Equipment reference manual

б. Егер PCI Express x16 картасын алу қажет болса, кеңейту ұяшығының артындағы ұстағышын
картадан тартып алыңыз да, картаны ұяшықтан шыққанша абайлап артқа және алға
қозғаңыз. Кеңейтім картасын ұяшықтан тура жоғары қарай тартыңыз.
9. Алынған картаны антистатик материалмен ораңыз.
10. Егер жаңа кеңейту картасын салу қажет болмаса, ашық ұяшықты жабу үшін, ұяшықтың қақпағын
орнатыңыз.
ЕСКЕРТУ: Кеңейту картасын алған соң, жұмыс кезінде ішкі бөлшектерінің дұрыс салқындауы
үшін, орнына жаңа карта салу қажет немесе қақпағын жабу қажет.
11. Жаңа кеңейту картасын орнату үшін жүйе тақтасының кеңейту ұяшығының үстіне тақап ұстап
тұрыңыз да, картаның тетікшелері шассидің артындағы саңылауға дәл келетіндей етіп шасиидің
артына (1) қарай картаны жылжытыңыз. Картаны жүйе тақтасындағы кеңейту ұяшығына (2)
төмен қарай тура басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Кеңейту картасын орнатқанда жалғағыш толығымен кеңейту ұяшығында дұрыс
орналасатындай етіп картаны қаттырақ басыңыз.
20 2-тарау Құрылғы жаңартулары