Пайдаланушы нұсқаулығы
© Copyright 2016 HP Development Company, L.P. AMD белгісі – Advanced Micro Devices, Inc. корпорациясының сауда белгісі. Bluetooth өз меншік иесінің сауда белгісі болып табылады және оны HP Inc. компаниясы лицензия бойынша пайдаланады. Intel, Celeron және Pentium – Intel корпорациясының АҚШ-тағы және/немесе басқа елдердегі сауда белгілері. Microsoft және Windows – тіркелген сауда белгілері немесе АҚШ және/немесе басқа елдердегі Microsoft корпорациясының сауда белгілері.
Қауіпсіздік туралы ескерту хабары АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қызып кетумен байланысты зақымдарды немесе компьютердің қатты қызып кету жағдайын азайту үшін компьютерді тізеңізге қоймаңыз немесе компьютердің ауа желдеткішін бітемеңіз. Компьютерді тек қатты, тегіс беттің үстіне қойып пайдаланыңыз. Қасында тұрған қосымша принтер сияқты қатты беттің немесе жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ беттің ауа ағынын бөгеуіне жол бермеңіз.
iv Қауіпсіздік туралы ескерту хабары
Процессордың конфигурация параметрі (тек таңдаулы өнімдерде). МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Компьютердің таңдаулы өнімдері Intel ® Pentium ® N35xx/N37xx сериялы немесе Celeron ® N28xx/N29xx/N30xx/N31xx сериялы процессормен және Windows ® амалдық жүйесімен жабдықталады. Жоғарыда сипатталған компьютерде msconfig.exe файлында процессордың конфигурациялық параметрлерін 4 немесе 2 процессордан 1 процессорға өзгертпеңіз. Егер өзгертсеңіз, компьютер қайта қосылмайды.
vi Процессордың конфигурация параметрі (тек таңдаулы өнімдерде).
Maзмұны 1 Қош келдіңіз ................................................................................................................................................ 1 Ақпаратты табу .................................................................................................................................................... 2 2 Бөліктер ......................................................................................................................................................
Түрту ................................................................................................................................................. 26 Екі саусақ көмегімен қысып масштабтау ...................................................................................... 26 Екі саусақпен (тек сенсорлы тақтада) жылжыту ......................................................................... 27 Екі саусақпен (тек сенсорлы тақтада) түрту ................................................................
Оянған кезде сұралатын құпиясөзбен қорғау ........................................................... 39 Батарея қуатын пайдалану ............................................................................................................ 40 Батарея туралы қосымша ақпарат табу ..................................................................... 40 HP Battery Check бағдарламасын пайдалану ............................................................. 40 Қалған батарея зарядын көрсету ........................
8 Күтім .......................................................................................................................................................... 59 Компьютер жұмысын жақсарту ....................................................................................................................... 59 Дискіні дефрагментациялау құралын пайдалану ....................................................................... 59 Дискіні тазалау құралын пайдалану ...........................................
HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) пайдалану ............................................................................................ 75 HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) құралын USB құрылғысына жүктеу ....................................................... 75 12 Техникалық сипаттамасы ........................................................................................................................ 77 Тұтынылатын қуат ..............................................................................
xii
1 Қош келдіңіз Компьютерді орнатқан және тіркеген соң, зерделі қаржыландырудың ең көбін алу үшін келесі қадамдарды орындауды ұсынамыз: ● КЕҢЕС: Ашық тұрған бағдарламадан немесе Windows жұмыс үстелінен компьютердің бастау экранына жылдам оралу үшін, пернетақтадағы Windows пернесін басыңыз. Windows пернесін қайта басу алдыңғы экранға қайтарады. ● Интернетке қосылу — Интернетке қосылу үшін, сымды және сымсыз желіні реттеңіз. Қосымша ақпаратты Желі қосылымдары (21-бет) бөлімінен қараңыз.
Ақпаратты табу Өнім туралы егжей-тегжейлі деректерді, практикалық нұсқаулық ақпаратын және қосымша мәліметтерді қамтамасыз ететін ресурстарды табу үшін, мына кестені қараңыз. Ресурстар Мазмұны Орнату нұсқаулары ● Компьютердің параметрлерін орнатуға және мүмкіндіктеріне жалпы шолу НР қолдау қызметі ● HP маманымен желіде сөйлесу НР қолдау қызметін пайдалану үшін http://www.hp.com/support мекенжайына өтіңіз.
Ресурстар Мазмұны Документация НР (НР құжаттары) тармақтарын таңдаңыз. – немесе – ▲ Пуск (Бастау) түймесін басып, Все программы (Барлық бағдарламалар) (кейбір өнімдерде талап етіледі), НР, одан кейін Документация НР (НР құжаттары) тармақтарын таңдаңыз. – немесе – ▲ http://www.hp.com/go/orderdocuments вебторабына өтіңіз. МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Пайдаланушы нұсқаулығының ең соңғы нұсқасын ашу үшін Интернетке қосылу қажет.
2 Бөліктер Аппараттық құралдардың орналасқан жерлері Компьютерге орнатылған аппараттық құралдарды көру үшін: ▲ Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында диспетчер устройств (құрылғылар басқарушысы) деп теріп, Диспетчер устройств (Құрылғылар басқарушысы) қолданбасын таңдаңыз. Компьютерге орнатылған барлық құрылғылар тізімде көрсетіледі. Жүйенің аппараттық құралдарының компоненттері және жүйенің BIOS нұсқасының нөмірі туралы ақпарат алу үшін fn+esc (тек таңдаулы өнімдерде) пернелерін басыңыз.
Оң жағы Бөлік Сипаттама (1) USB Type-C зарядтау порты Компьютер қосулы кезінде ұялы телефон, камера, әрекет бақылауышы немесе смарт сағат сияқты, C түрлі коннекторы бар USB құрылғыларын жалғап, зарядтайды. (2) Қосарлы режимі бар DisplayPort Ажыратымдылығы жоғары монитор немесе проектор сияқты қосымша сандық көрсету құрылғысын жалғайды. (3) Жад картасын оқу құрылғысы Ақпарат сақтауға, басқаруға, ортақ пайдалануға немесе ашуға мүмкіндік беретін қосымша жад карталарын оқиды. Картаны салу үшін: 1.
