User's Guide
2 Компьютермен танысу
Компьютерде жоғарғы деңгейлі бөліктер бар. Бұл тарауда бөліктер туралы, олардың қайда
орналасқаны және қалай істейтіні туралы мәліметтер берілген.
Аппараттық құралды табу
Компьютерге орнатылған аппараттық құралдарды көру үшін:
▲ Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында диспетчер устройств (құрылғылар
басқарушысы
) деп теріп, Диспетчер устройств (Құрылғылар басқарушысы) қолданбасын
таңдаңыз.
Компьютерге орнатылған барлық құрылғылар тізімде көрсетіледі.
Жүйенің аппараттық құралдарының компоненттері және жүйенің BIOS нұсқасының нөмірі туралы
ақпарат алу үшін, fn+esc пернелерін (тек таңдаулы өнімдерде) басыңыз.
Бағдарламалық құралды табу
Бағдарламалық құрал өнімге байланысты өзгеше болуы мүмкін. Компьютерде орнатылған
бағдарламалық құралдардың тізімін көру үшін:
▲ Пуск (Бастау) түймесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, содан кейін Приложения и
возможности (Бағдарламалар мен мүмкіндіктер) опциясын таңдаңыз.
Оң жақтағы
Кесте
2-1 Оң жақтағы құрамдас бөлшектер және олардың сипаттамалары
Құрамдас бөлшек Сипаттама
(1) Жад карталарын оқу құрылғысы Ақпарат сақтауға, басқаруға, ортақ пайдалануға немесе
ашуға мүмкіндік беретін қосымша жад карталарын оқиды.
Картаны салу үшін:
1. Қосқыштарын компьютерге қаратып, картаның
жапсырма жағын жоғары қаратып ұстаңыз.
2. Картаны жад карталарын оқу құрылғысына енгізіп,
нық отырғанша үстінен басыңыз.
Картаны алып тастау үшін:
Аппараттық құралды табу 3