User Guide - Windows 8.1
ЕСКЕРТПЕ: Компьютер айнымалы ток көзінен ажыратылғаннан кейін дисплей жарықтығы
батареяның қызмет ету мерзімін сақтау үшін автоматты түрде төмендейді. Таңдаулы компьютер
үлгілерінде ғана графикалық режимдер батареяның қызмет ету мерзімін ұзарту мақсатында
қолданылады.
Зауытта пломбаланған батарея (тек таңдаулы үлгілерде)
Батареяның күйін бақылау үшін немесе батареяның заряды тез бітетін болса, Справка и Поддержка
(Анықтама және қолдау) ішінде Battery Check (Батарея тексеру) бағдарламасын іске қосыңыз. Батарея
туралы ақпаратты қарау үшін, бастау экранында поддержка (қолдау) сөзін теріп, HP Support
Assistant
бағдарламасын таңдап, Аккумулятор и производительность (Батарея және өнімділік)
пәрменін таңдаңыз. Егер батареяны ауыстыру керектігі Battery Check (Батарея тексеру) бағдарламасы
арқылы анықталған болса, НР қолдау қызметімен хабарласыңыз.
Осы құрылғыдағы батареяны (батареяларды) пайдаланушы арқылы оңай ауыстыруға болмайды.
Батареяны алу немесе ауыстыру кепілдік күшіне әсер етуі мүмкін. Егер батареяның заряды тез бітетін
болса, қолдау қызметімен хабарласыңыз.
Батареяны пайдалану мерзімі аяқталғанда, оны жалпы үй қалдықтарымен бірге қоқысқа тастамаңыз.
Батареяны қоқысқа тастау кезінде, жергілікті заңдарды және аймағыңызда қолданылатын
ережелерді орындаңыз.
Батарея туралы қосымша ақпарат табу
HP Support Assistant құралдармен қамтамасыз етеді және батарея туралы ақпарат береді. Батарея
туралы ақпаратты көру үшін бастау экранында HP Support Assistant (НР қолдау көмекшісі)
бағдарламасын басыңыз және Аккумулятор и производительность (Батарея және өнімділік) пәрменін
таңдаңыз.
●
Батарея жұмысын тексеруге арналған батареяны тексеру құралы
●
Батареяның қызмет ету мерзімін ұлғайтуға арналған тексеру, қуатты басқару және дұрыс күтім
мен сақтау туралы ақпарат
●
Батареяның түрлері, сипаттамалары, батареяның қызмет ету мерзімдері және сыйымдылығы
туралы ақпарат
Батарея туралы ақпаратқа қол жеткізу үшін
▲
Батарея туралы ақпаратты көру үшін бастау экранында HP Support Assistant (НР қолдау
көмекшісі) бағдарламасын басыңыз және Аккумулятор и производительность (Батарея және
өнімділік) пәрменін таңдаңыз.
Батареяны тексеру бағдарламасын пайдалану
HP Support Assistant компьютерде орнатылған батареяның күйі туралы ақпаратты береді.
Батареяны тексеруді іске асыру үшін:
1. Айнымалы ток адаптерін компьютерге қосыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Батареяны тексеру құралының дұрыс жұмыс істеуі үшін компьютер сыртқы қуат
көзіне жалғануы тиіс.
2. Батарея туралы ақпаратты көру үшін бастау экранында HP Support Assistant (НР қолдау
көмекшісі) бағдарламасын басыңыз және Аккумулятор и производительность (Батарея және
өнімділік) пәрменін таңдаңыз.
Қуат параметрлерін орнату 41