Бөлік Сипаттама ЕСКЕРТПЕ: Құрылғы ұяға қосылған кезде, компьютер үндеткіштері ажыратылады. (5) USB 3.x порты Ұялы телефон, камера, әрекет бақылағышы немесе смарт сағат сияқты USB құрылғысын жалғап, деректер тасымалын қамтамасыз етеді. (6) RJ-45 (желі) ұясы/күй шамдары Желілік кабелді қосады. ● Жасыл (сол жақта): желі қосылған. ● Сары (оң жақта): Желіде әрекет орын алуда. (7) Қондыру қосқышы Қосымша қондыру құрылғысын жалғайды.
Бөлік Сипаттама құрылғыларын жалғап, зарядтайды және деректерді жоғары жылдамдықпен беруді қамтамасыз етеді. (5) Смарт карта оқу құралы Қосымша смарт-карталарға қолдау көрсетеді. Дисплей Бөлік Сипаттама (1) WLAN антенналары* (2) (тек таңдаулы өнімдерде) Сымсыз жергілікті желілермен (WLAN) байланыста болу үшін сымсыз байланыс сигналдарын жібереді және қабылдайды.
Бөлік Сипаттама Сымсыз байланыс ережелері туралы ескертпелерді көру үшін, мемлекетіңізде немесе аймағыңызда қолданылатын Заңдық, қауіпсіздік және экологиялық ескертпелер бөлімін қараңыз. Бұл нұсқаулықты пайдалану үшін: 1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында поддержка (қолдау) сөзін жазып, HP Support Assistant бағдарламасын таңдаңыз. – немесе – Тапсырмалар тақтасындағы сұрау белгісінің белгішесін басыңыз. 2.
Бөлік Сипаттама (4) Сенсорлы тақта аймағы Меңзерді жылжыту немесе экрандағы элементтерді ашу үшін саусақпен орындалатын қимылдарды оқиды. (5) Сол жақ сенсорлы тақта түймешігі Сыртқы тінтуірдің сол жақ түймешігі сияқты жұмыс істейді. (6) Оң жақ меңзегіш құрылғы түймесі Сыртқы тінтуірдің оң жақ түймешігі сияқты жұмыс істейді.
Бөлік (3) Сипаттама Микрофон дыбысын өшіру шамы ● Сары: микрофон дыбысы өшірулі. ● Өшірулі: микрофон дыбысы қосулы. (4) Num lk шамы Қосулы: Num lock қосулы. (5) Сымсыз байланыс шамы Қосулы: сымсыз жергілікті желі (WLAN) құрылғысы және/ немесе Bluetooth® құрылғысы сияқты бекітілген сымсыз құрылғы қосулы. ЕСКЕРТПЕ: Кейбір үлгілерде барлық сымсыз құрылғылар өшірулі болғанда, сымсыз байланыс шамы сары түспен жанып тұрады. (6) Дыбысты өшіру шамы Сары: компьютер дыбысы өшірулі.
Бөлік Сипаттама дисплейдің және басқа да қажет емес құрамдас бөліктердің қуатын өшіреді. ● (2) (3) Өшірулі: компьютер өшірулі немесе күту күйінде. Күту күйі — ең аз мөлшерде қуат тұтынатын қуатты үнемдеу күйі. Құпиялылық шамы (тек таңдаулы өнімдерде) Қосулы: құпиялылық экраны ашық. Микрофон дыбысын өшіру шамы ● Сары: микрофон дыбысы өшірулі. ● Өшірулі: микрофон дыбысы қосулы. Өшірулі: құпиялылық экраны жабық. (4) Num lk шамы Қосулы: Num lock қосулы.
Түймешіктер, үндеткіштер және саусақ ізін оқу құрылғысы Бөлік (1) Сипаттама Қуат түймешігі ● Компьютер өшірулі болғанда, компьютерді қосу үшін түймешікті басыңыз. ● Компьютер қосулы болғанда, ұйқы күйін қосу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер ұйқы күйінде болғанда, ұйқы күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер күту күйінде болған кезде, күту күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ЕСКЕРТУ: Қуат түймешігін басып тұрғанда сақталмаған ақпараттар жойылады.
Бөлік Сипаттама (2) Үндеткіштер (2) Дыбыс шығарады. (3) Сымсыз байланыс түймешігі Сымсыз байланыс мүмкіндігін қосып-өшіреді, бірақ сымсыз байланыс орнатпайды. Сымсыз байланысты орнату үшін сымсыз желі де орнатылуы қажет. (4) Дыбыс деңгейін өшіру түймесі Үндеткіш дыбысын өшіреді және қайта қосады. (5) Саусақ ізін оқу құрылғысы (тек таңдаулы өнімдерде) Құпия сөзді енгізбестен, саусақ ізін пайдаланып Windows амалдық жүйесіне кіруге мүмкіндік береді.
Пернелер ЕСКЕРТПЕ: Компьютерге ұқсас суретті қараңыз. Бөлік Сипаттама (1) esc пернесі fn пернесімен бірге басылған кезде жүйе ақпараты көрсетіледі. (2) fn пернесі Функциялық пернемен, num lk пернесімен, esc пернесімен немесе басқа пернемен бірге басылғанда жиі пайдаланылатын жүйелік функцияларды орындайды. Пернелер тіркесімдерін пайдалану (15-бет) бөлімін қараңыз (3) Windows пернесі Пуск (Бастау) мәзірін ашады. ЕСКЕРТПЕ: Windows пернесін қайта бассаңыз, Пуск (Бастау) мәзірі жабылады.
Бөлік Сипаттама (1) esc пернесі fn пернесімен бірге басылған кезде жүйе ақпараты көрсетіледі. (2) fn пернесі Функциялық пернемен, num lk пернесімен, esc пернесімен немесе басқа пернемен бірге басылғанда жиі пайдаланылатын жүйелік функцияларды орындайды. Пернелер тіркесімдерін пайдалану (15-бет) бөлімін қараңыз (3) Windows пернесі Пуск (Бастау) мәзірін ашады. ЕСКЕРТПЕ: Windows пернесін қайта бассаңыз, Пуск (Бастау) мәзірі жабылады.
fn пернесін және функциялық пернені басыңыз. Сипаттама Басқа адамдардың жан-жақтан көруіне жол бермейді. Егер қажет болса, жақсы жарықтандырылған немесе қараңғы болған бөлмелер үшін жарықтық деңгейін көбейтіңіз немесе азайтыңыз. Қауіпсіздік экранын өшіру үшін fn+f2 пернелерін қайта басыңыз. ЕСКЕРТПЕ: Ең жоғары қауіпсіздік параметрін тез қосу үшін fn+p пернелерін басыңыз. Ұйқылық күйді қосады, бұл ақпаратыңызды жүйелік жадқа сақтайды. Дисплей және жүйенің басқа бөліктері өшеді, ал қуат қосулы қалады.
