User's Guide

болса, қолдау қызметімен хабарласыңыз. Батареяны пайдалану мерзімі аяқталғанда, оны жалпы үй
қалдықтарымен бірге қоқысқа тастамаңыз. Батареяны қоқысқа тастау кезінде, жергілікті заңдарды
және аймағыңызда қолданылатын ережелерді орындаңыз.
Батарея ақпаратын табу
Батарея туралы ақпаратқа қол жеткізу үшін:
1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында поддержка (қолдау) сөзін жазып, HP Support
Assistant
бағдарламасын таңдаңыз.
– немесе –
Тапсырмалар тақтасындағы сұрау белгісінің белгішесін басыңыз.
2. Мой ПК (Менің ДК), Диагностика и инструменты (Диагностика және құралдар) қойыншасын
таңдаңыз, одан кейін HP Battery Check бағдарламасын таңдаңыз. Егер батареяны ауыстыру
керектігі НР Battery Check (НР Батарея тексеру) бағдарламасы арқылы анықталған болса, НР
қолдау қызметімен хабарласыңыз.
HP Support Assistant бағдарламасы мына құралдармен және батарея туралы ақпаратпен қамтамасыз
етеді:
HP Battery Check
Батареяның түрлері, сипаттамалары, батареяның қызмет ету мерзімдері және сыйымдылығы
туралы ақпарат
Батарея қуатын үнемдеу
Батарея қуатын үнемдеу және батареяның қызмет ету мерзімін барынша ұзарту үшін келесі кеңестерді
орындаңыз:
Экранның жарықтығын төмендетіңіз.
Параметры электропитания (Қуат параметрлері) ішінен Power saver (Қуат үнемдегіші) параметрін
таңдаңыз.
Пайдаланбаған кезде сымсыз құрылғыларды өшіріңіз.
USB портына қосылған сыртқы қатты диск сияқты сыртқы қуат көзіне жалғанбаған
пайдаланылмайтын сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз.
Пайдаланбаған кез келген сыртқы мультимедиа карталарының жұмысын тоқтатыңыз, оларды
өшіріңіз немесе шығарып алыңыз.
Жұмысты тоқтатпас бұрын, ұйқылық күйді қосыңыз немесе компьютерді өшіріңіз.
Батарея зарядының төмен деңгейлерін анықтау
Компьютердің жалғыз қуат көзі болатын батарея заряды төмен батарея деңгейіне жеткенде, батарея
шамы жыпылықтайды.
Батарея шамы (тек таңдаулы өнімдерде) батарея зарядының төмен немесе тым төмен деңгейін
көрсетеді.
– немесе –
Қуат көрсеткішінің белгішесі төмен немесе өте төмен заряд деңгейі туралы хабарландыру
береді.
34 6-тарау Қуат басқару