User Guide - Windows 7

8 Күтім
Компьютерді оңтайлы күйде сақтау үшін, оған жүйелі түрде техникалық қызмет көрсету маңызды
болып табылады. Бұл тарауда Дискіні дефрагментациялау және Дискіні тазалау құралдарын
пайдалану жолдары түсіндіріледі. Сонымен қатар, бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту
нұсқаулары, компьютерді тазалау жөнінде қадамдар және компьютерді сапарға алып шығуға (немесе
оны тасымалдауға
) арналған кеңестер қамтамасыз етіледі.
Компьютер жұмысын жақсарту
Жүйелі түрде қызмет көрсету тапсырмаларын Дефрагментация диска (Дискіні дефрагментациялау)
және Очистка диска (Дискіні тазалау) сияқты құралдар көмегімен орындау арқылы компьютердің
жұмысын өзгертуге болады.
Дискіні дефрагментациялау құралын пайдалану
HP компаниясы қатты дискіңізді кем дегенде айына бір рет дефрагментациялау үшін Дефрагментация
диска (Дискіні дефрагментациялау) құралын пайдалануды ұсынады.
ЕСКЕРТПЕ: Дискіні дефрагментациялау құралын жартылай өткізгіш диск жетектерінде істету қажет
емес.
Дискіні дефрагментациялау құралын іске қосу:
1. Компьютерді айнымалы ток көзіне қосыңыз.
2. Пускастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) > Система и безопасностьүйе және
қауіпсіздік) > Администрирование (Әкімшілік құралдар) тармағын, одан кейін Дефрагментация
жесткого диска (Қатты дискіні дефрагментациялау) пәрменін таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Windows жүйесі компьютердің қауіпсіздігін жақсарту үшін, пайдаланушы есептік
жазбасын басқару мүмкіндігін қамтиды. Бағдарламалық құралды орнату, утилиталарды іске қосу
немесе Windows параметрлерін өзгерту сияқты тапсырмаларды орындау үшін сізден рұқсат
немесе құпиясөз сұралуы мүмкін. Анықтама және қолдау бөлімін қараңыз. Анықтама және қолдау
орталығын ашу үшін, Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > Справка и
поддержка НР (НР анықтамасы және қолдау) тармағын таңдаңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін, дискіні дефрагментациялау бағдарламалық құралының анықтамасын
қараңыз.
Дискіні тазалау құралын пайдалану
Қатты дискідегі орынды босатып, компьютер жұмысының тиімділігін арттыру және қатты дискіден еш
қауіпсіз жоюға болатын файлдарды іздеп табу үшін Очистка диска (Дискіні тазалау) құралын
пайдаланыңыз.
Дискіні тазалау құралын қосу:
1. Пускастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) > Система и безопасностьүйе және
қауіпсіздік) > Администрирование (Әкімшілік құралдар) тармағын, одан кейін Освобождение
места на диске (Дискіде орын босату) пәрменін таңдаңыз.
2. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Компьютер жұмысын жақсарту 49