User Guide - Windows 7

Оң жағы
Бөлік Сипаттама
(1) USB Type-C зарядтау порты Type-C қосқышымен USB құрылғысын жалғайды және
компьютер өшірулі болса да, ұялы телефондар,
қолкомпьютерлер, планшеттер және MP3 ойнатқыштары
сияқты құрылғыларды зарядтай алады.
ЕСКЕРТПЕ: Адаптерлер (бөлек сатылады) қажет болуы
мүмкін.
(2) Қос режимді DisplayPort порты Ажыратымдылығы жоғары монитор немесе проектор
сияқты қосымша сандық көрсету құрылғысын жалғайды.
(3) Жад картасын оқу құрылғысы Ақпарат сақталатын, басқарылатын, ортақ
пайдаланылатын немесе ашылатын қосымша жад
карталарын оқиды.
(4) Аудио шығыс (құлақаспап)/aудио кіріс
(микрофон) комбо ұяшығы
Токқа қосылатын қосымша стерео үндеткіштер,
құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспаптар, гарнитура
немесе теледидар дыбыс кабелі қосылады. Сонымен қатар,
қосымша гарнитура микрофонын қосады. Бұл ұяға бөлек
тұратын қосымша микрофондар қосылмайды.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін,
құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспап немесе
гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз.
Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат алу үшін, Заңдық,
қауіпсіздік және экологиялық ескертпелер нұсқаулығын
қараңыз.
Бұл нұсқаулықты пайдалану үшін, келесі қадамдарды
орындаңыз:
Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық
бағдарламалар) > Справка и поддержка HP (НР
анықтамасы және қолдау) > Документация HP (HP
құжаттамасы) тармақтарын таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Құрылғы ұяға қосылған кезде, компьютер
үндеткіштері ажыратылады.
ЕСКЕРТПЕ: Құрылғы кабелінің аудио шығыс (құлақаспап)
және аудио кіріс (микрофон) ұяларының екеуіне сәйкес
келетін 4 сымды қосқышы бар екеніне көз жеткізіңіз.
(5) USB 3.0 порты Пернетақта, тінтуір, сыртқы диск, принтер, сканер немесе
USB хабі сияқты қосымша USB құрылғысы жалғанады.
(6) RJ-45 (желі) ұясы/күй шамдары Желілік кабелді қосады.
Жасыл (сол жақта): желі қосылған.
Оң жағы 5