User's Guide

Бөлік Сипаттама
(1) Қауіпсіздік кабелінің ұясы Қосымша қауіпсіздік кабелін компьютерге жалғайды.
ЕСКЕРТПЕ: Қауіпсіздік кабелі сақтандырғыш құрал ретінде
әрекет ету үшін жасалған, бірақ ол компьютерге күтімсіз
қараудан немесе оны ұрланудан қорғай алмауы мүмкін.
(2) Желдеткіш тесік Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қосады.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді
салқындату үшін және қызып кетуден қорғау үшін
автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында
желдеткіштің біресе қосылып, біресе өшіп отыруы –
қалыпты жағдай.
(3) USB 2.0 зарядтау порты Пернетақта, тінтуір, сыртқы диск, принтер, сканер немесе
USB хабі сияқты қосымша USB құрылғысын жалғайды және
ұялы телефондар, ноутбуктер және MP3 ойнатқыштары
сияқты өнімдерін зарядтайды.
(4) Аудио шығыс (гарнитура) ұясы/Аудио кіріс
(микрофон) біріккен ұясы
Токқа қосылатын қосымша стерео үндеткіштер,
құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспаптар, гарнитура
немесе теледидар дыбыс кабелі қосылады. Сонымен қатар,
қосымша гарнитура микрофонын қосады. Бұл ұяшық
қосымша автономды микрофонды қолдамайды.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін,
құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспап немесе
гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз.
Қосымша қауіпсіздік ақпаратын алу үшін, Заңды, қауіпсіздік
және қоршаған орта ескертпелерін қараңыз.
Бұл нұсқаулықты пайдалану үшін:
1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында
поддержка (қолдау) сөзін жазып, HP Support Assistant
бағдарламасын таңдаңыз.
– немесе –
Тапсырмалар тақтасындағы сұрау белгісінің белгішесін
басыңыз.
2. Мой ПК (Менің ДК) опциясын, Спецификации
(Сипаттамалар) қойыншасын, Руководства
пользователя (Пайдаланушы нұсқаулықтары)
опциясын таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Құрылғы ұяға қосылған кезде, компьютер
үндеткіштері ажыратылады.
(5) Жад картасын оқу құрылғысы Ақпарат сақталатын, басқарылатын, ортақ пайдаланылатын
немесе ашылатын қосымша жад карталарын оқиды.
(6) Диск шамы
Ақ түсте жыпылықтау: Қатты диск пайдаланылуда.
Сары: HP 3D DriveGuard қызметі қатты дискті уақытша
өшіріп қояды.
ЕСКЕРТПЕ: HP 3D DriveGuard қызметі туралы ақпаратты HP
3D DriveGuard бағдарламасын (тек таңдаулы өнімдерде)
пайдалану (57-бет) бөлімінен қараңыз.
(7) Қуат қосқышы Айнымалы ток адаптеріне қосылады.
8 2-тарау Құрамдас бөліктер