User's Guide

Желілік принтерді орнату және пайдалану туралы кеңестер
Желілік принтерді орнату және пайдалану үшін келесі кеңестерді пайдаланыңыз.
Сымсыз желілік принтерді орнатқан кезде сымсыз маршрутизатор немесе кіру нүктесі қосылғанына
көз жеткізіңіз. Принтер сымсыз маршрутизаторды іздеп, анықталған желі атауларын компьютерге
тізімдейді.
Компьютер Виртуалды жеке желіге (VPN) қосылса, желідегі басқа кез келген құрылғыға, сондай-ақ
принтерге қосылудан бұрын VPN желісін өшіру қажет.
Желіні және принтерді сымсыз басып шығаруға теңшеу туралы қосымша мәліметтер. Қосымша
ақпарат алу үшін желіге өту мақсатында осы жерді басыңыз.
Желінің қауіпсіздік параметрлерін қалай табу керектігін үйреніңіз. Қосымша ақпарат алу үшін желіге
өту мақсатында осы жерді басыңыз.
Сымсыз желіңіз арқылы интернет қосылып тұрғанына көз жеткізіңіз.
Принтердің желіге қосылып тұрғанын тексеріңіз.
Принтер мен компьютердің қосылып тқрғанына және бір сымсыз желіге жалғанып тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Принтерді алғаш қосқаныңызға екі сағаттан көп уақыт өткенмен, принтердің сымсыз байланыс
параметрлерін әлі орнатпаған болсаңыз, принтердің желілік параметрлерін қалпына келтіру арқылы
желілік параметрлерді орнату режиміне қойыңыз. Параметрлерді орнату режимі екі сағатқа
созылады. Принтердің желілік параметрлерін қалай қалпына келтіру керектігі жөнінде толық
ақпаратты Түпнұсқа зауыттық әдепкі мәндер мен параметрлерді қалпына келтіру (119-бет) бөлімінен
көре аласыз.
Мобильдік құрылғы пайдаланып жатсаңыз, Bluetooth функциясын қосыңыз.
HP Print and Scan Doctor құралы туралы қосымша ақпарат алыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін желіге
өту мақсатында осы жерді басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл қызметтік бағдарлама тек Windows операциялық жүйесінде қолданылады.
USB түрінен сымсыз қосылым түріне қалай өзгерту керектігін үйреніңіз. Қосымша ақпарат алу үшін
желіге өту мақсатында осы жерді басыңыз.
Принтерді орнату кезінде желіаралық қорғау құрылғысымен және антивирустық бағдарламалармен
қалай жұмыс істеуді үйреніңіз. Қосымша ақпарат алу үшін желіге өту мақсатында осы жерді басыңыз.
90 6-тарау Қосылу KKWW