Пайдаланушы нұсқаулығы
© Copyright 2016 HP Development Company, L.P. Bluetooth өз меншік иесінің сауда белгісі болып табылады және оны HP Inc. компаниясы лицензия бойынша пайдаланады. Intel – Intel корпорациясының АҚШ-тағы және басқа елдердегі сауда белгісі. Microsoft – тіркелген сауда белгісі немесе АҚШ және/немесе басқа елдердегі Microsoft корпорациясының сауда белгісі. Осы құжатта берілген ақпарат ескертусіз өзгертіледі.
Қауіпсіздік туралы ескерту хабары АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қызып кетумен байланысты зақымдарды немесе компьютердің қатты қызып кету жағдайын азайту үшін компьютерді тізеңізге қоймаңыз немесе компьютердің ауа желдеткішін бітемеңіз. Компьютерді тек қатты, тегіс беттің үстіне қойып пайдаланыңыз. Қасында тұрған қосымша принтер сияқты қатты беттің немесе жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ беттің ауа ағынын бөгеуіне жол бермеңіз.
iv Қауіпсіздік туралы ескерту хабары
Maзмұны 1 Қосылғанда жанатын шам ........................................................................................................................... 1 HP Apps Store дүкеніне өту .................................................................................................................................. 1 Ең жақсы тәжірибе .............................................................................................................................................. 1 Қосымша HP ресурстары ........
Дыбысты пайдалану ......................................................................................................................................... 22 Үндеткіштерді қосу ......................................................................................................................... 22 Құлақаспаптарды қосу ................................................................................................................... 23 Микрофонды қосу .....................................................
Компьютер күту күйінен шыға алмайтын кезде төмен батарея деңгейін шешу .............................................................................................................................. 35 Айнымалы қуатпен жұмыс істеу ...................................................................................................................... 35 Қуат мәселелерін шешу ..................................................................................................................
10 HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) пайдалану ............................................................................................ 51 HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) құралын USB құрылғысына жүктеу ....................................................... 51 11 Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару және қалпына келтіру ................................................ 53 Қалпына келтіру дискісін және сақтық көшірмелерді жасау ....................................................................
1 Қосылғанда жанатын шам Бұл компьютер жұмыс істеуді және көңіл көтеруді жақсартуға арналған қуатты құрал болып табылады. Компьютерді орнату жасалғаннан кейін орындауға болатын ең жақсы амалдар, компьютермен жасауға болатын қызықты әрекеттер және қосымша HP ресурстарын табуға болатын орындар туралы білу үшін, осы бөлімді оқып шығыңыз.
Қосымша HP ресурстары Өнім туралы егжей-тегжейлі деректерді, практикалық нұсқаулық ақпаратын және қосымша мәліметтерді қамтамасыз ететін ресурстарды табу үшін, мына кестені қараңыз. Ресурстар Мазмұны Орнату нұсқаулары ● Компьютердің параметрлерін орнатуға және мүмкіндіктеріне жалпы шолу НР қолдау қызметі ● HP маманымен желіде сөйлесу НР қолдау қызметін пайдалану үшін http://www.hp.com/support мекенжайына өтіңіз.
Ресурстар Мазмұны – немесе – ▲ Пуск (Бастау) түймесін басып, Все программы (Барлық бағдарламалар), НР, одан кейін Документация НР (НР құжаттары) тармақтарын таңдаңыз. – немесе – ▲ Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында поддержка (қолдау) сөзін жазып, HP Support Assistant бағдарламасын таңдаңыз. Мой ПК (Менің ДК) опциясын, Спецификации (Сипаттамалар) қойыншасын, Руководства пользователя (Пайдаланушы нұсқаулықтары) опциясын таңдаңыз.
Ресурстар Мазмұны МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Пайдаланушы нұсқаулығының ең соңғы нұсқасын ашу үшін Интернетке қосылу қажет. НР Шектеулі кепілдігін өнімдегі және/немесе қорапта қамтамасыз етілген ықшам дискіде немесе DVD дискісіндегі пайдаланушы нұсқаулықтарында табуға болады. Кейбір елдерде немесе аймақтарда НР компаниясы басылған кепілдігін қорапта ұсынады. Басылған түрдегі кепілдік берілмейтін елдерде/аймақтарда оның басылған көшірмесін http://www.hp.com/go/orderdocuments мекенжайы бойынша сұрауға болады.
2 Компьютермен танысу Аппараттық құралдардың орналасқан жерлері Компьютерге орнатылған аппараттық құралдарды көру үшін: ▲ Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында диспетчер устройств (құрылғылар басқарушысы) деп теріп, Диспетчер устройств (Құрылғылар басқарушысы) қолданбасын таңдаңыз. Компьютерге орнатылған барлық құрылғылар тізімде көрсетіледі. Жүйенің аппараттық құралдарының компоненттері және жүйенің BIOS нұсқасының нөмірі туралы ақпарат алу үшін fn+esc (тек таңдаулы өнімдерде) пернелерін басыңыз.
