User Guide - Windows 7
Веб-камера (тек таңдаулы үлгілерде)
Кейбір компьютерлерде кірістірілген веб-камера бар. Алдын ала орнатылған бағдарламалық
құралдың көмегімен сурет немесе бейне түсіру үшін веб-камера пайдалана аласыз. Фотосуреттерді
немесе жазылған бейне қарап шығуға немесе сақтауға болады.
Веб-камера бағдарламалық құралы мынадай мүмкіндіктерді пайдалануға мүмкіндік береді.
●
Бейне түсіріп, ортақ пайдалану
●
Жылдам хабар алмасу бағдарламалық құралының көмегімен бейне дерек алу
●
Дыбыссыз суретке түсіру
Touch to share (Ортақтастыру үшін басу) (тек таңдаулы
үлгілерде)
Компьютеріңізде қосымша Near Field Communication (NFC) аппараттық құралы бар, ол NFC мүмкіндігі
іске қосылған құрылғылар арасындағы сымсыз ортақтасу үшін ақпаратын көругі мүмкіндік береді. NFC
технологиясымен веб-тораптарлы ортақ пайдалануға, байланыс ақпаратын тасымалдауға және NFC
қолдайтын принтерлердегі басып шығару үшін түрту мүмкіндігін пайдалануға мүмкіндік береді.
КЕҢЕС: Қосымша NFC мүмкіндіктерін бере алатын NFC бағдарламаларын жүктеп алуға болады.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Файлдарды бөлісуге кіріспес бұрын құрылғылардағы NFC мүмкіндігінің
қосылғанын тексеріңіз. Сонымен қатар, NFC мүмкіндігінің Windows 7 құрылғыларында жұмыс істеуі
үшін sBeam сияқты кейбір қызметтерді өшіру қажет болуы мүмкін. Оның Windows 7 жүйесімен
сыйысымды болуын тексеру үшін NFC құрылғысы өндірушісінен сұраңыз.
Ортақ пайдалануды бастау
Құрылғыңыз бен компьютеріңіздің арасында ортақ пайдалануды бастау үшін NFC құрылғысын
компьютермен жалғаңыз.
1. Ортақтасқыңыз келген элементті ашыңыз.
32 5-тарау Мультимедиа