User Guide - Windows 7

Хабарландыру аймағындағы қуат өлшегіштің белгішесі төмен немесе өте төмен заряд деңгейі
туралы хабарландыру береді.
Егер компьютер қосулы немесе ұйқылық күйде болса, компьютерде ұйқылық күй қысқа уақытқа
қосылады да, компьютер өшіріледі. Барлық сақталмаған ақпарат жоғалады.
Төмен батарея деңгейі мәселесін шешу
Сыртқы қуат қолданылғанда төмен батарея деңгейін шешу
Мына құрылғылардың біреуін жалғаңыз:
Айнымалы ток адаптері
Қосымша жалғау немесе кеңейту құрылғысы
НР компаниясынан қосалқы құрал ретінде сатып алынатын қосымша қуат адаптері
Ешқандай қуат көзі болмағанда төмен батарея деңгейін шешу
Ешқандай қуат көзі болмаған кезде, батареядағы зарядтың деңгейі төмен болса, жұмысты сақтаңыз
да, компьютерді өшіріңіз.
Батарея қуатын үнемдеу
Windows жүйесінің Панель управления (Басқару тақтасындағы) Параметры электропитания (Қуат
параметрлерін) параметрі арқылы төмен қуат деңгейін пайдалану параметрлерін таңдаңыз.
Сымсыз және LAN қосылыстарын ажыратып, оларды қолданбаған кезде модем
бағдарламаларынан шығыңыз.
Оларды қолданбаған кезде сыртқы қуат көзінен ажыратылмаған сыртқы құрылғыларды
ажыратыңыз.
Пайдаланбаған кез келген сыртқы жад карталарының жұмысын тоқтатыңыз, оларды өшіріңіз
немесе шығарып алыңыз.
Экран жарықтығын азайтыңыз.
Жұмысты тоқтатқан кезде, ұйқылық күйді қосыңыз немесе компьютерді өшіріңіз.
Батареяны тастау
Батареяның жарамдылық мерзімі аяқталғанда, оны үйдегі қоқыспен бірге лақтырмаңыз. Жергілікті
батарея тастау заңдары мен ережелерін орындаңыз.
Батареяны ауыстыру
Осы құрылғыдағы батареяны (батареяларды) пайдаланушы арқылы оңай ауыстыруға болмайды.
Батареяны алу немесе ауыстыру кепілдік күшіне әсер етуі мүмкін. Егер батареяның заряды жылдам
аяқталса, қолдау қызметіне хабарласыңыз.
36 6-тарау Қуатты басқару