User's Guide

ЕСКЕРТПЕ: Жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін, әсіресе Расширитьеңейту) опциясы таңдалған
болса, сыртқы құрылғының экран ажыратымдылығын мына жолмен реттеңіз. Пуск (Бастау)
түймесін басып, Параметры (Параметрлер), одан кейін Системаүйе) тармақтарын таңдаңыз.
Дисплей астынан қажетті ажыратымдылық мәнін таңдаңыз, одан кейін Сохранить изменения
(Өзгертулерді сақтау) опциясын таңдаңыз.
Бейне құрылғыларын HDMI кабелінің (тек таңдаулы өнімдерде) көмегімен
жалғау
ЕСКЕРТПЕ: HDMI құрылғысын компьютерге жалғау үшін бөлек сатылатын HDMI кабелі қажет болады.
Компьютер экранындағы кескінді ажыратымдылығы жоғары теледидардан не компьютерден көру
үшін ажыратымдылығы жоғары құрылғыны келесі нұсқауларға сәйкес жалғаңыз:
1. HDMI кабелінің бір ұшын компьютердегі HDMI портына жалғаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: HDMI портының пішімі өнімге байланысты өзгеше болуы мүмкін.
2. Кабельдің екінші ұшын ажыратымдылығы жоғары теледидарға немесе мониторға жалғаңыз.
3. Төрт дисплей күйі арасында ауысу үшін, f4 түймесін басыңыз:
Компьютер экраны ғана: экрандағы кескінді тек компьютерден көріңіз.
Көшірмелеу: экрандағы кескінді бір уақытта компьютер және сыртқы құрылғыдан көріңіз.
Кеңейту: экрандағы кескінді компьютер және сыртқы құрылғы арқылы кеңейтілген күйінде
көріңіз.
Екінші экран ғана: экрандағы кескінді тек сыртқы құрылғыдан көріңіз.
f4 пернесі басылған сайын, көрсету күйі өзгереді.
ЕСКЕРТПЕ: Жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін, әсіресе Расширитьеңейту) опциясы таңдалған
болса, сыртқы құрылғының экран ажыратымдылығын мына жолмен реттеңіз. Пуск (Бастау)
түймесін басып, Параметры (Параметрлер), одан кейін Системаүйе) тармақтарын таңдаңыз.
Дисплей астынан қажетті ажыратымдылық мәнін таңдаңыз, одан кейін Сохранить изменения
(Өзгертулерді сақтау) опциясын таңдаңыз.
24 4-тарау Ойын-сауық мүмкіндіктерін пайдалану