User's Guide
Құлақаспаптарды қосу
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспаптар
немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс қаттылығын төмендетіңіз. Қосымша қауіпсіздік ақпаратын
Заңдық, қауіпсіздік және қоршаған орта ескертулерінен қараңыз.
Бұл құжатты ашу үшін:
▲ Пуск (Бастау) түймесін басып, Все программы (Барлық бағдарламалар), Справка и поддержка НР
(НР анықтамасы және қолдау), одан кейін Документация НР (НР құжаттары) тармақтарын
таңдаңыз.
Сымды құлақаспаптарды құлақаспап қосуға арналған ұяға немесе компьютердегі аудио шығыс
(құлақаспап)/аудио кіріс (микрофон) біріктірілген ұясына қосуға болады.
Компьютерге сымсыз құлақаспаптарды жалғау үшін, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз.
Микрофонды қосу
Дыбысты жазу үшін, микрофонды компьютердегі аудио шығысы (құлақаспап) ұясына/аудио кірісі
(микрофон) біріктірілген ұясына жалғаңыз. Жазу кезінде жақсы нәтиже алу үшін, микрофонға тікелей
сөйлеп, артқы шу жоқ параметрде дыбысты жазыңыз.
Гарнитураны қосу
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспаптар
немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс қаттылығын төмендетіңіз. Қосымша қауіпсіздік ақпаратын
Заңдық, қауіпсіздік және қоршаған орта ескертулерінен қараңыз.
Бұл құжатты ашу үшін:
▲ Пуск (Бастау) түймесін басып, Все программы (Барлық бағдарламалар), Справка и поддержка НР
(НР анықтамасы және қолдау), одан кейін Документация НР (НР құжаттары) тармақтарын
таңдаңыз.
Микрофонмен біріктірілген құлақаспаптар гарнитура деп аталады. Сымды құлақаспаптарды
компьютердегі аудио шығыс (құлақаспап)/аудио кіріс (микрофон) біріктірілген ұясына қосуға болады.
Компьютерге сымсыз гарнитураны жалғау үшін, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз.
Дыбыс параметрлерін пайдалану
Жүйе дыбыс деңгейін реттеу, жүйе дыбысын өзгерту не аудио құрылғыларды басқару үшін дыбыс
параметрлерін пайдаланыңыз.
Дыбыс параметрлерін қарау немесе өзгерту үшін:
▲
Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында панель управления (басқару тақтасы) деп теріп,
Панель управления (Басқару тақтасы) опциясын таңдаңыз, Аппаратное обеспечение и звук
(Аппараттық құрал және дыбыс) опциясын таңдап, Звук (Дыбыс) пәрменін таңдаңыз.
– немесе –
Пуск (Бастау) түймесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Панель управления (Бастау
тақтасы) пәрменін таңдап, Аппаратное обеспечение и звук (Аппараттық құралдар және дыбыс)
опциясын таңдап, Звук (Дыбыс) тармағын таңдаңыз.
Компьютеріңізде Bang & Olufsen, B&O Play, DTS, Beats audio немесе басқа провайдердің кеңейтілген
дыбыс жүйесі болуы мүмкін. Нәтижесінде компьютерде дыбыс жүйесіне тән дыбысты басқару
тақтасы арқылы басқарылатын кеңейтілген аудио мүмкіндіктері болуы мүмкін.
Дыбысты пайдалану 23