User's Guide
Пернелер
Бөлік Сипаттама
(1) esc пернесі fn пернесімен бірге басылған кезде жүйе ақпараты
көрсетіледі.
(2) fn пернесі esc немесе әрекет пернелерімен бірге басылған кезде
арнайы жүйелік функцияларды орындайды.
(3) Windows пернесі Пуск (Бастау) мәзірін ашады.
ЕСКЕРТПЕ: Windows пернесін қайта басу Пуск (Бастау)
мәзірін жабады.
(4) num lock пернесі Кірістірілген сандық пернетақтада жылжу функциясын және
сандар функциясын атқарады.
(5) Кірістірілген сандық пернетақта num lock функциясы қосылғанда, пернетақтаны сыртқы
сандар пернетақтасы ретінде қолдануға болады.
Әрекет пернелерін пайдалану
●
Перненің тағайындалған функциясын іске қосу үшін пернені басыңыз.
●
Әрбір әрекет пернесіндегі белгіше сол перненің функциясын бейнелейді.
Белгіше Сипаттама
Жұмысқа кірісу бағдарламасын ашады.
Бұл пернені басып тұрғанда экран жарықтығы қадам бойынша төмендетіледі.
Бұл пернені басып тұрғанда, экран жарықтығы қадам бойынша жоғарылатылады.
Жүйеге қосылған дисплейлердің арасында экран суретін ауыстырып көрсетеді. Мысалы, егер монитор
компьютерге қосылған болса, осы перне басылғаннан кейін экран кескіні компьютер дисплейінен
монитор дисплейіне ауыстырылып, компьютер мен монитордың екеуінде көрсетіледі.
Пернетақтаның артқы жарықтандыру функциясын өшіреді немесе қосады.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл мүмкіндікті батарея зарядын үнемдеу үшін өшіріңіз.
12 2-тарау Компьютермен танысу