Оң жақ Сипаттама (1) Жад картасын оқу құрылғысы Ақпарат сақтауға, басқаруға, ортақ пайдалануға немесе ашуға мүмкіндік беретін қосымша жад карталарын оқиды. Картаны салу үшін: 1. Қосқыштарын компьютерге қаратып, картаның жапсырма жағын жоғары қаратып ұстаңыз. 2. Картаны жад картасын оқу құрылғысына енгізіп, нық отырғанша үстінен басыңыз. Картаны алып тастау үшін: (2) Диск шамы (тек таңдаулы өнімдерде) ▲ Картаны басып, оны жад картасын оқу құрылғысынан алып тастаңыз.
Сипаттама ● Сары: айнымалы ток адаптері қосылған, батарея зарядталуда. ● Өшірулі: Батарея зарядталмайды. Сол жақ Сипаттама (1) Қауіпсіздік кабелінің ұясы Қосымша қауіпсіздік кабелін компьютерге жалғайды. ЕСКЕРТПЕ: Қауіпсіздік кабелі сақтандырғыш құрал ретінде әрекет ету үшін жасалған, бірақ ол компьютерге күтімсіз қараудан немесе оны ұрланудан қорғай алмауы мүмкін. (2) USB 2.0 порты Пернетақта, тінтуір, сыртқы диск, принтер, сканер немесе USB хабі сияқты қосымша USB құрылғысы жалғанады.
Дисплей Бөлік Сипаттама (1) Ішкі микрофондар Дыбыс жазады. (2) Камера шамы Қосулы: Камера пайдаланылуда. (3) Камера Видеочат арқылы сөйлесуге, бейне жазуға немесе суретке түсіруге мүмкіндік береді. Кейбіреулері HD (жоғары ажыратымдылық) мүмкіндігін, ойын ойнауға, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және иммерсивті қатысуға арналған бағдарламаларды немесе Windows® Hello сияқты бет әлпетін тану бағдарламалық құралын ұсынады.
Жоғарғы жағы Сенсорлы тақта Бөлік (1) Сипаттама Сенсорлы тақта аймағы Меңзерді жылжыту немесе экрандағы элементтерді ашу үшін саусақпен орындалатын қимылдарды оқиды. ЕСКЕРТПЕ: Қосымша ақпаратты Сенсорлы тақта ісқимылдарын пайдалану (27-бет) бөлімінен қараңыз. (2) Сол жақ сенсорлы тақта түймешігі Сыртқы тінтуірдің сол жақ түймешігі сияқты жұмыс істейді. (3) Оң жақ сенсорлы тақта түймешігі Сыртқы тінтуірдің оң жақ түймешігі сияқты жұмыс істейді.
Шамдар Бөлік (1) 10 Сипаттама Қуат шамы ● Қосулы: компьютер қосулы. ● Жыпылықтау: қуатты үнемдеу күйі болып табылатын «Ұйқы күйі» компьютерде қосылған. Компьютер дисплейдің және басқа да қажет емес құрамдас бөліктердің қуатын өшіреді. ● Өшірулі: компьютер өшірулі немесе күту күйінде. Күту күйі – ең аз мөлшерде қуат тұтынатын қуатты үнемдеу күйі. (2) Caps lock шамы Қосулы: Пернелердің барлығын бас әріпке ауыстыратын «Caps lock» пернесі басылған.
Түймешік пен үндеткіштер Бөлік (1) Сипаттама Қуат түймешігі ● Компьютер өшірулі болғанда, компьютерді қосу үшін түймешікті басыңыз. ● Компьютер қосулы болғанда, ұйқы күйін қосу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер ұйқы күйінде болғанда, ұйқы күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер күту күйінде болған кезде, күту күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ЕСКЕРТУ: Қуат түймешігін басып тұрғанда сақталмаған ақпараттар жойылады.
Пернелер Бөлік Сипаттама (1) esc пернесі fn пернесімен бірге басылған кезде жүйе ақпараты көрсетіледі. (2) fn пернесі esc немесе әрекет пернелерімен бірге басылған кезде арнайы жүйелік функцияларды орындайды. (3) Windows пернесі Пуск (Бастау) мәзірін ашады. ЕСКЕРТПЕ: Windows пернесін қайта басу Пуск (Бастау) мәзірін жабады. (4) num lock пернесі Кірістірілген сандық пернетақтада жылжу функциясын және сандар функциясын атқарады.
Белгіше Сипаттама Үндеткіш дыбысын өшіреді немесе қайта қосады. Пернені басып тұрса, үндеткіштегі дыбыс деңгейі біртіндеп азаяды. Пернені басып тұрса, үндеткіштегі дыбыс деңгейі біртіндеп артады. Ықшам дискіден алдыңғы ән жолын, DVD немесе Blu-ray дискісінен (BD) алдыңғы жолды ойнатады. Ықшам дискіні, DVD немесе BD дискісін ойнатуды бастайды, уақытша тоқтатады немесе ойнатуды жалғастырады. Аудио ықшам дискідегі келесі жолды, ал DVD немесе BD дискілерінде келесі бөлімді ойнатады.
