Equipment reference manual

Қосымша жад орнату
Бұл компьютер төмен қуатты қос дерек беру жылдамдықты 3 синхронды динамикалық жұмыс жады
(DDR3L-SDRAM) екі жақты жад модульдерімен (DIMM) бірге беріледі. Сонымен қатар стандартты DDR3-
SDRAM DIMMS қолдайды.
DIMM құралдар
Жүйе тақтасының жад ұяшықтарында болуы мүмкін өндірістік стандартты DIMMдердің саны екеу
болуы мүмкін. Бұл жад ұяшықтарында кем дегенде бір алдын-ала орнатылған DIMM болады. Жад
қолдауын барынша көп қолдану үшін
, жүйе тақтасына 16 ГБ дейін орындауы жоғары қос арналы
режимде жиналған жад орнатуға болады.
DDR3/DDR3L-SDRAM DIMMs
Жүйенің жұмысы дұрыс болу үшін, DIMMs мына талаптарға сай болуы тиіс:
Салалық стандартты 288 істікшелі
Буферсіз ECC PC4-17000 DDR4-2133 МГц-үйлесімді емес
1,2 вольттық DDR4-SDRAM DIMM жадтары
DIMM сондай-ақ:
CAS кідірісі 15 DDR4 2133 MHz (15-15-15 уақыты) қолдау көрсететін
Құрамында міндетті түрде JEDEC SPD ақпараты болуы тиіс
оған қоса, бұл компьютер қолдайды:
512 МБ, 1 ГБ және 2 ГБ ECC емес жад технологиялары
Бір жақты және екі жақты DIMM модульдері
x8 және x16 DDR құрылғысымен жасалған DIMM құрылғылар; x4 SDRAM арқылы жасалған DIMM
құралдарды қолдамайды
ЕСКЕРТПЕ: Егер қолдауы жоқ DIMM құралдар орнатсаңыз, жүйе дұрыс жұмыс істемейді.
DIMM ұяшықтарын толтыру
Жүйе тақтасында әр арнада екі ұяшықпен қоса төрт DIMM ұяшығы бар. Ұяшықтар DIMM1 және DIMM3
болып белгіленген. DIMM1 ұяшығы B жад арнасында жұмыс істейді. DIMM3 ұяшығы A жад арнасында
жұмыс істейді.
Жүйе DIMM құралдарының орнатуларына қарай автоматты түрде жалғыз арналы, қос арналы, немесе
икемді режимде жұмыс істейді.
ЕСКЕРТПЕ: Жалғыз арна және теңгерілмеген қос арна жадының конфигурациялары график жұмысын
нашарлатады.
Егер DIMM ұяшықтары жалғыз арнада орналасса, жүйе жалғыз арналы режимде жұмыс істейді.
Егер А арнасындағы DIMM жадының толық сыйымдылығы В арнасындағы DIMM жадының толық
сыйымдылығына тең болса, жүйе қос арналы жоғары орындау режимінде жұмыс істейді.
Егер А арнасындағы DIMM жадының толық сыйымдылығы В арнасындағы DIMM жадының толық
сыйымдылығына тең болмаса, жүйе икемді режимінде жұмыс істейді. Икемді жүйесінде ең аз
жад мөлшері бар арна қос арнаға тағайындалған толық жад мөлшерін және жалғыз арнаға
Қосымша жад орнату 11