User's Guide

Сурет түсіретін құрылғылар (принтер, камера)
Дыбыстық құрылғылар (гарнитура, үндеткіштер)
Тінтуір
Сыртқы пернетақта
Bluetooth құрылғысы Bluetooth құрылғыларының PAN желісін орнатуға мүмкіндік беретін тең
дәрежелі мүмкіндікті қамтамасыз етеді.
Bluetooth құрылғыларының параметрлерін реттеу және оларды пайдалану туралы ақпаратты Get
started (
Жұмысқа кіріскенде) бағдарламасынан қараңыз.
Пуск (Бастау) түймешігін басыңыз және Get startedұмысқа кіріскенде) бағдарламасын
таңдаңыз.
Bluetooth құрылғыларын қосу
Bluetooth құрылғысын пайдаланбас бұрын Bluetooth қосылысын орнату қажет.
1. Тапсырмалар тақтасының іздеу терезесінде bluetooth сөзін теріп, Параметры Bluetooth
(Bluetooth параметрлері) тармағын таңдаңыз.
2. Егер ол әлі қосылмаған болса, Bluetooth мүмкіндігін қосыңыз.
3. Құрылғыңызды тізімнен таңдаңыз, одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Құптау қажет болса, жұптастыру коды көрсетіледі. Жұптастыру коды мен
құрылғыңыздың кодының сәйкес болуын тексеру үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Қосымша
ақпарат алу үшін, құрылғымен бірге берілген құжаттарды қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Құрылғыңыз тізімде болмаса, сол құрылғыдағы Bluetooth мүмкіндігінің қосулы екенін
тексеріңіз. Кейбір құрылғылардың қосымша талаптары болуы мүмкін. Құрылғымен бірге берілген
құжаттарды қараңыз.
Сымды желіге (LAN) қосылу (тек таңдаулы өнімдерде)
Компьютерді тікелей үйдегі жол жоспарлағышқа (сымсыз жұмыс істеудің орнына) немесе офистегі
бұрыннан бар желіге қосу керек болса, LAN байланысын пайдаланыңыз.
LAN желісіне қосылу үшін 8 істікшелі RJ-45 желілік кабелі және жаңа желілік ұясы немесе қосымша
қондыру құрылғысы, сондай-ақ компьютердегі RJ-45 порты жоқ болса, кеңейту порты қажет етіледі.
Желі кабелін қосу үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз:
1. Желілік кабелді компьютердегі желі ұясына (1) жалғаңыз.
20 3-тарау Желіге қосылу