Астыңғы жағы Бөлік Сипаттама (1) Қондыру қосқыштары (2) Қосымша қондыру құрылғысын жалғайды. (2) Желдеткіш саңылаулары (2) Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қамтамасыз етеді. ЕСКЕРТПЕ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді салқындату үшін және қызып кетуден қорғау үшін автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында желдеткіштің біресе қосылып, біресе өшіп отыруы – қалыпты жағдай.
Бөлік (2) Сипаттама Қуат шамы (3) Батарея шамы ● Қосулы: компьютер қосулы. ● Жыпылықтау: қуатты үнемдеу күйі болып табылатын «Ұйқы күйі» компьютерде қосылған. Компьютер дисплейдің және басқа да қажет емес құрамдас бөліктердің қуатын өшіреді. ● Өшірулі: компьютер өшірулі немесе күту күйінде. Күту күйі — ең аз мөлшерде қуат тұтынатын қуатты үнемдеу күйі. Айнымалы ток көзіне қосылған кезде: ● Ақ: Батарея заряды 90% асады. ● Сары: Батарея заряды – 0 мен 90% аралығында.
Бөлік (1) Сериялық нөмір (2) Өнім нөмірі (3) Кепілдік күшінің мерзімі (4) Модель нөмірі (тек таңдаулы өнімдерде) Бөлік (1) Модель атауы (тек таңдаулы өнімдерде) (2) Өнім нөмірі (3) Сериялық нөмір (4) Кепілдік күшінің мерзімі ● Техникалық деректер жапсырмасы(лары) — компьютер туралы техникалық ақпаратты береді.
2. Картаны SIM ұясына енгізіп, карта нық отырғанша оны ішіне итеріңіз. ЕСКЕРТПЕ: Компьютердің SIM картасы осы бөлімдегі суреттегіден сәл өзгешелеу болуы мүмкін. ЕСКЕРТПЕ: Дұрыс бағыттау үшін картадағы суретке қараңыз. SIM картасын шығарып алу үшін картаны басып, ұясынан шығарып алыңыз.
3 Желі қосылымдары Осы компьютермен кез келген жерге саяхаттауға болады. Алайда, компьютер мен сымсыз не сымды желі байланысын пайдаланып үйде отырып та дүние жүзін шарлап, миллиондаған веб-тораптардың ақпараттарына қол жеткізуге болады. Осы тараудағы ақпарат әлеммен байланысуға көмектеседі.
Сымсыз байланыс түймесі Компьютерде сымсыз байланыс түймешігі, бір немесе бірнеше сымсыз құрылғылар және бір немесе екі сымсыз байланыс шамы бар. Компьютердегі сымсыз құрылғылардың барлығы зауытта іске қосылады. Сымсыз байланыс шамы жеке құрылғылардың емес, сымсыз құрылғылардың жалпы қуат күйін анықтайды. Амалдық жүйе басқару элементтері Желі және ортақ қолдану орталығы қосылымды немесе желіні орнатуға, желіге қосылуға, желі ақаулықтарын тексеруге және жөндеуге мүмкіндік береді.
НР Мобильді кең жолақты модулін пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде) HP мобильді кең жолақты компьютеріңізде кең ауқымды мобильді қызметке қолдау көрсетілген. Жаңа компьютерді мобильді оператордың желісімен пайдаланғанда Интернетке қосылу, электрондық пошта жіберу немесе корпоративтік желіге қосылу Wi-Fi жылдам қосылу нүктесінсіз мүмкін болады. ЕСКЕРТПЕ: Компьютер HP мобильді байланысты қамтитын болса, бұл бөлімдегі нұсқаулар қолданылмайды.
Bluetooth сымсыз құрылғыларын пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде) Bluetooth құрылғысы әдетте мына электрондық құрылғыларды байланыстыратын физикалық кабель қосылымдарын ауыстыратын қысқа ауқымды сымсыз байланыстарды қамтамасыз етеді.
2. Желілік кабелдің екінші ұшын желінің қабырға ұясына (2) немесе жол жоспарлағышқа жалғаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Желі кабелінің теледидар мен радио кедергілерінен қорғайтын кедергілерді басу схемасы (3) бар болса, кабельдің осы схема орналасқан ұшын компьютерге қарай бағыттаңыз.
4 Экранда шолу Компьютер экраны бойынша келесі әдістермен жылжуға болады: ● Тікелей компьютер экранынан сенсорлық қимылдарды пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде) ● Сенсорлық қимылдарды сенсорлы тақтада пайдалану ● Пернетақтаны және қосымша тінтуірді пайдаланыңыз (тінтуір бөлек сатылады) ● Экрандық пернетақтаны пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде) ● Меңзегіш таяқшаны пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде) Сенсорлы тақтаны және сенсорлы экран қимылдарын пайдалану Сенсорлы тақта қарапайым саусақ қозғалыстар
● Кішірейту үшін, екі саусақты сенсорлы тақта аймағында немесе сенсорлы экранға арасын алшақ қойып, одан кейін олардың арасын жақындатыңыз. ● Үлкейту үшін, екі саусақты сенсорлы тақта аймағында немесе сенсорлы экранда бірге қойып, олардың арасын ашыңыз. Екі саусақпен (тек сенсорлы тақтада) жылжыту Екі саусақпен жылжу қимылын бетте немесе суретте жоғары, төмен қарай немесе жақтарға жылжу үшін пайдаланыңыз.
● Әрекет орталығын ашу және ағымдағы параметрлер мен хабарландыруларды көру үшін сенсорлы тақтаны төрт саусақпен түртіңіз. Үш саусақты сырғыту (тек сенсорлы тақтада) Ашық терезелерді көру үшін және ашық тұрған терезелер мен жұмыс үстелі арасында ауысу үшін үш саусақты сырғыту қимылын пайдаланыңыз. ● Ашық тұрған барлық терезелерді көру үшін 3 саусағыңызды өзіңізден сырғытыңыз. ● Жұмыс үстелін көрсету үшін 3 саусағыңызды өзіңізге қарай сырғытыңыз.