Астыңғы жағы Сипаттама Желдеткіш саңылаулары (2) Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қамтамасыз етеді. ЕСКЕРТПЕ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді салқындату үшін және қызып кетуден қорғау үшін автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында желдеткіштің біресе қосылып, біресе өшіп отыруы – қалыпты жағдай.
Артқы көрінісі Сипаттама Желдеткіш тесік Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қосады. ЕСКЕРТПЕ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді салқындату үшін және қызып кетуден қорғау үшін автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында желдеткіштің біресе қосылып, біресе өшіп отыруы – қалыпты жағдай. Жапсырмалар Компьютерге жапсырылған жапсырмалар жүйе ақаулықтарын жойғанда немесе компьютер алып шетелге саяхатқа шыққанда қажет болуы мүмкін.
Бөлік 16 (1) Үлгі атауы (тек таңдаулы өнімдерде) (2) Өнім нөмірі (3) Сериялық нөмір (4) Кепілдік күшінің мерзімі ● Техникалық деректер жапсырмасы(лары) — компьютер туралы техникалық ақпаратты береді. ● Сымсыз куәлік беру туралы жапсырма(лар) – қосымша сымсыз құрылғылар туралы ақпаратты және осы құрылғылардың қолданылуы мақұлданған елдер немесе аймақтардың мақұлдау таңбаларын қамтамасыз етеді.
3 Желіге қосылу Осы компьютермен кез келген жерге саяхаттауға болады. Алайда, компьютер мен сымсыз не сымды желі байланысын пайдаланып үйде отырып та дүние жүзін шарлап, миллиондаған веб-тораптардың ақпараттарына қол жеткізуге болады. Осы тараудағы ақпарат әлеммен байланысуға көмектеседі.
Ұшу режимі пернесі Компьютерде ұшу режимі пернесі, бір немесе бірнеше сымсыз құрылғылар және бір немесе бірнеше сымсыз байланыс шамы бар. Компьютердегі сымсыз құрылғылардың барлығы зауытта іске қосылады. Сымсыз байланыс шамы жеке құрылғылардың емес, сымсыз құрылғылардың жалпы қуат күйін анықтайды. Амалдық жүйе басқару элементтері Желі және ортақ қолдану орталығы қосылымды немесе желіні орнатуға, желіге қосылуға, желі ақаулықтарын тексеруге және жөндеуге мүмкіндік береді.
НР Мобильді кең жолақты модулін пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде) HP мобильді кең жолақты компьютеріңізде кең ауқымды мобильді қызметке қолдау көрсетілген. Жаңа компьютерді мобильді оператордың желісімен пайдаланғанда Интернетке қосылу, электрондық пошта жіберу немесе корпоративтік желіге қосылу Wi-Fi жылдам қосылу нүктесінсіз мүмкін болады. Мобильді байланыстың кең жолақты қызметін іске қосу үшін, HP мобильді байланыстың кең жолақты желі модулінің IMEI және/немесе MEID нөмірі керек болуы мүмкін.
● Сурет түсіретін құрылғылар (принтер, камера) ● Дыбыстық құрылғылар (гарнитура, үндеткіштер) ● Тінтуір ● Сыртқы пернетақта Bluetooth құрылғысы Bluetooth құрылғыларының PAN желісін орнатуға мүмкіндік беретін тең дәрежелі мүмкіндікті қамтамасыз етеді. Bluetooth құрылғыларының параметрлерін реттеу және оларды пайдалану туралы ақпаратты Get started (Жұмысқа кіріскенде) бағдарламасынан қараңыз. ▲ Пуск (Бастау) түймешігін басыңыз және Get started (Жұмысқа кіріскенде) бағдарламасын таңдаңыз.
2. Желілік кабелдің екінші ұшын желінің қабырға ұясына (2) немесе жол жоспарлағышқа жалғаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Желі кабелінің теледидар мен радио кедергілерінен қорғайтын кедергілерді басу схемасы (3) бар болса, кабельдің осы схема орналасқан ұшын компьютерге қарай бағыттаңыз. Мәліметтер мен диск жетектерін ортақ пайдалану және бағдарламалық құралдарды ашу Компьютер желінің бір бөлігі болып тұрғанда, тек компьютерде сақтаулы ақпаратты пайдаланумен шектеліп қалмайсыз.
4 Көңіл көтеру мүмкіндіктерін пайдалану Веб-камера арқылы байланысу, музыканы тыңдау және басқару, бейнефильмдерді жүктеу және көру амалдарын орындау үшін HP компьютерін көңіл көтеру орталығы ретінде пайдаланыңыз. Компьютеріңізді бұдан да қуатты көңіл көтеру орталығына айналдыру үшін, монитор, проектор, теледидар немесе үндеткіштер мен құлақаспаптар сияқты жоғары ажыратымдылықты сыртқы құрылғыларды жалғаңыз.
