User's Guide

4 Көңіл көтеру мүмкіндіктерін пайдалану
Веб-камера арқылы байланысу, музыканы тыңдау және басқару, бейнефильмдерді жүктеу және көру
амалдарын орындау үшін HP компьютерін көңіл көтеру орталығы ретінде пайдаланыңыз.
Компьютеріңізді бұдан да қуатты көңіл көтеру орталығына айналдыру үшін, монитор, проектор,
теледидар немесе үндеткіштер мен құлақаспаптар сияқты жоғары ажыратымдылықты сыртқы
құрылғыларды жалғаңыз
.
Камераны пайдалану
Компьютердегі бір немесе бірнеше камера басқа пайдаланушылармен жұмыс істеу немесе ойын ойнау
мақсатымен байланысуға мүмкіндік береді. Камералар алдыңғы, артқы немесе қалқымалы болуы
мүмкін. Камералар туралы толық ақпаратты Компьютермен танысу (5-бет) бөлімінен қараңыз.
Камералардың көбісі чатты түсіру, бейнені жазу және фотосуреттерді жазу мүмкіндігін береді.
Кейбіреулері HD (жоғары ажыратымдылық) мүмкіндігін, ойын ойнауға арналған бағдарламаларды
немесе Windows Hello сияқты бет әлпетін тану бағдарламалық құралын ұсынады. Windows Hello
құралын пайдалану туралы толық ақпаратты Компьютер мен ақпаратты қорғау (43-бет) бөлімінен
қараңыз.
Камераны пайдалану үшін
Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағына камера сөзін жазып, одан кейін қолданбалар тізімінен
Камера тармағын таңдаңыз.
Дыбысты пайдалану
Компьютеріңізде немесе сыртқы оптикалық дискіні пайдаланатын таңдаулы өнімдерде музыка ықшам
дискілерін ойнатуға, музыканы жүктеуге және тыңдауға, вебтегі аудио мазмұнды (соның ішінде
радионы) тыңдауға, дыбыс жазуға немесе мультимедиа файлын жасау үшін дыбыс пен бейнені
біріктіруге болады. Тыңдау әсерін жақсарту үшін, үндеткіштер немесе құлақаспаптар сияқты сыртқы
дыбыс құрылғыларын жалғаңыз.
Үндеткіштерді қосу
Сымды үндеткіштерді компьютердегі немесе USB портына немесе компьютердегі не қондыру
тұғырындағы аудио шығыс (құлақаспап)/аудио кіріс (микрофон) біріктірілген ұясына жалғау арқылы
қосуға болады.
Сымсыз үндеткіштерді компьютерге қосу үшін, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз.
Компьютерге ажыратымдылығы жоғары үндеткіштерді қосу үшін, HDMI арқылы дыбысты реттеу үшін
(25-бет) бөлімін қараңыз. Үндеткіштерді жалғамас бұрын дыбыс қаттылығын төмендетіңіз.
22 4-тарау Көңіл көтеру мүмкіндіктерін пайдалану