User's Guide

Үш саусақпен жүргізіп өту
Ашық терезелерді көру үшін және ашық тұрған терезелер мен жұмыс үстелі арасында ауысу үшін үш
саусақпен жүргізіп өту қимылын пайдаланыңыз.
Ашық тұрған барлық терезелерді көру үшін 3 саусағыңызды өзіңізден сырғытыңыз.
Жұмыс үстелін көрсету үшін 3 саусағыңызды өзіңізге қарай сырғытыңыз.
Ашық тұрған терезелер арасында ауысу үшін 3 саусағыңызды сол немесе оң жаққа сырғытыңыз.
Пернетақтаны және қосымша тінтуірді пайдалану
Пернетақта және қосымша тінтуір теруге, элементтерді таңдауға, айналдыруға және сенсорлы
экрандағы қимылдармен бірдей функцияларды орындауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар,
пернетақта арнайы функцияларды орындау мақсатымен әрекет пернелері мен жылдам пернелер
тіркесімдерін пайдалануға мүмкіндік береді.
ЕСКЕРТПЕ: Еліңізге/аймағыңызға байланысты, пернетақтаның пернелері мен пернетақта
функциялары осы бөлімде сипатталғаннан өзгешелеу болуы мүмкін.
Кірістірілген сандық пернетақтаны пайдалану
Компьютерде кірістірілген сандық пернетақта болады, сондай-ақ компьютермен қосымша сыртқы сан
пернетақтасын немесе сан пернетақтасы бар қосымша сыртқы пернетақтаны да қолдануға болады.
Кірістірілген сандық пернетақта туралы ақпаратты Пернелер (12-бет) бөлімінен қараңыз.
Бөлік
Сипаттама
num lock пернесі Кірістірілген сан пернетақтасының жұмысын басқарады. Сыртқы
пернетақтаның стандартты сан функциясы (бұл мүмкіндік
зауытта қосылған) мен жылжу функциясын (пернелердегі
Пернетақтаны және қосымша тінтуірді пайдалану 29