Пернетақтаны және қосымша тінтуірді пайдалану Пернетақта және тінтуір теруге, элементтерді таңдауға, айналдыруға және сенсорлы экрандағы қимылдар сияқты бірдей функцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, пернетақта арнайы функцияларды орындау мақсатымен әрекет пернелері мен жылдам пернелер тіркесімдерін пайдалануға мүмкіндік береді. ЕСКЕРТПЕ: Еліңізге/аймағыңызға байланысты, пернетақтаның пернелері мен пернетақта функциялары осы бөлімде сипатталғаннан өзгешелеу болуы мүмкін.
5 Ойын-сауық мүмкіндіктері НР компьютерін бизнес немесе ойын-сауық мақсаттарында басқа пайдаланушылармен веб-камера арқылы байланысу, дыбыс пен бейнені біріктіру немесе проектор, монитор, теледидар не үндеткіштер сияқты сыртқы құрылғыларды қосу үшін пайдаланыңыз. Компьютерде аудио, видео және камера мүмкіндіктерінің орналасқан орындары туралы ақпаратты Бөліктер (4-бет) бөлімінде қараңыз.
2. Екі NFC антеннасын біріктіріп ұстаңыз. Антенналар бір-бірін таныған кезде, дыбыс естілуі мүмкін. ЕСКЕРТПЕ: NFC антеннасы компьютердегі сенсорлы тақта астында орналасқан. Басқа құрылғының NFC антеннасының орналасқан орнын табу үшін құрылғының нұсқауларын қараңыз. 3. Құрылғыңыздан тасымалдауды бастауды сұрайтын хабарды және тасымалданатын нәрсені қабылдауды сұрайтын хабарды көруге болады. Тасымалданатын нәрсені қабылдау үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Құлақаспаптарды қосу АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспаптар немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс қаттылығын төмендетіңіз. Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат алу үшін, Заңдық, қауіпсіздік және экологиялық ескертпелер нұсқаулығын қараңыз. Бұл құжатты ашу үшін: 1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында поддержка (қолдау) сөзін жазып, HP Support Assistant бағдарламасын таңдаңыз. – немесе – Тапсырмалар тақтасындағы сұрау белгісінің белгішесін басыңыз. 2.
Дыбыс параметрлерін қарау немесе өзгерту үшін: ▲ Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында панель управления (басқару тақтасы) деп теріп, Панель управления (Басқару тақтасы) опциясын таңдаңыз, Аппаратное обеспечение и звук (Аппараттық құрал және дыбыс) опциясын таңдап, Звук (Дыбыс) пәрменін таңдаңыз.
2. Экрандағы суретті 4 түрлі көрсету күйіне ауыстырып қосу үшін, fn+f4 пернесін басыңыз: ● ДК экраны ғана: экрандағы кескінді тек компьютерден көру. ● Қос: экрандағы кескінді бір уақытта компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен де көру. ● Кеңейтілген: экрандағы кескінді компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен көру. ● Екінші экран ғана: экрандағы кескінді тек сыртқы құрылғыдан көру. fn+f4 пернелер тіркесімі басылған сайын, көрсету күйі өзгереді.
Бірнеше дисплей құрылғысын орнату үшін осы қадамдарды орындаңыз: 1. DP-to-DP кабелімен (бөлек сатып алынады) сыртқы хабты (бөлек сатып алынады) компьютердегі DisplayPort қосыңыз. Концентратордың қуат адаптері айнымалы ток қуатына қосылғанына көз жеткізіңіз. 2. Сыртқы дисплей құрылғыларын хабтағы VGA немесе DisplayPorts порттарына жалғаңыз. 3. Барлық қосылған дисплей құрылғыларын көру үшін тапсырмалар тақтасының іздеу өрісіне құрылғылар реттеуші сөзін енгізіп, Device Manager бағдарламасын таңдаңыз.
Бірнеше дисплей құрылғысын орнату үшін осы қадамдарды орындаңыз: 1. Сыртқы құрылғыларды VGA порттарына немесе компьютер негізіндегі немесе қондыру станциясындағы Displayport порттарына (DP) жалғау 2. Windows монитордың DP желі торабына қосылғанын анықтағанда, DisplayPort Topology Хабарландыру тілқатысу терезесі көрсетіледі. Дисплей параметрлерін реттеу үшін қажетті опцияларын басыңыз.
6 Қуатты басқару ЕСКЕРТПЕ: Компьютерде қуат түймешігі немесе қуат қосқышы болуы мүмкін. Қуат түймешігі термині осы нұсқаулықта қуатты басқару элементтерінің екі түрін білдіреді. Компьютерді өшіру (сөндіру) ЕСКЕРТУ: Компьютер өшірілген кезде сақталмаған мәліметтер жойылады. Жұмысты аяқтау пәрмені амалдық жүйені қоса барлық ашық бағдарламаларды жауып, дисплей мен компьютерді өшіреді.
HP Жылдам зарядтау мүмкіндігін пайдалану үшін, компьютерді өшіріңіз, одан кейін айнымалы ток адаптерін компьютерге және сыртқы қуат көзіне қосыңыз. Қуат параметрлерін орнату ЕСКЕРТУ: Компьютердің Ұйқы режимінде бірнеше осал тараптары бар. Компьютеріңіздегі деректерді, сонымен қатар шифрланған деректерді рұқсатсыз пайдаланудың алдын алу үшін HP компаниясы Ұйқы режимінің орнына Ұйқылық режимін пайдалануды ұсынады, сонда компьютер кез келген уақытта физикалық ықпалыңыздан тыс болады.
3. Изменение параметров, которые сейчас недоступны (Ағымдағы қол жеткізгісіз параметрлерді өзгерту) пәрменін таңдаңыз және При нажатии кнопки питания (Қуат түймешігін басқан кезде) немесе При нажатии кнопки сна (Ұйқы түймешігін басқан кезде) аймағында Гибернация (Күту режимі) пәрменін таңдаңыз. – немесе – Қуат мәзірінде Күту режимі опциясын көрсету үшін Параметры завершения работы (Жұмысты аяқтау параметрлерінен) Гибернация (Күту режимі) тармағын таңдаңыз. 4.
