСКЕРТПЕ: Wi-Fi Direct Туралы толық ақпарат алу үшін www.hp.com/go/widirectprinting сайтына кіріңіз.
Принтердің Wi-Fi Direct параметрі қосылғандығын тексеріңіз.
Компьютеріңіздің немесе мобильді құрылғыңыздың қажетті бағдарламалық құралы бар екенін
тексеріңіз.
Егер компьютер қолданып жатқан болсаңыз, принтерге ұсынылған принтердің бағдарламалық
жасақтамасы орнатылғанын тексеріңіз.
Гер HP принтерінің бағдарламалық құралы компьютерге орнатылмаған болса, алдымен
компьютерді принтер үшін Wi-Fi Direct байланысына қосып, принтердің бағдарламалық құралын
орнатыңыз. Принтердің бағдарламалық құралы байланыс түрін сұраған кезде Сымсыз
параметрін таңдаңыз.
Егер мобильді құрылғы пайдаланып жатқан болсаңыз, үйлесімді басып шығару бағдарламасын
орнатқаныңызды тексеріңіз.
Барлығы бес компьютер мен мобильді құрылғы бір Wi-Fi Direct байланысын пайдалана алады.
Сондай-ақ, принтер USB кабелін пайдаланатын компьютерге немесе сымсыз байланыс арқылы желіге
қосылып тұрғанда Wi-Fi Direct пайдалануға болады.
Wi-Fi Direct интернетке компьютерді, мобильді құрылғыны немесе принтерді қоса алмайды.
Wi-Fi Direct функциясын қосу немесе өшіру
Wi-Fi Direct қосылып тұрғанда, принтер дисплейінде (Wi-Fi Direct белгішесі) пайда болуы керек.
Белгіше өшіп тұрса, мына нұсқауларды орындаңыз.
Принтердің басқару тақтасында (Сымсыз түймесі) және (Жалғастыру түймесі) түймелерін бір
уақытта басып, үш секунд ұстап тұрыңыз.
Wi-Fi Direct функциясын өшіру үшін, дәл сол нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Wi-Fi Direct функциясын бірінші рет қосқан кезде принтер автоматты түрде Wi-Fi Direct
нұсқаулығын басып шығарады. Нұсқаулықта Wi-Fi Direct функциясын пайдалану туралы нұсқаулар
беріледі. Сонымен қатар (Жалғастыру түймесі) және (Ақпарат түймесі) түймелерін бір уақытта
басып, осы нұсқауды басып шығаруыңызға болады. Нұсқаулық барлық тілдерде қолжетімді болмауы
мүмкін.
Wi-Fi Direct аты мен құпия сөзді табу
Принтердің ақпараттық бетін басып шығару үшін принтердің басқару тақтасында (Ақпарат
түймесін) басыңыз.
80 6-тарау Қосылу KKWW