User Guide - Windows 8.1
Енгізілген сандық пернетақтадағы перне функцияларын ауыстыру
Енгізілген сандық пернетақтадағы пернелердің функцияларын стандартты пернетақта функциялары
ретінде де, сандар пернетақтасы функциялары ретінде де қолдануға болады.
●
Сандық пернетақта өшірулі күйде болғанда, оның пернесінің шарлау функциясын пайдалану
үшін, пернетақта пернесімен бірге fn пернесін басып ұстап тұрыңыз.
●
Пернетақта қосылып тұрғанда, пернетақта пернесінің стандартты функциясын қолдану:
◦
Кіші әріппен жазу үшін, fn пернесін басып, ұстап тұрыңыз.
◦
Бас әріппен жазу үшін, fn+shift пернелер тіркесімін басып, ұстап тұрыңыз.
Қосымша сыртқы сандық пернетақтаны пайдалану
Көптеген сыртқы сандық пернетақталардағы пернелер num lock қызметінің қосулы немесе өшірулі
болуына байланысты әртүрлі қызмет атқарады. (Num lock зауытта өшіріледі.) Мысалы:
●
num lock қосулы болғанда, пернетақта пернелерінің көбі сандарды тереді.
●
num lock өшірулі болғанда, пернетақта пернелерінің көбі көрсеткі, page up немесе page down
пернелері сияқты жұмыс істейді.
Сыртқы пернетақтада num lock функциясы қосулы болса, компьютердегі num lock шамы жанып
тұрады. Сыртқы пернетақтадағы num lock функциясы өшірулі болса, компьютердегі num lock шамы
сөніп тұрады.
Жұмыс істегенде, сыртқы пернетақтадағы num lock қызметін қосу немесе өшіру үшін:
▲
Компьютердегі емес, сыртқы пернетақтадағы num lk пернесін басыңыз.
30 4-тарау Пернетақта, сенсорлы тақтаның қимылдары және меңзегіш құрылғылар арқылы шарлау