Құлақаспаптарды қосу АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспаптар немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс қаттылығын төмендетіңіз. Қосымша қауіпсіздік ақпаратын Заңдық, қауіпсіздік және қоршаған орта ескертулерінен қараңыз. Бұл құжатты ашу үшін: ▲ Пуск (Бастау) түймесін басып, Все программы (Барлық бағдарламалар), Справка и поддержка НР (НР анықтамасы және қолдау), одан кейін Документация НР (НР құжаттары) тармақтарын таңдаңыз.
Дыбыстық параметрлерді көру және басқару үшін дыбыстың басқару панелін пайдаланыңыз. ▲ Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында панель управления (басқару тақтасы) деп теріп, Панель управления (Басқару тақтасы) опциясын таңдаңыз, Аппаратное обеспечение и звук (Аппараттық құрал және дыбыс) опциясын таңдап, аудио жүйесіне тән дыбысты басқару панелін таңдаңыз.
● ДК экраны ғана: экрандағы кескінді тек компьютерден көру. ● Қос: экрандағы кескінді бір уақытта компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен де көру. ● Кеңейтілген: экрандағы кескінді компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен көру. ● Екінші экран ғана: экрандағы кескінді тек сыртқы құрылғыдан көру. f4 пернесі басылған сайын, көрсету күйі өзгереді. ЕСКЕРТПЕ: Жақсы нәтиже үшін, егер «Расширение» (Кеңейту) опциясы таңдалған болса, сыртқы құрылғының экран ажыратымдылығын мына жолмен реттеңіз.
Ойын мүмкіндіктерін пайдалану SteelSeries Engine SteelSeries Engine барлық ойын ойнау қажеттіліктеріңізге сай компьютерді реттеуге мүмкіндік беретін бірыңғай платформа қызметін атқаратын бағдарламалық құрал болып табылады.
5 Экранда шарлау Компьютер экраны бойынша келесі әдістермен жылжуға болады: ● Сенсорлық қимылдарды сенсорлы тақтада пайдаланыңыз ● Пернетақтаны және қосымша тінтуірді пайдаланыңыз (тінтуір бөлек сатылады) Сенсорлы тақта іс-қимылдарын пайдалану Сенсорлы тақта қарапайым саусақ қозғалыстарымен компьютер экранында шарлауға және меңзерді басқаруға мүмкіндік береді. Әрі сенсорлы тақтаның сол және оң жақ түймешіктерін сыртқы тінтуірдің сәйкес түймешіктері сияқты пайдалануға болады.
Екі саусақты сырғыту Екі саусақты сырғыту қимылын бетте немесе кескінде жоғары, төмен қарай немесе жан-жаққа жылжыту үшін пайдаланыңыз. ● Екі саусақты сенсорлы тақта аймағына арасын алшақ қойып, одан кейін оларды жоғары, төмен, сол немесе оң жаққа қарай жылжытыңыз. Екі саусақпен түрту Экрандағы нысан мәзірін ашу үшін екі саусақпен түртуді пайдаланыңыз. ЕСКЕРТПЕ: ● Екі саусақ көмегімен түрту қимылы тінтуірдің оң жақ түймешігі сияқты жұмыс істейді.
Үш саусақпен жүргізіп өту Ашық терезелерді көру үшін және ашық тұрған терезелер мен жұмыс үстелі арасында ауысу үшін үш саусақпен жүргізіп өту қимылын пайдаланыңыз. ● Ашық тұрған барлық терезелерді көру үшін 3 саусағыңызды өзіңізден сырғытыңыз. ● Жұмыс үстелін көрсету үшін 3 саусағыңызды өзіңізге қарай сырғытыңыз. ● Ашық тұрған терезелер арасында ауысу үшін 3 саусағыңызды сол немесе оң жаққа сырғытыңыз.
Бөлік Сипаттама бағыттау көрсеткілерімен белгіленген) ауыстырып қосу үшін осы пернені басыңыз. ЕСКЕРТПЕ: Компьютер өшірілгенде белсенді болып тұрған пернетақта функциясы компьютер қайта қосылғанда қалпына келеді. Кірістірілген сандық пернетақта 30 5-тарау Экранда шарлау Сыртқы сандық пернетақта сияқты жұмыс істейтін етіп зауытта орнатылған. Сан функциясы мен жылжу функциясын (бағыттық көрсеткі пернелерімен көрсетілген) ауыстыру үшін num lock пернесін басыңыз.
6 Қуат басқару Бұл компьютер батарея қуатымен немесе сыртқы қуат көзіне қосу арқылы жұмыс істейді. Егер компьютер батарея қуатымен жұмыс істейтін болса және батареяны зарядтау үшін оны АТ қуат көзіне жалғау мүмкін болмаса, батарея зарядын бақылау және үнемдеу өте маңызды. Ұйқылық режимді және күту күйін қосу және одан шығу ЕСКЕРТУ: Компьютердің Ұйқы режимінде бірнеше осал тараптары бар.