ЕСКЕРТПЕ: Пайдаланушы есептік жазбасының құпия сөзін жасау немесе ағымдағы құпия сөзді өзгерту үшін Создание или изменение пароля учетной записи пользователя (Пайдаланушы есептік жазбасының құпия сөзін жасау немесе өзгерту) тармағын таңдап, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Пайдаланушы есептік жазбасының құпия сөзін жасау немесе өзгерту қажет болмаған жағдайда, 5-қадамға өтіңіз. 5. Сохранить изменения (Өзгертулерді сақтау) параметрін таңдаңыз.
HP Battery Check бағдарламасын іске қосу үшін: 1. Айнымалы ток адаптерін компьютерге қосыңыз. ЕСКЕРТПЕ: Батареяны тексеру құралының дұрыс жұмыс істеуі үшін компьютер сыртқы қуат көзіне жалғануы тиіс. 2. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында поддержка (қолдау) сөзін жазып, HP Support Assistant бағдарламасын таңдаңыз. – немесе – Тапсырмалар тақтасындағы сұрау белгісінің белгішесін басыңыз. 3.
Төмен батарея деңгейлерін анықтау Компьютердің жалғыз қуат көзі болатын батарея заряды төмен батарея деңгейіне жеткенде, батарея шамы жыпылықтайды. ● Батарея шамы (тек таңдаулы өнімдерде) батарея зарядының төмен немесе тым төмен деңгейін көрсетеді. – немесе – ● Индикатор питания (Қуат көрсеткішінің) белгішесі төмен немесе өте төмен заряд деңгейі туралы хабарландыру береді. Егер компьютер қосулы немесе ұйқылық күйде болса, компьютерде ұйқылық күй қысқа уақытқа қосылады да, компьютер өшіріледі.
Батареяны тастау Батареяны пайдалану мерзімі аяқталғанда, оны жалпы үй қалдықтарымен бірге қоқысқа тастамаңыз. Батареяны қоқысқа тастау кезінде, жергілікті заңдарды және аймағыңызда қолданылатын ережелерді орындаңыз. Батареяны ауыстыру Осы құрылғыдағы батареяны (батареяларды) пайдаланушы арқылы оңай ауыстыруға болмайды. Батареяны алу немесе ауыстыру кепілдік күшіне әсер етуі мүмкін. Егер батареяның заряды тез бітетін болса, қолдау қызметімен хабарласыңыз.
Сыртқы айнымалы ток қуаты көзін пайдалану АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Мүмкін сақтық шараларына қатысты мәселелерді болдырмау үшін, компьютермен қамтамасыз етілетін айнымалы ток адаптерін, HP қамтамасыз ететін ауыстырғыш айнымалы ток адаптерін немесе HP компаниясынан сатып алынған айнымалы ток адаптерін ғана пайдаланыңыз. ЕСКЕРТПЕ: Айнымалы ток көзіне қосылу жөнінде қосымша ақпаратты қораптың ішіндегі Орнату нұсқаулары постерінен қараңыз.
7 Қауіпсіздік Компьютерді қорғау Windows амалдық жүйесі қамтамасыз ететін стандартты қауіпсіздік мүмкіндіктері және Windows жүйесіне кіретін Computer Setup (кез келген амалдық жүйеде жұмыс істейтін BIOS) құралы жеке параметрлеріңіз бен деректеріңізді әртүрлі қауіптерден қорғауы мүмкін. ЕСКЕРТПЕ: Қауіпсіздік шешімдері сақтандырғыш құрал ретінде әрекет ету үшін жасалған. Бірақ олар құрылғыға күтімсіз қараудан немесе оны ұрланудан қорғай алмауы мүмкін.
Құпия сөздерді пайдалану Құпия сөз – компьютер ақпаратын қорғау үшін таңдалатын таңбалардың тобы. Ақпаратқа кіруді басқарудың жолына байланысты құпия сөздердің бірнеше түрлері орнатылуы мүмкін. Құпия сөздер Windows жүйесінде немесе компьютерде алдын ала орнатылған Computer Setup утилитасы арқылы тағайындалады. ● BIOS әкімшісінің қосылғанда сұралатын құпия сөзі және DriveLock құпия сөзі Computer Setup утилитасында орнатылады. Олар жүйенің BIOS бағдарламасы арқылы басқарылады.
Құпия сөз Қызмет Қосылғанда сұралатын құпия сөз ● Оны компьютерді қосқан не қайта бастаған сайын енгізу қажет. ● Қосылғанда сұралатын құпия сөзді ұмытып қалсаңыз, компьютерді қосу немесе қайта қосу мүмкін болмайды. DriveLock басты құпия сөзі* DriveLock арқылы қорғалатын ішкі қатты дискіге кіруді қорғайды және бұл құпия сөз DriveLock құпия сөздерін іске қосу кезінде орнатылады. Сонымен қатар, бұл құпия сөз DriveLock қорғанысын алуға қолданылады.
● Пернетақтасы жоқ планшеттерді пайдалану кезінде: ▲ Планшетті өшіріңіз. Бастау мәзірі экранға шыққанша, қуат түймесін дыбыс деңгейін азайту түймешігімен бірге басыңыз, одан кейін Computer Setup утилитасын ашу үшін F10 пернесін басыңыз. 2. Ағымдағы BIOS әкімші құпия сөзін енгізіңіз. 3.
BIOS әкімші құпия сөзін енгізу BIOS әкімші құпия сөзін енгізу сұралған кезде, құпия сөзіңізді (құпия сөзді орнатқанда басылған бірдей пернелерді пайдалану арқылы) теріңіз, одан кейін enter пернесін басыңыз. BIOS әкімші құпия сөзін енгізудің екі сәтсіз әрекетінен кейін компьютерді өшіріп қайта бастаңыз және әрекетті қайталаңыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ететін DriveLock опцияларын қолдану DriveLock – қатты дискі мазмұндарына рұқсатсыз енуден қорғауға арналған.
4. enter пернесі мен тінтуірдің сол жақ түймешігін басу немесе сенсорлы экранды пайдалану арқылы Automatic DriveLock (Автоматты DriveLock) құсбелгісін қойыңыз. 5. Өзгертулерді сақтап Computer Setup утилитасынан шығу үшін, Save (Сақтау) пернесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. – немесе – Main (Негізгі) опциясын, одан кейін Save Changes and Exit (Өзгерістерді сақтап шығу) опциясын таңдаңыз және enter пернесін басыңыз.
