User's Guide
Wi-Fi Direct арқылы енгізілген веб-серверді ашу
1. Принтердегі Wi-Fi Direct мүмкіндігі қосылғандығын тексеріңіз. Wi-Fi Direct қосу үшін, Принтерге сымсыз
байланыс арқылы маршрутизаторсыз қосылу (Wi-Fi Direct) (80-бет) бөлімін қараңыз.
2. Сымсыз компьютерден сымсыз қосылымды қосып іздеңіз және Wi-Fi Direct атауына қосылыңыз,
мысалы: DIRECT-**-HP Smart Tank (мұндағы ** — принтерді анықтайтын бірегей таңбалар).
Сұралған болса, Wi-Fi Direct құпиясөзін енгізіңіз.
Wi-Fi Direct аты мен құпия сөзін табу үшін Принтерге сымсыз байланыс арқылы маршрутизаторсыз
қосылу (Wi-Fi Direct) (80-бет) бөлімін қараңыз.
3. Компьютеріңіздегі қолдау көрсетілетін веб-браузерге келесі мекенжайды енгізіңіз: http://
192.168.223.1.
«Сookie» файлдары туралы
Енгізілген веб-сервер шолуды орындап жатқан кезде қатты дискіге өте кішкентай мәтін файлдарын
(cookie) орналастырады. Осы файлдар келесіде кіргенде ендірілген веб-сервердің компьютерді тануына
мүмкіндік береді. Мысалы, енгізілген веб-сервердің тілін теңшеген болсаңыз, «cookie» файлдары келесі рет
енгізілген веб-серверге кіргенде, беттер сол тілде көрсетілуі үшін таңдалған тілді есте сақтауға
көмектеседі. Кейбір «cookie» файлдарын (мысалы, тұтынушы белгілеген параметрлермен сақталатын
«cookie» файлдары) қолмен жоймайынша компьютерде сақталады.
Шолғышты барлық «cookie» файлдарын қабылдау үшін теңшейтін етіп немесе қайсы «cookie» файлдарын
қабылдау немесе қабылдамау қажеттігін шешуге мүмкіндік беретін, әрбір «cookie» файлы ұсынылған кезде
ескертілетін етіп теңшеуге болады. Қажетсіз «cookie» файлдарын жою үшін шолғышты да пайдалануға
болады.
ЕСКЕРТПЕ: Принтерге байланысты «cookie» файлдарын ажырататын болсаңыз, келесі мүмкіндіктердің
бірін немесе бірнешеуін ажыратуға болады:
● Бағдарламаны шыққан жерден бастау (әсіресе орнату шеберлерін қолданғанда пайдалы)
● Ендірілген веб-сервер шолғышы тілінің параметрін есте сақтау
● EWS Главная (Басты) бетін жекелеу
Құпиялылықты және «cookie» файлының параметрлерін өзгерту әдісі және «cookie» файлдарын қарап
шығу немесе жою жолы туралы қосымша ақпаратты веб-шолғышта қол жетімді құжаттамадан қараңыз.
KKWW Принтерді басқарудың кеңейтілген құралдарын пайдалану (желілік принтерлер үшін) 89