User's Guide

Күту күйін қолмен бастау және шығу (тек таңдаулы өнімдерде)
Пайдаланушы арқылы қосылатын күту күйін қосу және басқа қуат параметрлері мен күту үзілістерін
өзгерту үшін «Қуат параметрлері» пәрменін пайдаланыңыз.
1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында электропитание (қуат параметрлері) сөзін жазып,
одан кейін Электропитание (Қуат параметрлері) тармағын таңдаңыз.
– немесе –
Индикатор питания (Қуат көрсеткіші) белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып,
Электропитание (Қуат параметрлері) тармағын таңдаңыз.
2. Сол жақ тақтадан Укажите действие кнопки питания (Қуат түймешігінің әрекетін таңдаңыз)
сілтемесін нұқыңыз.
3. Изменение параметров, которые сейчас недоступны (Ағымдағы қол жеткізгісіз параметрлерді
өзгерту) пәрменін таңдаңыз және При нажатии кнопки питания (Қуат түймешігін басқан кезде)
аймағында Гибернацияүту режимі) пәрменін таңдаңыз.
– немесе –
Қуат мәзірінде Күту режимі опциясын көрсету үшін Параметры завершения работы (Жұмысты
аяқтау параметрлерінен) Гибернацияүту режимі) тармағын таңдаңыз.
4. Сохранить изменения (Өзгертулерді сақтау) параметрін таңдаңыз.
Күту күйінен шығу үшін:
Қуат түймешігін тез басып қалыңыз.
Компьютер күту режимінен шыққанда, жұмысыңыз экранға оралады.
ЕСКЕРТПЕ: Егер күту күйінен шыққан кезде құпия сөз сұралатын етіп орнатылған болса, жұмысты
жалғастыру үшін Windows құпия сөзіңізді енгізу қажет болады.
Оянған кезде (ұйқылық режимнен немесе күту күйінен шыққанда)
сұралатын құпия сөз қорғанысын орнату
Компьютер ұйқылық немесе күту күйінен шыққанда, компьютерде құпия сөз сұралуын орнату үшін,
осы қадамдарды орындаңыз:
1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында электропитание (қуат параметрлері) сөзін жазып,
одан кейін Электропитание (Қуат параметрлері) тармағын таңдаңыз.
– немесе –
Индикатор питания (Қуат көрсеткіші) белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып,
Электропитание (Қуат параметрлері) тармағын таңдаңыз.
2. Сол жақ тақтадан Запрашивать пароль при пробуждении (Оянғанда құпия сөз сұрау) тармағын
таңдаңыз.
3. Изменение параметров, недоступных в данный момент (Қазіргі уақытта қол жетімді емес
параметрлерді өзгерту) параметрін таңдаңыз.
4. Запрашивать пароль (рекомендуется) (Құпия сөз сұрау (ұсынылады)) параметрін таңдаңыз.
32 6-тарау Қуат басқару