User Guide - Windows 7
Айнымалы ток адаптерін тексеру
Айнымалы ток қуат көзіне жалғанған компьютерде мына жағдайлар орын алса, айнымалы ток
адаптерін тексеріңіз:
●
Компьютер қосылмайды.
●
Дисплей қосылмайды.
●
Қуат шамдары жанбайды.
Айнымалы ток адаптерін тексеру:
ЕСКЕРТПЕ: Келесі нұсқаулар пайдаланушы ауыстыратын батареясы бар компьютерлерге қатысты
қолданылады.
1. Компьютерді сөндіріңіз.
2. Компьютерден батареяны шығарып алыңыз.
3. Айнымалы ток адаптерін компьютерге және ауыспалы ток розеткасына жалғаңыз.
4. Компьютерді қосыңыз.
●
Қуат шамдары жанса, айнымалы ток адаптері дұрыс істеп тұр.
●
Егер қуат шамдары сөніп тұрса, айнымалы ток адаптері жұмыс істемейді және оны ауыстыру
қажет.
Айнымалы токтың қуат адаптерін ауыстыруды орындау туралы ақпарат алу үшін қолдау қызметімен
байланысыңыз.
Intel Smart Connect технологиясы (тек таңдаулы үлгілерде) арқылы
бағдарламалық құралдың мазмұнын жаңарту
Компьютер ұйқы күйінде болған кезде, Intel® Smart Connect технологиясы компьютердің ұйқы күйін
тұрақты түрде өшіріп тұрады. Желі қосылысы бар болса, Smart Connect құралы электрондық пошта
жәшіктері, әлеуметтік веб-тораптар және жаңалықтар беттері сияқты ашық болған бағдарламаларды
жаңартады, одан кейін компьютерде ұйқы күйі қосылады. Smart Connect арқылы электрондық пошта
хабарламалары сияқты дербес жасалған мазмұн да қадамдастырылады. Компьютер ұйқы күйінен
шыққанда, жаңартылған ақпарат бірден қол жетімді болады.
▲
Бұл мүмкіндікті қосу немесе параметрлерді қолмен реттеу үшін, Пуск (Бастау) > Все программы
(Барлық бағдарламалар) > Intel > Intel® Smart Connect Technology (Intel Smart Connect
технологиясы) тармақтарын таңдаңыз.
Intel Smart Connect Technology белгішесін көрсету үшін, хабарландыру аймағындағы тапсырмалар
тақтасының оң жақ соңында орналасқан белгішелердің үстіне меңзерді бағыттаңыз, содан кейін
белгішені басыңыз.
Ауыспалы/қосарлы графикалық режимдер (тек таңдаулы үлгілер)
Кейбір компьютерлер ауыспалы графикалық режимдер немесе қосарлы графикалық режимдермен
жабдықталған.
Қуат параметрлерін орнату 43