User's Guide

Дыбыстық параметрлерді көру және басқару үшін дыбыстың басқару панелін пайдаланыңыз.
Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында панель управления (басқару тақтасы) деп теріп,
Панель управления (Басқару тақтасы) опциясын таңдаңыз, Аппаратное обеспечение и звук
(Аппараттық құрал және дыбыс) опциясын таңдап, аудио жүйесіне тән дыбысты басқару панелін
таңдаңыз.
– немесе –
Пуск (Бастау) түймесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Панель управления (Басқару
тақтасы) пәрменін таңдап, Аппаратное обеспечение и звук (Аппараттық құралдар және дыбыс)
таңдап, аудио жүйесіне тән дыбысты басқару панелін таңдаңыз.
Бейнені пайдалану
Бұл компьютер таңдаулы веб-тораптардағы ойнатылатын бейнені көруге және желіге қосылмаған
компьютерден тамашалау үшін бейнелер мен фильмдерді жүктеп алуға мүмкіндік беретін қуатты
бейне құрылғысы болып табылады.
Көруге байланысты әрекеттеріңізді жақсарту мақсатында компьютерді сыртқы монитор, проектор
немесе теледидарға қосу үшін, бейне порттардың бірін пайдаланыңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Сыртқы құрылғының дұрыс кабель арқылы компьютердегі дұрыс ұяға қауіпсіз
түрде жалғанғандығына көз жеткізіңіз. Құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз.
Бейне мүмкіндіктерін пайдалану туралы ақпаратты алу үшін HP Support Assistant бөлімін қараңыз.
Видео құрылғыларын HDMI кабелі арқылы қосу
ЕСКЕРТПЕ: HDMI құрылғысын компьютерге жалғау үшін бөлек сатылатын HDMI кабелі қажет болады.
Компьютер экранындағы кескінді ажыратымдылығы жоғары теледидардан не компьютерден көру
үшін, ажыратымдылығы жоғары құрылғыны келесі нұсқауларға сәйкес жалғаңыз.
1. HDMI кабелінің бір ұшын компьютердегі HDMI портына жалғаңыз.
2. Кабельдің екінші ұшын ажыратымдылығы жоғары теледидарға немесе мониторға жалғаңыз.
3. Компьютер экранындағы кескінді 4 түрлі көрсету күйіне ауыстырып қосу үшін, f4 пернесін
басыңыз:
24 4-тарау Көңіл көтеру мүмкіндіктерін пайдалану