User's Guide
Кесте 2-1 Оң жақтағы құрамдас бөлшектер және олардың сипаттамалары (жалғасы)
Құрамдас бөлшек Сипаттама
▲ Картаны басып, оны жад карталарын оқу
құрылғысынан алып тастаңыз.
(2) Біріктірілген аудио шығыс (құлақаспап
үшін)/aудио кіріс (микрофон үшін) ұясы
Токқа қосылатын қосымша стерео үндеткіштер,
құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспаптар, гарнитура
немесе теледидар дыбыс кабелі қосылады. Сонымен қатар
қосымша гарнитура микрофонын қосады. Бұл ұяға қосымша
автономды микрофонды жалғауға болмайды.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін
құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспап немесе
гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз.
Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат алу үшін, Қауіпсіздікке
және қоршаған ортаға қойылатын талаптарға сәйкестік
туралы ескертпелер нұсқаулығын қараңыз.
Бұл нұсқаулықты пайдалану үшін:
▲ Тапсырмалар тақтасының іздеу өрісіне
Документация HP (HP құжаттары) деп жазып, одан
кейін Документация HP (HP құжаттары) опциясын
таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Құрылғы ұяға қосылған кезде, компьютер
үндеткіштері ажыратылады.
(3) Диск индикаторы ● Ақ түсте жыпылықтау: катты диск пайдаланылуда.
● Сары: HP 3D DriveGuard қызметі қатты дискіні уақытша
өшіріп қояды.
ЕСКЕРТПЕ: HP 3D Drive Guard қызметі туралы ақпаратты HP
3D DriveGuard бағдарламасын (тек таңдаулы өнімдерде)
пайдалану (39-бет) бөлімінен қараңыз.
(4) USB Type-C SuperSpeed порты және
DisplayPort™ қосқышы
USB құрылғысын жалғайды, жоғары жылдамдықпен
деректер беруді қамтамасыз етеді және (тек таңдаулы
өнімдерде) қосылған күйіндегі немесе ұйқылық режиміндегі
компьютер арқылы кіші құрылғыларды зарядтайды.
ЕСКЕРТПЕ: Кабельдер мен/немесе адаптерлер (бөлек
сатылады) қажет болуы мүмкін.
– және –
Дисплей шығыс ұясын қамтамасыз ету арқылы USB Type-C
ұясы бар DisplayPort құрылғысын жалғайды.
(5) RJ-45 (желі) ұясы/күй индикаторлары Желілік кабелді қосады.
● Ақ: желі қосылған.
● Сары: желіде әрекет орын алуда.
(6) USB SuperSpeed порты USB құрылғысын жалғайды, жоғары жылдамдықпен
деректер беруді қамтамасыз етеді және (тек таңдаулы
өнімдерде) қосылған күйіндегі немесе ұйқылық режиміндегі
компьютер арқылы кіші құрылғыларды зарядтайды.
(7) HDMI порты Ажыратымдылығы жоғары теледидар немесе кез келген
сыйысымды сандық не аудио компоненті сияқты қосымша
видео не аудио құрылғыны, сондай-ақ жылдамдығы
жоғары HDMI құрылғысын қосады.
4 2-тарау Компьютермен танысу