Автоматты DriveLock құпия сөзін енгізу Егер автоматты DriveLock мүмкіндігі қосулы және диск бастапқы компьютерге жалғанған күйінде қалса, дискті бұғатсыздандыру үшін DriveLock құпия сөзін енгізу нұсқауы берілмейді. Дегенмен, егер диск басқа компьютерге жылжытылған болса немесе бастапқы компьютердегі жүйелік тақта ауыстырылған болса, DriveLock құпия сөзін енгізу нұсқауы беріледі.
DriveLock басты құпия сөзін тағайындау DriveLock құралының басты құпия сөзін орнату үшін мына қадамдарды орындаңыз: 1. Computer Setup (Компьютерді орнату) утилитасын бастаңыз. ● ● Пернетақтасы бар компьютерлер немесе планшеттерді пайдалану кезінде: 1. Компьютерді өшіріңіз. 2. Computer Setup утилитасын ашу үшін, қуат түймесін басыңыз және НР логотипі экранға шыққанда f10 пернесін басыңыз. Пернетақтасы жоқ планшеттерді пайдалану кезінде: 1. Планшетті өшіріңіз. 2.
3. Қорғалатын қатты дискіні таңдаңыз және enter пернесін басыңыз. 4. Enable DriveLock (DriveLock құралын қосу) пәрменін таңдаңыз және enter пернесін басыңыз. 5. Ескерту хабарын мұқият оқып шығыңыз. 6. DriveLock пайдаланушы құпия сөзін орнату және DriveLock мүмкіндігін қосу үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз. 7. Computer Setup утилитасынан шығу үшін Main (Негізгі), Save Changes and Exit (Өзгерістерді сақтап шығу) опциясын таңдаңыз, одан кейін Yes (Иә) түймешігін басыңыз.
DriveLock құпия сөзін енгізу Қатты дискінің компьютерге енгізілгенін қадағалаңыз (қосымша оптикалық құралға немесе сыртқы MultiBay құралына емес). DriveLock құпия сөзін енгізу сұралған кезде, DriveLock пайдаланушылық немесе негізгі құпия сөзіңізді (құпия сөзді орнатқанда бірдей басылған пернелерді пайдалану арқылы) теріңіз, одан кейін enter пернесін басыңыз. Құпия сөз енгізудің үш сәтсіз әрекетінен кейін компьютерді өшіріп қайта бастаңыз және әрекетті қайталаңыз.
DriveLock құпия сөзін өзгерту Computer Setup утилитасында DriveLock құпия сөзін өзгерту үшін төменде берілген қадамдарды орындаңыз: 1. Компьютерді өшіріңіз. 2. Қуат түймешігін басыңыз. 3. DriveLock Password (DriveLock құпия сөзін енгізу) сұралғанда, DriveLock құралының өзгертіліп жатқан ағымдағы пайдаланушы құпия сөзін немесе басты құпия сөзін теріңіз, enter пернесін басыңыз және Computer Setup утилитасын ашу үшін f10 пернесін басыңыз немесе түртіңіз. 4.
Компьютеріңізде Windows Defender алдын ала орнатылған. Компьютерді жан-жақты қорғау үшін вирусқа қарсы бағдарламаны қолдануды жалғастыруға кеңес беріледі. Компьютер вирустары туралы қосымша ақпаратты HP Support Assistant бағдарламасынан қараңыз. Желіаралық қалқан бағдарламалық құралын пайдалану Желіаралық қалқан жүйені немесе желіні рұқсатсыз пайдаланудан қорғау үшін жасалған.
HP Client Security бағдарламасын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) HP Client Security бағдарламалық құралы компьютерде алдын ала орнатылып келеді. Осы бағдарламалық құралға тапсырмалар тақтасының немесе Windows басқару тақтасының оң жақ шетіндегі HP Client Security белгішесі арқылы қатынасуға болады. Оның қауіпсіздік мүмкіндіктері компьютер, желілер мен өте маңызды деректерге рұқсатсыз кіруден қорғайды. Қосымша ақпаратты HP Client Security бағдарламалық құралының анықтамасынан қараңыз.
Өнімнің үлгісіне қарай саусақ ізін оқу құрылғысы көлденеңінен немесе ұзынынан орналасуы мүмкін. Оның екі түрі де саусағыңызды металды сенсордың үстіне тігінен тигізуіңізді талап етеді.
8 Күтім Компьютерді оңтайлы күйде сақтау үшін, оған жүйелі түрде техникалық қызмет көрсету маңызды болып табылады. Бұл тарауда Дискіні дефрагментациялау және Дискіні тазалау құралдарын пайдалану жолдары түсіндіріледі. Сонымен қатар, бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту нұсқаулары, компьютерді тазалау жөнінде қадамдар және компьютерді сапарға алып шығуға (немесе оны тасымалдауға) арналған кеңестер қамтамасыз етіледі.
HP 3D DriveGuard бағдарламасын (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану Төмендегі жағдайлардың біреуі орын алса, HP 3D DriveGuard бағдарламасы дискіні өшіру және дерек сұрауларын тоқтату арқылы қатты дискіні қорғайды. ● Сіз компьютеріңізді құлатып алдыңыз. ● Батарея қуатынан қосылып тұрған компьютерді оның дисплейі жабулы күйінде жылжытасыз. Бұл оқиғалардың біреуі аяқталғаннан кейінгі қысқа мерзімде HP 3D DriveGuard қатты дискіні қалыпты жұмыс жағдайына қайтарады.
Компьютерді тазалау Компьютерді қауіпсіз түрде тазалау үшін келесі өнімдерді пайдаланыңыз: ● Диметил бензил аммоний хлоридінің 0,3 пайыздық тұнбасы (мысалы, әртүрлі компаниялар шығарған бір рет қолданылатын сүрткіштер түрінде) ● Құрамында спирті жоқ әйнек тазалағыш сұйықтық ● Су және жұмсақ сабын қосылған ерітінді ● Құрғақ микроталшықты тазалау шүберегі немесе күдері (майланбаған жұмсақ антистатикалық шүберек) ● Антистатикалық шүберек майлықтар ЕСКЕРТУ: Компьютерді бір жолға зақымдауы мүмкін қатты
ЕСКЕРТУ: Ішкі бөліктерді зақымдамау үшін, сұйықтықтардың пернелер арасына тамшылап түсуіне жол бермеңіз. ● Сенсорлы тақта, пернетақта немесе тінтуірді тазалау үшін, бұрын аталған тазалау сұйықтықтарының біреуіне суланған жұмсақ микроталшық матаны, күдеріні немесе бір рет қолданылатын майлықты пайдаланыңыз. ● Пернелердің жабысып қалуын болдырмай, пернетақтадан шаңды, талшықтарды және қоқымдарды кетіру үшін түтігі бар қаңылтыр бөтелкедегі қысылған ауаны пайдаланыңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток соғуы, өрт шығуы немесе жабдықтың зақымдануы сияқты қауіпті азайту үшін, компьютерді жабдықтар үшін сатылатын кернеуді түрлендіру жинағы арқылы қоспаңыз.