Күту күйін қолмен бастау және шығу (тек таңдаулы өнімдерде) Пайдаланушы арқылы қосылатын күту күйін қосу және басқа қуат параметрлері мен күту үзілістерін өзгерту үшін «Қуат параметрлері» пәрменін пайдаланыңыз. 1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында электропитание (қуат параметрлері) сөзін жазып, одан кейін Электропитание (Қуат параметрлері) тармағын таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Пайдаланушы есептік жазбасының құпия сөзін жасау немесе ағымдағы құпия сөзді өзгерту үшін Создание или изменение пароля учетной записи пользователя (Пайдаланушы есептік жазбасының құпия сөзін жасау немесе өзгерту) тармағын таңдап, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Пайдаланушы есептік жазбасының құпия сөзін жасау немесе өзгерту қажет болмаған жағдайда, 5-қадамға өтіңіз. 5. Сохранить изменения (Өзгертулерді сақтау) параметрін таңдаңыз.
болса, қолдау қызметімен хабарласыңыз. Батареяны пайдалану мерзімі аяқталғанда, оны жалпы үй қалдықтарымен бірге қоқысқа тастамаңыз. Батареяны қоқысқа тастау кезінде, жергілікті заңдарды және аймағыңызда қолданылатын ережелерді орындаңыз. Батарея ақпаратын табу Батарея туралы ақпаратқа қол жеткізу үшін: 1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында поддержка (қолдау) сөзін жазып, HP Support Assistant бағдарламасын таңдаңыз. – немесе – Тапсырмалар тақтасындағы сұрау белгісінің белгішесін басыңыз. 2.
ЕСКЕРТПЕ: Қуат көрсеткіші туралы қосымша ақпарат алу үшін, Қуат көрсеткішін және қуат параметрлерін қолдану (33-бет) бөлімін қараңыз. Өте төмен батарея деңгейі кезінде компьютер төмендегі әрекеттерді орындайды: ● Күту күйі ажыратылған кезде және компьютер қосулы немесе ұйқы күйінде болғанда, компьютер қысқа уақытқа ұйқы күйіне өтеді және одан кейін өшеді. Барлық сақталмаған ақпарат жоғалады.
Компьютер сыртқы қуат көзіне жалғанған кезде: ● Батарея зарядтала бастайды. ● Экран жарықтығы жоғарылайды. ● Қуат көрсеткіші белгішесінің көрінісі өзгереді. АТ көзінен ажырату кезінде: ● Компьютер батарея қуатына көшеді. ● Батареяның қызмет ету мерзімін сақтау үшін, экран жарықтығы автоматты түрде азаяды. ● Қуат көрсеткіші белгішесінің көрінісі өзгереді.
Компьютерді қуат түймешігі арқылы да өшіруге болатынымен, ұсынылатын үрдіс Windows жүйесінің Завершение работы (Жұмысты аяқтау) пәрменін қолдану болып табылады. ЕСКЕРТПЕ: Компьютер ұйқылық режимде немесе күту күйінде болғанда, қуат түймешігін басып қалу арқылы ұйқылық режимнен немесе күту күйінен шығу қажет. 1. Жұмысыңызды сақтап, барлық ашық бағдарламаларды жабыңыз. 2. Пуск (Бастау) түймешігін басып, Питание (Қуат) белгішесін, содан кейін Завершение работы (Жұмысты аяқтау) белгішесін таңдаңыз.
7 Компьютерге техникалық қызмет көрсету Компьютерді оңтайлы күйде сақтау үшін, оған жүйелі түрде техникалық қызмет көрсету маңызды болып табылады. Бұл тарауда Дискіні дефрагментациялау және Дискіні тазалау құралдарын пайдалану жолдары түсіндіріледі. Сонымен қатар, бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту нұсқаулары, компьютерді тазалау жөнінде қадамдар және компьютерді сапарға алып шығуға (немесе оны тасымалдауға) арналған кеңестер қамтамасыз етіледі.
HP 3D DriveGuard бағдарламасын (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану Төмендегі жағдайлардың біреуі орын алса, HP 3D DriveGuard бағдарламасы дискіні өшіру және дерек сұрауларын тоқтату арқылы қатты дискіні қорғайды. ● Сіз компьютеріңізді құлатып алдыңыз. ● Батарея қуатынан қосылып тұрған компьютерді оның дисплейі жабулы күйінде жылжытасыз. Бұл оқиғалардың біреуі аяқталғаннан кейінгі қысқа мерзімде HP 3D DriveGuard қатты дискіні қалыпты жұмыс жағдайына қайтарады.
