User's Guide
Кесте 2-6 Түйме, желдеткіш саңылауы, үндеткіштер және олардың сипаттамалары
Бөлік Сипаттама
(1) Қуат түймесі ● Компьютер өшірулі болғанда, компьютерді қосу үшін 
түймені басыңыз.
● Компьютер қосулы болғанда, ұйқы күйін қосу үшін 
түймені тез басып қалыңыз.
● Компьютер ұйқы күйінде болғанда, ұйқы күйінен (тек 
таңдаулы өнімдерде) шығу үшін түймені тез басып 
қалыңыз.
● Компьютер күту күйінде болған кезде, күту күйінен 
шығу үшін түймені тез басып қалыңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Қуат түймесін басып тұрғанда, 
сақталмаған ақпарат жойылады.
Компьютер жауап беруді тоқтатып, өшіру процедуралары 
көмектеспесе, компьютерді өшіру үшін қуат түймесін кем 
дегенде 5 секунд басып ұстап тұрыңыз.
Қуат параметрлері туралы ақпаратты қуат опцияларынан 
қараңыз:
▲ Питание (Қуат) белгішесін   тінтуірдің оң жақ 
түймесімен басып, Электропитание (Қуат 
параметрлері) тармағын таңдаңыз.
(2)   Үндеткіштер (2) Дыбыс шығарады.
(3)   Желдеткіш саңылауы Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қосады.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді 
салқындату үшін және қызып кетуден қорғау үшін 
автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында 
желдеткіштің біресе қосылып, біресе өшіп отыруы – 
қалыпты жағдай.
Пернетақта аумағы 11