9 Сақтық көшірме жасау және қалпына келтіру Бұл тарауда төмендегі процестер туралы ақпарат беріледі. Тараудағы ақпарат өнімдер үлгілерінің көбі үшін стандартты процедура болып есептеледі. ● Қалпына келтіру дискісін және сақтық көшірмелерді жасау ● Жүйеңізді бастапқы қалпына келтіру және қалыпқа келтіру Қосымша ақпаратты HP Support Assistant бағдарламасынан қараңыз. ▲ Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында поддержка (қолдау) сөзін жазып, HP Support Assistant бағдарламасын таңдаңыз.
● Егер компьютерде Windows бөлімі немесе Recovery бөлімі болмаса, қалпына келтіру медиасын қолдау қызметінен алуға болады. Осы компьютермен жабдықталған Worldwide Telephone Numbers (әлем бойынша қызмет көрсету телефондары) кітапшасын қараңыз. Әрі байланыс ақпаратын HP веб-торабында табуға болады. http://www.hp.com/support мекен-жайын ашып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Жүйені қалпына келтіру нүктелерін жасау және жеке мәліметтердің сақтық көшірмелерін жасау үшін Windows құралдарын пайдалануға болады.
1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында восстановление (қалпына келтіру) сөзін жазып, одан кейін HP Recovery Manager тармағын таңдаңыз. 2. Қалпына келтіру медиа құралын жасау тармағын таңдаңыз, одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Жүйені қалпына келтіру қажет болса, ақпаратты HP Recovery Manager арқылы қалпына келтіру (67-бет) бөлімінен қараңыз.
параметрлерге келтіру опциясын пайдалануға болады. Қосымша ақпаратты HP Recovery Manager арқылы қалпына келтіру (67-бет) бөлімінен қараңыз. ● Таңдаулы өнімдерде, егер қатты диск орнын босату үшін қалпына келтіру бөлімін жойғыңыз келсе, HP Recovery Manager бағдарламасы Remove Recovery Partition (Қалпына келтіру бөлімін жою) опциясын ұсынады. Қосымша ақпаратты HP Recovery бөлімін жою (тек таңдаулы өнімдерде) (69-бет) бөлімінен қараңыз.
Содан кейін, амалдық жүйе мен зауытта орнатылған бағдарламалық құралдарды қайта орнатады. HP Recovery бөлімі (тек таңдаулы өнімдерде) Жүйені қалпына келтіру мүмкіндігін береді. HP Recovery бөлімін пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде) HP Recovery бөлімі қалпына келтіру дискілерін немесе қалпына келтіру USB флэш-жадын пайдаланбастан Жүйені қалпына келтіру мүмкіндігін береді. Қалпына келтірудің бұл түрін тек қатты диск жұмыс істеп тұрғанда пайдалану мүмкін болады.
Компьютердің жүктелу тәртібін өзгерту Егер компьютеріңіз HP Recovery Manager бағдарламасында қайта басаталмаса, компьютерді жүктеу ретін өзгерту қажет. Бұл – компьютер жүктеу ақпаратын іздейтін BIOS ішінде тізілген құрылғылардың реті. Таңдауды оптикалық диск жетегіне немесе USB флэш жадына өзгертуге болады. Жүктеу тәртібін өзгерту үшін МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Ажыратылатын пернетақта бар планшет үшін, осы қадамдарды бастамас бұрын пернетақтаны пернетақта бекемдеуіне жалғаңыз. 1.
10 Computer Setup (BIOS), TPM және HP Sure Start Computer Setup пайдалану Computer Setup немесе BIOS (Basic Input/Output System) жүйедегі бүкіл кіріс және шығыс құрылғыларының (мысалы, диск жетектері, монитор, пернетақта, тінтуір және принтер) арасындағы байланысты басқарады. Computer Setup ішінде орнатылған құрылғылардың параметрлері, компьютердің жүктелу реті және жүйе мен кеңейтілген жадтың көлемі қамтылған. ЕСКЕРТПЕ: Computer Setup құралына өзгертулер енгізу кезінде сақ болыңыз.
Main (Негізгі) опциясын, одан кейін Save Changes and Exit (Өзгерістерді сақтап шығу) опциясын таңдаңыз және enter пернесін басыңыз. Өзгертулер компьютер қайта іске қосылған кезде күшіне енеді. Computer Setup утилитасында зауыттық параметрлерді қалпына келтіру ЕСКЕРТПЕ: Әдепкі параметрлерді қалпына келтіру қатты диск режимін өзгертпейді. Computer Setup ішіндегі бүкіл параметрлерді зауыттық мәндеріне қайтару үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз: 1. Computer Setup (Компьютерді орнату) утилитасын бастаңыз.
1. Computer Setup (Компьютерді орнату) утилитасын бастаңыз. Computer Setup (Компьютерді орнату) утилитасын бастау (70-бет) бөлімін қараңыз. 2. Main (Негізгі), одан кейін System Information (Жүйе туралы ақпарат) пәрмендерін таңдаңыз. 3. Өзгертулерді сақтамай, Computer Setup утилитасынан шығу үшін, экранның төменгі оң жақ бұрышында орналасқан Exit (Шығу) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
BIOS нұсқасын орнату іс реттері әртүрлі екен. Жүктеп алу үрдісі аяқталғаннан кейін экранда көрсетілетін нұсқауларды орындаңыз. Нұсқаулар экранға шығарылмаған жағдайда мына қадамдарды орындаңыз: 1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында файл сөзін жазып, одан кейін Проводник (Жетектеуші) тармағын таңдаңыз. 2. Тағайындалған қатты дискіні басыңыз. Әдетте жергілікті диск (C:) тағайындалған қатты диск болып табылады. 3. Алдында жазып алған қатты дискінің жолы арқылы құрамында жаңарту бар қалтаны ашыңыз. 4.