Компьютерді тазалау Компьютерді қауіпсіз түрде тазалау үшін келесі өнімдерді пайдаланыңыз: ● Диметил бензил аммоний хлоридінің 0,3 пайыздық тұнбасы (мысалы, әртүрлі компаниялар шығарған бір рет қолданылатын сүрткіштер түрінде) ● Құрамында спирті жоқ әйнек тазалағыш сұйықтық ● Су және жұмсақ сабын қосылған ерітінді ● Құрғақ микроталшықты тазалау шүберегі немесе күдері (майланбаған жұмсақ антистатикалық шүберек) ● Антистатикалық шүберек майлықтар ЕСКЕРТУ: Компьютерді бір жолға зақымдауы мүмкін қатты
ЕСКЕРТУ: Ішкі бөліктерді зақымдамау үшін, сұйықтықтардың пернелер арасына тамшылап түсуіне жол бермеңіз. ● Сенсорлы тақта, пернетақта немесе тінтуірді тазалау үшін, бұрын аталған тазалау сұйықтықтарының біреуіне суланған жұмсақ микроталшық матаны, күдеріні немесе бір рет пайдаланылатын бір рет қолданылатын майлықты пайдаланыңыз. ● Пернелердің жабысып қалуын болдырмай, пернетақтадан шаңды, талшықтарды және қоқымдарды кетіру үшін түтігі бар қаңылтыр бөтелкедегі қысылған ауаны пайдаланыңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток соғуы, өрт шығуы немесе жабдықтың зақымдануы сияқты қауіпті азайту үшін, компьютерді жабдықтар үшін сатылатын кернеуді түрлендіру жинағы арқылы қоспаңыз.
8 Компьютер мен ақпаратты қорғау Компьютер қауіпсіздігі ақпараттың құпиялылығы, сенімділігі мен қолжетімділігін қорғау үшін өте маңызды. Windows амалдық жүйесі, HP бағдарламалары, Setup Utility (BIOS) құралы және басқа үшінші тарап бағдарламалық құралдары қамтамасыз ететін стандартты қауіпсіздік шешімдері компьютерді вирустар, «құрттар» сияқты түрлі қауіп-қатерлерден және зиян келтіретін код түрлерінен қорғауға көмектесе алады. МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: болмауы мүмкін.
Құпиясөз Қызмет ЕСКЕРТПЕ: Осы құпиясөз арқылы Setup Utility (BIOS) мазмұнына кіру мүмкін емес. Setup Utility (BIOS) құпия сөздерін орнату Құпиясөз Қызмет Әкімші құпия сөзі ● Оны Setup Utility (BIOS) құралына кірген сайын енгізу қажет. ● Әкімші құпия сөзін ұмытып қалған жағдайда, Setup Utility (BIOS) утилитасына кіру мүмкін болмайды. ● Оны компьютерді қосқан не қайта бастаған сайын немесе күту күйінен шыққан сайын енгізу қажет.
Windows Hello мүмкіндігін пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) Саусақ ізін оқу құрылғысымен немесе қосымша инфрақызыл камерамен жабдықталған өнімдерде Windows Hello мүмкіндігі көмегімен жүйеге саусақты сырғыту немесе камераға қарау арқылы кіруге болады. Windows Hello мүмкіндігінің параметрлерін орнату үшін, осы қадамдарды орындаңыз: 1.
Екі түрлі желіаралық қалқанның ішінен таңдауға болады: ● Хостқа негізделген желіаралық қалқан — тек орнатылған компьютерді қорғайтын бағдарламалық құрал. ● Желіге негізделген желіаралық қалқандар — DSL немесе кабельдік модемнің және үй желісінің арасына орнатылып, желідегі барлық компьютерлерді қорғайды. Желіаралық қалқан орнатылғаннан соң жүйеге және жүйеден жіберілген барлық деректер тексеріліп пайдаланушы анықтаған қауіпсіздік белгілері бойынша салыстырылады.
Бағдарламалық құрал қолданбаларының және мәліметтеріңіздің сақтық көшірмелерін жасау Бағдарламалық құрал қолданбаларын және мәліметтеріңізді вирус шабуылы салдарынан немесе бағдарламалық не аппараттық құралдың ақаулығынан жоғалу немесе зақымдау қатерінен қорғау үшін олардың сақтық көшірмелерін үнемі жасап жүріңіз.
9 Setup Utility (BIOS) утилитасын пайдалану Setup Utility немесе BIOS (Basic Input/Output System) жүйедегі бүкіл кіріс және шығыс құрылғыларының (мысалы, диск жетектері, монитор, пернетақта, тінтуір және принтер) арасындағы байланысты басқарады. Setup Utility (BIOS) ішінде орнатылған құрылғылардың параметрлері, компьютердің жүктелу реті және жүйе мен кеңейтілген жадтың көлемі қамтылған.
1. Setup Utility (BIOS) қолданбасын қосыңыз (Setup Utility (BIOS) утилитасын бастау (48-бет) бөлімін қараңыз). 2. Main (Басты) тармағын, System Information (Жүйе ақпараты) тармағын таңдаңыз және сіздің BIOS нұсқасы туралы жазбаны жасаңыз. 3. Exit (Шығу) тармағын, одан кейін No (Жоқ) тармағын таңдаңыз да, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Кейінгі BIOS нұсқаларын тексеру үшін BIOS жаңартуын жүктеп алу (49-бет) бөлімін қараңыз.
