User's Guide

6 Қуат басқару
Бұл компьютер батарея қуатымен немесе сыртқы қуат көзіне қосу арқылы жұмыс істейді. Егер
компьютер батарея қуатымен жұмыс істейтін болса және батареяны зарядтау үшін оны АТ қуат көзіне
жалғау мүмкін болмаса, батарея зарядын бақылау және үнемдеу өте маңызды.
Ұйқылық режимді және күту күйін қосу және одан шығу
ЕСКЕРТУ: Компьютердің Ұйқы режимінде бірнеше осал тараптары бар. Компьютеріңіздегі
деректерді, сонымен қатар шифрланған деректерді рұқсатсыз пайдаланудың алдын алу үшін HP
компаниясы Ұйқы режимінің орнына Ұйқылық режимін пайдалануды ұсынады, сонда компьютер кез
келген уақытта физикалық ықпалыңыздан тыс болады. Бұл тәжірибе компьютеріңізді бірге алып
жүргенде өте маңызды.
Windows жүйесінде қуатты үнемдеуге арналған ұйқы және күту режимдері бар.
Ұйқылық режим – Ұйқылық режим әрекетсіз тұрғаннан кейін автоматты түрде қосылады.
Жұмысыңыз жадқа сақталып, жұмысыңызды әрі қарай жылдам жалғастыруға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, ұйқы күйін қолмен де қосуға болады. Қосымша ақпаратты Ұйқы күйін қолмен бастау
және шығу (31-бет) бөлімінен қараңыз.
Күту күйі – Күту күйі батарея өте төмен заряд деңгейіне жеткенде автоматты қосылады. Күту
күйінде жұмыс күту файлына сақталып, компьютер өшіріледі. Күту күйін қолмен де қосуға
болады. Қосымша ақпаратты Күту күйін қолмен бастау және шығу (тек таңдаулы өнімдерде)
(32-бет) бөлімінен қараңыз.
ЕСКЕРТУ: Аудио және видео файлдарын ойнатудың мүмкін нашарлауы, аудио немесе бейне ойнату
жұмысының жоғалуы немесе ақпараттың жоғалуы қаупін азайту үшін, дискіден не сыртқы медиа
картасынан оқу немесе оған жазу кезінде ұйқылық режимді немесе күту күйін қоспаңыз.
Ұйқы күйін қолмен бастау және шығу
Келесі жолдардың кез келгені арқылы ұйқы күйін бастауға болады:
Дисплейді жабыңыз.
Пуск (Бастау) түймешігін басып, Питание (Қуат) белгішесін, содан кейін Спящий режим (Ұйқылық
күй) тармағын таңдаңыз.
Келесі жолдардың кез келгені арқылы ұйқы күйінен шығуға болады:
Қуат түймешігін тез басып қалыңыз.
Егер компьютер сөніп тұрса, дисплейді көтеріңіз.
Пернетақтадағы пернені басыңыз.
Сенсорлық тақтаны түртіңіз.
Компьютер ұйқы режимінен шыққанда, жұмысыңыз экранға оралады.
ЕСКЕРТПЕ: Егер ұйқылық режимнен шыққан кезде құпия сөз сұралатын етіп орнатылған болса,
жұмысты жалғастыру үшін Windows құпия сөзіңізді енгізу қажет болады.
Ұйқылық режимді және күту күйін қосу және одан шығу 31