User Guide - Windows 7
6 Қуатты басқару
ЕСКЕРТПЕ: Компьютерде қуат түймешігі немесе қуат қосқышы болуы мүмкін. Қуат түймешігі
термині осы нұсқаулықта қуатты басқару элементтерінің екі түрін білдіреді.
Компьютерді өшіру
ЕСКЕРТУ: компьютер өшірілген кезде сақталмаған мәліметтер жойылады.
Жұмысты аяқтау пәрмені амалдық жүйені қоса барлық ашық бағдарламаларды жауып, дисплей мен
компьютерді өшіреді.
Келесі жағдайлардың кез келгені орын алса компьютерді өшіріңіз:
●
Батареяны ауыстыру немесе компьютердің ішіндегі бөліктерге қол жеткізу қажет болғанда
●
Әмбебап тізбекті шина (USB) портына жалғанбаған сыртқы ақпараттық құралға қосылғанда
●
Компьютер ұзақ уақыт бойы пайдаланылмайтын болса және сыртқы қуат көзінен ажыратылған
кезде
Компьютерді қуат түймешігі арқылы да өшіруге болатынымен, ұсынылатын үрдіс Windows өшіру
пәрменін қолдану болып табылады.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютер ұйқы немесе күту күйінде болғанда, жұмысты аяқтамас бұрын, қуат
түймешігін басып қалу арқылы ұйқы немесе күту күйінен шығу қажет.
1. Жұмысыңызды сақтап, барлық ашық бағдарламаларды жабыңыз.
2. Пуск (Бастау) > Завершение работы (Жұмысты аяқтау) тармағын таңдаңыз.
Компьютер жауап бермесе және жұмысты аяқтаудың алдыңғы процедурасын пайдалану мүмкін
болмаса, келесі төтенше жағдай процедураларын көрсетілген кезекпен орындап көріңіз:
●
ctrl+alt+delete пернелер тіркесімін басыңыз. Питание (Қуат) белгішесін басыңыз, одан кейін
Завершение работы (Жұмысты аяқтау) параметрін таңдаңыз.
●
Қуат түймешігін кемінде 5 секунд басып тұрыңыз.
●
Компьютерді сыртқы қуат көзінен ажыратыңыз.
●
Пайдаланушы ауыстыратын батареясы бар үлгілердегі компьютерден батареяны шығарыңыз.
Қуат параметрлерін орнату
Қуатты үнемдеу күйлерін пайдалану
Ұйқылық күй зауытта іске қосылады.
Ұйқылық күй қосылғанда, қуат шамдары жыпылықтап, экран тазарады. Жұмысыңыз жадқа
сақталады.
ЕСКЕРТУ: Аудио және видео файлдарын ойнатудың мүмкін нашарлауы, аудио немесе бейне ойнату
жұмысының жоғалуы немесе ақпараттың жоғалу қаупін азайту үшін, дискіден не сыртқы жад
картасынан оқу немесе оған жазу кезінде ұйқы күйін қоспаңыз.
Компьютерді өшіру 37