User's Guide
HP Smart қолданбасын пайдалану арқылы принтерді жалғау
HP Smart қолданбасы арқылы орнату
Принтерді сымсыз желіге орнату үшін HP Smart қолданбасын пайдалануға болады. HP Smart
қолданбасына iOS, Android, Windows және Mac құрылғыларында қолдау көрсетіледі. Осы бағдарлама
туралы ақпарат алу үшін, Басып шығару, сканерлеу және ақауларды жою үшін HP Smart қолданбасын
пайдаланыңыз (20-бет) бөлімін қараңыз.
1. Принтер мен компьютердің қосылып тқрғанына және бір сымсыз желіге жалғанып тұрғанына көз
жеткізіңіз
.
2. Принтерді алғаш қосқаныңызға екі сағаттан көп уақыт өткенмен, принтердің сымсыз байланыс
параметрлерін әлі орнатпаған болсаңыз, принтердің желілік параметрлерін қалпына келтіру арқылы
желілік параметрлерді орнату режиміне қойыңыз. Принтердің желілік параметрлерін қалай қалпына
келтіру керектігі жөнінде толық ақпаратты Түпнұсқа зауыттық әдепкі мәндер мен параметрлерді
қалпына келтіру (119-бет) бөлімінен көре аласыз.
3. Егер iOS немесе Android мобильді құрылғысын пайдаланып жатсаңыз, құрылғыңызда Bluetooth
мүмкіндігі қосулы екенін тексеріңіз.
ЕСКЕРТПЕ:
● HP Smart қолданбасы Bluetooth мүмкіндігін тек принтерді орнату үшін пайдаланады. Бұл iOS
және Android мобильдік құрылғыларындағы параметрлерді орнату процесін жылдам әрі оңай
етеді.
● Bluetooth мүмкіндігі арқылы басып шығаруға қолдау көрсетілмейді.
4. Құрылғыңыздағы HP Smart қолданбасын ашыңыз.
5. iOS/Android: HP Smart Қолданбасының негізгі экранында (Плюс белгішесін) түртіңіз, содан кейін
принтерді таңдаңыз
. Егер принтер тізімде болмаса, Add a new printer (Жаңа принтер қосу) опциясын
түртіңіз.
Windows: HP Smart Қолданбасының негізгі экранында (Плюс белгішесін) басыңыз немесе түртіңіз,
содан кейін принтерді таңдаңыз немесе қосыңыз.
Mac: HP Smart Қолданбасының негізгі экранында (Плюс белгішесін) басыңыз, содан кейін
принтерді таңдаңыз
. Егер принтер тізімде болмаса, Printer (Принтер) түймесін басыңыз, Set up a new
printer (Жаңа принтердің параметрлерін орнату) түймесін таңдаңыз.
Принтерді желіге қосу үшін құрылғыңыздың экранындағы нұсқауларды орындаңыз.
84 6-тарау Қосылу KKWW