BIOS нұсқасын орнату іс реттері әртүрлі екен. Жүктеп алу үрдісі аяқталғаннан кейін экранға шығарылатын нұсқауларды орындаңыз. Нұсқаулар экранға шығарылмаған жағдайда мына қадамдарды орындаңыз: 1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында файл сөзін жазып, одан кейін Проводник (Жетектеуші) тармағын таңдаңыз. 2. Тағайындалған қатты дискіні екі рет нұқыңыз. Әдетте жергілікті диск (C:) тағайындалған қатты диск болып табылады. 3.
10 HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) пайдалану HP PC Hardware Diagnostics – бірыңғай кеңейтілетін ішкі бағдарламалық құрал интерфейсі (UEFI). Бұл құрал компьютердің аппараттық құралдарының дұрыс жұмыс істейтінін анықтау үшін диагностикалық сынақтарды жүргізуге мүмкіндік береді. Құрал амалдық жүйенің сыртында жұмыс істейді және амалдық жүйенің өзі немесе басқа бағдарламалық құралдар бөліктері туындауы мүмкін аппараттық құралдың ақаулықтарын бөлектейді.
UEFI құралының ең соңғы нұсқасын жүктеп алу 1. http://www.hp.com/go/techcenter/pcdiags веб-торабына өтіңіз. HP PC Diagnostics басты беті көрсетіледі. 2. HP PC Hardware Diagnostics бөліміндегі Загрузка (Жүктеу) сілтемесін басып, Выполнить (Орындау) пәрменін таңдаңыз. Белгілі бір өнімге арналған кез келген UEFI нұсқасын жүктеп алу 1. http://www.hp.com/support веб-торабына өтіңіз. 2. Загрузка ПО и драйверов (Бағдарламалық құрал мен драйверлерді жүктеп алу) қойыншасын таңдаңыз. 3.
11 Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару және қалпына келтіру Бұл тарауда төмендегі процестер туралы ақпарат беріледі. Тараудағы ақпарат өнімдер үлгілерінің көбі үшін стандартты процедура болып есептеледі. ● Қалпына келтіру дискісін және сақтық көшірмелерді жасау ● Жүйеңізді бастапқы қалпына келтіру және қалыпқа келтіру Қосымша ақпаратты HP Support Assistant бағдарламасынан қараңыз.
● Егер компьютерде Windows бөлімі немесе Recovery бөлімі болмаса, қалпына келтіру медиасын қолдау қызметінен алуға болады. Осы компьютермен жабдықталған Worldwide Telephone Numbers (әлем бойынша қызмет көрсету телефондары) кітапшасын қараңыз. Әрі байланыс ақпаратын HP веб-торабында табуға болады. http://www.hp.com/support мекен-жайын ашып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Жүйені қалпына келтіру нүктелерін жасау және жеке мәліметтердің сақтық көшірмелерін жасау үшін Windows құралдарын пайдалануға болады.
1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында восстановление (қалпына келтіру) сөзін жазып, одан кейін HP Recovery Manager тармағын таңдаңыз. 2. Қалпына келтіру медиа құралын жасау тармағын таңдаңыз, одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Жүйені қалпына келтіру қажет болса, ақпаратты HP Recovery Manager арқылы қалпына келтіру (56-бет) бөлімінен қараңыз.
параметрлерге келтіру опциясын пайдалануға болады. Қосымша ақпаратты HP Recovery Manager арқылы қалпына келтіру (56-бет) бөлімінен қараңыз. ● Таңдаулы өнімдерде, егер қатты диск орнын босату үшін қалпына келтіру бөлімін жойғыңыз келсе, HP Recovery Manager бағдарламасы Remove Recovery Partition (Қалпына келтіру бөлімін жою) опциясын ұсынады. Қосымша ақпаратты HP Recovery бөлімін жою (тек таңдаулы өнімдерде) (58-бет) бөлімінен қараңыз.
Содан кейін, амалдық жүйе мен зауытта орнатылған бағдарламалық құралдарды қайта орнатады. HP Recovery бөлімі (тек таңдаулы өнімдерде) Жүйені қалпына келтіру мүмкіндігін береді. HP Recovery бөлімін пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде) HP Recovery бөлімі қалпына келтіру дискілерін немесе қалпына келтіру USB флэш-жадын пайдаланбастан Жүйені қалпына келтіру мүмкіндігін береді. Қалпына келтірудің бұл түрін тек қатты диск жұмыс істеп тұрғанда пайдалану мүмкін болады.
Компьютердің жүктелу тәртібін өзгерту Егер компьютеріңіз HP Recovery Manager бағдарламасында қайта басаталмаса, компьютерді жүктеу ретін өзгерту қажет. Бұл – компьютер жүктеу ақпаратын іздейтін BIOS ішінде тізілген құрылғылардың реті. Таңдауды оптикалық диск жетегіне немесе USB флэш жадына өзгертуге болады. Жүктеу тәртібін өзгерту үшін МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Ажыратылатын пернетақта бар планшет үшін, осы қадамдарды бастамас бұрын пернетақтаны пернетақта бекемдеуіне жалғаңыз. 1.