HP Sure Start бағдарламасын (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану Таңдаулы компьютер үлгілерінде компьютердің BIOS бағдарламасын шабуылдардан немесе бүлінуден қорғау үшін бақылайтын HP Sure Start технологиясы орнатылады. Егер BIOS жүйесі бүлінсе немесе рұқсатсыз қатынасу орын алса, HP Sure Start бағдарламасы пайдаланушының қатысуынсыз BIOS жүйесін оның алдыңғы күйіне автоматты түрде қалпына келтіреді.
11 HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) пайдалану HP PC Hardware Diagnostics – бірыңғай кеңейтілетін ішкі бағдарламалық құрал интерфейсі (UEFI). Бұл құрал компьютердің аппараттық құралдарының дұрыс жұмыс істейтінін анықтау үшін диагностикалық сынақтарды жүргізуге мүмкіндік береді. Құрал амалдық жүйенің сыртында жұмыс істейді және амалдық жүйенің өзі немесе басқа бағдарламалық құралдар бөліктері туындауы мүмкін аппараттық құралдың ақаулықтарын бөлектейді.
UEFI құралының ең соңғы нұсқасын жүктеп алу 1. http://www.hp.com/go/techcenter/pcdiags веб-торабына өтіңіз. HP PC Diagnostics басты беті көрсетіледі. 2. HP PC Hardware Diagnostics бөліміндегі Загрузка (Жүктеу) сілтемесін басып, Выполнить (Орындау) пәрменін таңдаңыз. Белгілі бір өнімге арналған кез келген UEFI нұсқасын жүктеп алу 1. http://www.hp.com/support веб-торабына өтіңіз. 2. Загрузка ПО и драйверов (Бағдарламалық құрал мен драйверлерді жүктеп алу) қойыншасын таңдаңыз. 3.
12 Техникалық сипаттамасы Тұтынылатын қуат Егер сіз компьютерді алып, халықаралық саяхат жасауды жоспарласаңыз, осы бөлімде берілген қуат туралы ақпарат пайдалы болуы мүмкін. Компьютер айнымалы немесе тұрақты ток көзінен келетін тұрақты ток арқылы жұмыс істейді. Айнымалы ток көзі 100–240 В, 50–60 Гц шамасында болуы керек. Компьютер бөлек тұрақты ток көзінен жұмыс жасаса да, ол тек НР компаниясы берген және осы компьютерге қолдану үшін ұсынған айнымалы ток адаптері немесе тұрақты ток көзіне қосылуы керек.
13 Электростатикалық разряд Электростатикалық ток соғу — екі зат қатынасқа түскен кезде статикалық электр тогының соғуы, мысалы, кілем үстінде тұрып есіктің темір тұтқасын ұстағаннан болатын ток соғу. Саусақтар немесе басқа электростатикалық разряд өткізгіштерінен шығатын статикалық электр қуатының разряды электрондық бөліктерге зақым келтіруі мүмкін.
14 Қолжетімділік HP мүмкіндіктері шектеулі адамдарды қоса барлығы пайдалана алатын өнімдер мен қызметтерді оқшаулы түрде немесе тиісті көмекші құрылғылармен жасақтайды, өндіреді және нарыққа шығарады. НР өнімдерінде бар арнайы мүмкіндіктер туралы ақпаратты ашу үшін http://www.hp.com/ accessibility сілтемесін басыңыз.
Индекс А Автоматты DriveLock 49 ажырату 50 қосу 49 Автоматты DriveLock құпия сөзі енгізу 51 ағытпа, қуат 6 ажыратымдылығы жоғары құрылғылар, жалғау 36 ақпарат алу аппараттық құрал 4 бағдарламалық құрал 4 астыңғы жағы 19 Аудио 33 аудио шығыс (құлақаспап)/аудио кіріс (микрофон) ұясы, анықтау 5 Ә әкімші құпия сөзі 46 Б бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту 60 бағдарламалық құрал HP 3D DriveGuard 60 sMedio 30 вирусқа қарсы 55 Дискіні дефрагментациялау құралы 59 Дискіні тазалау 59 желіаралық қалқан 56 бағдарл
көрсетілетін кескін, ауыстырып көрсету 16 Күту қосу 38 шығу 38 күтім HP 3D DriveGuard 60 бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту 60 Дискіні дефрагментациялау құралы 59 Дискіні тазалау 59 кірістірілген веб-камера шамы, анықтау 7 кірістірілген сандық пернетақта, анықтау 15, 29 кірістірілген сандық пернетақтаны пайдалану 29 кішірейтілген бейнені қалпына келтіру 68 Қ қалпына келтіру HP Recovery Manager 67 USB флэш картасы 68 дискілер 65, 68 жүйе 67 қолдау көрсетілетін дискілер 65 қосу 68 құрал 68 НР жүйені қалпы
Сенсорлы тақта және сенсорлы экран қимылдары екі саусақ көмегімен қысып масштабтау 26 түрту 26 Сенсорлы тақта қимылдары екі саусақпен жылжу 27 екі саусақпен түрту 27 төрт саусақпен түрту 27 үш саусақты сырғыту 28 Сенсорлы тақтаны екі саусақпен түрту қимылы 27 Сенсорлы тақтаны пайдалану 26 Сенсорлы тақтаның төрт саусақпен түрту қимылы 27 Сенсорлы тақтаның үш саусақты сырғыту қимылы 28 Сенсорлы тақта шамы, анықтау 10, 11 сенсорлы экран қимылдары бір саусақты сырғыту 28 сериялық нөмір 18 сериялық нөмір, компью
HP Recovery Manager жүктеу мәселелерін шешу 69 қосу 68 HP Recovery құралы жасау 64 HP Touchpoint Manager 57 HP жүйені қалпына келтіру құралы қалпына келтіру 68 HP Жылдам зарядтау мүмкіндігі 37 HP ресурстары 2 M Miracast 36 N NFC 30 NFC (Аясы жақын сымсыз байланыстар) түрту аймағы анықтау 9 пайдалану 30 num lk пернесі, анықтау 29 num lk шамы 10, 11 W Windows жүйені қалпына келтіру нүктесі 64, 66 Windows Hello пайдалану 55 Windows қолданбалар пернесі, анықтау 14 Windows құралдары пайдалану 66 Windows пернесі