User Guide - Windows 10

Бірнеше дисплей құрылғысын орнату үшін осы қадамдарды орындаңыз:
1. DP-to-DP кабелімен (бөлек сатып алынады) сыртқы хабты (бөлек сатып алынады) компьютердегі
DisplayPort қосыңыз. Концентратордың қуат адаптері айнымалы ток қуатына қосылғанына көз
жеткізіңіз.
2. Сыртқы дисплей құрылғыларын хабтағы VGA немесе DisplayPorts порттарына жалғаңыз.
3. Барлық қосылған дисплей құрылғыларын көру үшін тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында
диспетчер устройств (құрылғылар басқарушысы) деп теріп, Диспетчер устройств
(Құрылғылар басқарушысы) қолданбасын таңдаңыз. Егер барлық қосылған дисплейлерді
көрмесеңіз, әр құрылғының концентратордағы тиісті портқа қосылғанын тексеріңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Бірнеше дисплей құрылғысының нұсқалары барлық қосылған дисплейлердегі
компьютер экраны айнасын беретін Дублировать (Көшірмелеу) немесе компьютер экранын
барлық қосылған дисплейлерге жаятын Расширитьеңейту) опциясын қамтиды.
Miracast-үйлесімді сымсыз дисплейлерді табу және оларға қосылу (тек
таңдаулы өнімдерде)
ЕСКЕРТПЕ: Пайдаланылатын дисплей түрін (Miracast технологиясымен үйлесімді немесе Intel WiDi)
анықтау үшін, теледидармен немесе қосымша дисплеймен бірге берілетін құжаттарды қараңыз.
Ағымдағы ашық тұрған бағдарламаларды жаппай, Miracast-үйлесімді сымсыз дисплейлерді табу және
оларға қосылу үшін, мына қадамдарды орындаңыз.
Miracast ашу үшін
Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында демонстрировать (көрсету) сөзін теріп,
Демонстрировать на втором экране (Екінші экранда көрсету) опциясын таңдаңыз. Подключение
к беспроводному дисплею (Сымсыз дисплейге қосылу) түймесін басып, экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
Intel WiDi куәландырылған дисплейлерді анықтау және оларға қосылу (тек
таңдаулы Intel өнімдерінде)
Intel WiDi фотосуреттер, музыка немесе видеолар сияқты жеке файлдарды сымсыз көрсету үшін
немесе бүкіл компьютер экранын теледидар немесе қосымша дисплей құрылғысына қосу үшін
пайдаланыңыз.
Intel WiDi, premium Miracast шешімі қосымша дисплей құрылғысын жиексіз жұптауды жеңілдетеді;
толық экранның көшірмесін қамтамасыз етеді; жылдамдығын, сапасын және ауқымын жақсартады.
Intel WiDi куәландырылған дисплейлеріне қосылу:
Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында демонстрировать (көрсету) сөзін теріп,
Демонстрировать на втором экране (Екінші экранда көрсету) опциясын таңдаңыз. Подключение
к беспроводному дисплею (Сымсыз дисплейге қосылу) түймесін басып, экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
Intel WiDi ашу үшін
Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында Intel WiDi сөздерін теріп, Intel WiDi опциясын
таңдаңыз
.
Бейнені пайдалану 33