User's Guide
Бөлік Сипаттама
(9) Оптикалық дискіні шығару түймесі (тек
таңдаулы өнімдерде)
Оптикалық диск салғышты шығарады.
(10) Аудио шығыс (гарнитура) ұясы/Аудио кіріс
(микрофон) біріккен ұясы
Токқа қосылатын қосымша стерео үндеткіштер,
құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспаптар, гарнитура
немесе теледидар дыбыс кабелі қосылады. Сонымен қатар,
қосымша гарнитура микрофонын қосады. Бұл ұяшық
қосымша автономды микрофонды қолдамайды.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін,
құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспап немесе
гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз.
Қосымша қауіпсіздік ақпаратын алу үшін, Заңды, қауіпсіздік
және қоршаған орта ескертпелерін қараңыз.
Бұл нұсқаулықты пайдалану үшін:
1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында
поддержка (қолдау) сөзін жазып, HP Support Assistant
бағдарламасын таңдаңыз.
– немесе –
Тапсырмалар тақтасындағы сұрау белгісінің белгішесін
басыңыз.
2. Мой ПК (Менің ДК) опциясын, Спецификации
(Сипаттамалар) қойыншасын, Руководства
пользователя (Пайдаланушы нұсқаулықтары)
опциясын таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Құрылғы ұяға қосылған кезде, компьютер
үндеткіштері ажыратылады.
(11) USB 2.0 порттары (2) Пернетақта, тінтуір, сыртқы диск, принтер, сканер немесе
USB хабі сияқты қосымша USB құрылғысы жалғанады.
(12) Қауіпсіздік кабелінің ұясы Қосымша қауіпсіздік кабелін компьютерге жалғайды.
ЕСКЕРТПЕ: Қауіпсіздік кабелі сақтандырғыш құрал ретінде
әрекет ету үшін жасалған, бірақ ол компьютерге күтімсіз
қараудан немесе оны ұрланудан қорғай алмауы мүмкін.
Сол жағы
ЕСКЕРТПЕ: Компьютерге ұқсас суретті қараңыз.
Сол жағы 7