12 Техникалық сипаттамасы Тұтынылатын қуат Егер сіз компьютерді алып, халықаралық саяхат жасауды жоспарласаңыз, осы бөлімде берілген қуат туралы ақпарат пайдалы болуы мүмкін. Компьютер айнымалы немесе тұрақты ток көзінен келетін тұрақты ток арқылы жұмыс істейді. Айнымалы ток көзі 100–240 В, 50–60 Гц шамасында болуы керек. Компьютер бөлек тұрақты ток көзінен жұмыс жасаса да, ол тек НР компаниясы берген және осы компьютерге қолдану үшін ұсынған айнымалы ток адаптері немесе тұрақты ток көзіне қосылуы керек.
Жұмыс ортасы Фактор Метрикалық өлшемдер жүйесі АҚШ-та пайдаланылатын өлшемдер жүйесі Пайдалануға болатын 5 мен 35°C арасында 41 мен95°F арасында Жұмыссыз режимде -20 мен 60°C арасында -4 пен 140°F арасында Температура Салыстырмалы ылғалдылық (конденсанцияланбайтын) Пайдалануға болатын 10 - 90% 10 - 90% Жұмыссыз режимде 5 - 95% 5 - 95% Пайдалануға болатын -15 м мен 3048 м арасында -50 фут пен 10000 фут арасында Жұмыссыз режимде -15 м мен 12192 м арасында -50 фут пен 40000 фут арасында Е
13 Электростатикалық разряд Электростатикалық ток соғу — екі зат қатынасқа түскен кезде статикалық электр тогының соғуы, мысалы, кілем үстінде тұрып есіктің темір тұтқасын ұстағаннан болатын ток соғу. Саусақтар немесе басқа электростатикалық разряд өткізгіштерінен шығатын статикалық электр қуатының разряды электрондық бөліктерге зақым келтіруі мүмкін.
14 Қолжетімділік HP мүмкіндіктері шектеулі адамдарды қоса барлығы пайдалана алатын өнімдер мен қызметтерді оқшаулы түрде немесе тиісті көмекші құрылғылармен жасақтайды, өндіреді және нарыққа шығарады. Қолдау көрсетілетін көмекші технологиялар HP өнімдері операциялық жүйенің әр түрлі көмекші технологияларына қолдау көрсетеді және оларды қосымша көмекші технологиялармен жұмыс істеуге теңшеуге болады. Көмекші мүмкіндіктер туралы қосымша ақпаратты табу үшін құрылғыдағы Іздеу мүмкіндігін пайдаланыңыз.
Индекс А ағытпа, қуат 6 ажыратымдылығы жоғары құрылғылар, жалғау 24, 25 айнымалы ток адаптері, тексеру 36 Айнымалы ток адаптері және батарея 6 айнымалы ток адаптерін тексеру 36 ақпарат алу аппараттық құрал 5 бағдарламалық құрал 5 астыңғы жағы 16 Аудио 24 аудио шығыс (құлақаспап)/аудио кіріс (микрофон) ұясы, анықтау 7 Ә әрекеттер пернелері 12 Б бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту 39 бағдарламалық құрал HP 3D DriveGuard 39 Дискіні дефрагментациялау құралы 38 Дискіні тазалау 38 бағдарламалық құралдың және
Дискіні дефрагментациялау құралы 38 Дискіні тазалау 38 кірістірілген сандық пернетақта, анықтау 12, 30 кірістірілген сандық пернетақтаны пайдалану 29 кішірейтілген бейнені қалпына келтіру 57 Қ қалпына келтіру HP Recovery Manager 56 USB флэш картасы 57 дискілер 54, 57 жүйе 56 қолдау көрсетілетін дискілер 54 қосу 57 құрал 57 НР жүйені қалпына келтіру құралы көмегімен 55 қалпына келтіру бөлімі шығарып алу 58 қалпына келтіру құралы жасау 53 қауіпсіздік кабелі, орнату 47 қауіпсіздік кабелінің ұясы, анықтау 7 қоғ
сыртқы айнымалы ток қуаты, пайдалану 35 сыртқы айнымалы ток қуаты көзін пайдалану 35 Т тұтынылатын қуат 59 түймешіктер қуат 11 сенсорлы тақтаның оң жағы 9 сенсорлы тақтаның сол жағы 9 Ұ Ұйқылық күй қосу 31 шығу 31 ұйқылық режимді немесе күту күйін қосу 31 Ұйқылық режим және күту күйі қосу 31 ұшу режимі 18 ұшу режимі пернесі 13, 18 ұялар RJ-45 (желі) 6 аудио шығыс (құлақаспап) ұясы/аудио кіріс (микрофон) ұясы 7 жад картасын оқу құрылғысы 6 желі 6 қауіпсіздік кабелі 7 Ү үндеткіштер анықтау 11 қосылу 22 Ш шамд