User Guide - Windows 7
DriveLock құпия сөзін өзгерту (тек таңдаулы үлгілерде)
Computer Setup құралында DriveLock құпия сөзін өзгерту үшін осы қадамдарды орындаңыз:
1. Компьютерді өшіріңіз.
2. Қуат түймесін басыңыз.
3. DriveLock құпия сөзі сұралған кезде ағымдағы DriveLock пайдаланушы құпия сөзін немесе
өзгертілетін негізгі құпия сөзді енгізіңіз, enter пернесін басып, Computer Setup құралына кіру үшін
f10 пернесін басыңыз немесе түртіңіз.
4. Security (Қауіпсіздік) опциясын, Hard Drive Utilities (Қатты диск утилиталары) опциясын,
DriveLock опциясын таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Кейбір өнімдер үшін BIOS әкімшісінің құпия сөзін енгізу және Set DriveLock Password
(DriveLock құпия сөзін орнату) пәрменін таңдау қажет болуы мүмкін.
5. Басқару қажет қатты дискіні таңдап, enter пернесін басыңыз.
6. Құпия сөзді өзгерту үшін таңдау жасап, құпия сөздерді енгізу үшін экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Change DriveLock Master Password (DriveLock негізгі құпия сөзін өзгерту) опциясы 3-
қадамда DriveLock құпия сөзі сұралған кезде негізгі құпия сөз берілгенде ғана көрінеді.
7. Computer Setup құралынан шығу үшін Main (Негізгі), Save Changes and Exit (Өзгерістерді сақтау
және шығу) опциясын таңдап, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Вирусқа қарсы бағдарламалық құралды пайдалану
Компьютерді электрондық поштаға, желіге немесе Интернетке кіру үшін қолданғанда, ол компьютер
вирустары қаупіне ұшырауы мүмкін. Компьютер вирустары амалдық жүйені, бағдарламаларды немесе
утилиталарды өшіріп, олардың қалыпсыз жұмыс істеуіне әкелуі мүмкін.
Вирусқа қарсы бағдарламалық құрал вирустардың көбін тауып жоя алады, сондай-ақ, көбінесе
олардың келтірген зиян салдарын шешеді. Жаңа пайда болған вирустардан уақытымен қорғауды
қамтамасыз ету үшін вирусқа қарсы бағдарлама жаңартылып отыруы керек.
Компьютеріңізде Windows Defender алдын ала орнатылған. Компьютерді жан-жақты қорғау үшін
вирусқа қарсы бағдарламаны қолдануды жалғастыруға кеңес беріледі.
Компьютер вирустары туралы қосымша ақпарат алу үшін HP Support Assistant бағдарламасынан
қараңыз.
Желіаралық қалқан бағдарламалық құралын пайдалану
Желіаралық қалқан жүйені немесе желіні рұқсатсыз пайдаланудан қорғау үшін жасалған. Желіаралық
қалқан компьютерге және/немесе желіге орнатылатын бағдарламалық құрал немесе аппараттық
және бағдарламалық құралдың екеуін де қорғайтын шешім болуы мүмкін.
Екі түрлі желіаралық қалқанның ішінен таңдауға болады:
●
Хостқа негізделген желіаралық қалқан — тек орнатылған компьютерді қорғайтын
бағдарламалық құрал.
●
Желіге негізделген желіаралық қалқандар — DSL немесе кабельдік модемнің және үй желісінің
арасына орнатылып, желідегі барлық компьютерлерді қорғайды.
46 7-тарау Қауіпсіздік